12-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
Ресейдегі саяси ойлардың дамуы
тирандықты табиғи, салт-дәстүрлік және жағымды
заңдарды бұзатын билік түрі деп сипаттаған.
Басқару түрін талқылай отырып, Н.М. Карамзин
монархия кезінде республикашыл болып қала беру мүм-
кін екендігін қоса отырып, өзін нағыз республикашыл
екендігін ерекше атап өткен. Мемелекеттік және қоғам-
дық өмірді ұйымдастыру ретінде республика түсінігінің
өзі ол үшін қоғамның жоғары салт-дәстүрлік дәрежесін
сақтай отырып, барлық азаматтардың бостандық пен
қауіпсіздікке қол жеткізуін білдірді. Адам өнегелігінің
нақты деңгейі, олардың саяси сауаттылығының деңгейі
кез-келген мемлекеттің қандай басқару түріне дайын
екендігін анықтайтын көрсеткіштер болып табылады
дейді. Мысалы, республиканы армандаған Франция оған
дайын болмады және нәтижесінде Бонапартқа бағынды,
ал ол Н. Карамзиннің ойынша, билік жаулап алушы емес,
керісінше, «игілікті саясат» жүргізген, нағыз монархияны
әкелуші болып табылады.
Н.М. Карамзин өзінің құқықтық түсінігінде табиғи-
құқықтық теорияны ұстанған, себебі салт-дәстүрлі мем-
лекетте азаматтық заңдар түгелімен табиғи заңдарға
сәйкес болуы қажет деп көрсетеді.
Тарихшы заң шығарушылардың жұмысының жа-
уапкершілігін ерекше атап көрсетті, себебі ол жаңа заң
жобасын жасаған уақытта «барлық заттарды бір жақты
емес, жан-жақты қарастыру қажет, әйтпесе бір зұлымды
кесе отырып, ол одан да көп зұлым жасауы мүмкін» дейді.
Ол сонымен қатар инкорпоративті және кодификациялық
жұмыс жүргізу арқылы барлық ресейлік заңдарды
қазіргі заманға сәйкес қарастыру қажеттілігі туғанын
айтқан. Карамзин заңдардың барлық жүйеленген және
түсініктемелермен қамтылған заңдар жинағының басы-
лымын көргісі келді. Мұндай жұмыстарды жүргізу
қажеттілігі бұрында туған, себебі, көптеген заңдар
92
Саяси ілімдер тарихы
ескіріп, тіпті, зиянды болып кетті, сондықтан олардың
кейбіреулерін, «әсіресе, қылмыстық, қатал және варварлы
заңдарды түзету...».
«Жазба» авторы заңдарға қарағанда, көбінесе, ха-
лықтық ағартушылық және өнегелі тәртібін таратуға
сүйенген. Бірақ оның көзқарастары тиянақсыздығымен
ерекшеленеді. Сонымен, бір жағынан, ол ағартушылық-
ты, мемлекетте саяси және тарихи білімдерді таратудың
жақтаушысы болса, екінші жақтан, батыс еуропалық
мемлекеттерде қабылданған ағартушылық жүйесін сынға
алып, оны практикалық әрекеттен алыс және шамадан тыс
теориялық деп санаған.
Н. Карамзин қоғамның сословиелік ұйымдарына
да көп көңіл бөлді. Ол бұл ұйымдардың құрылымында
мыналарды бөліп көрсетті:
1. дін басылар;
2. ақсүйектер;
3. көпестер;
4. шаруалар т. б.
Ол ақсүйектерді ерекше артықшылықтарды пайда-
ланатын, құрметпен, молшылықпен қамтамасыз етілген
тап ретінде қарастырған. Ақсүйектер әскерде және мем-
лекеттік қызметте жоғары орындарды иеленуі қажет,
бірақ соған қарамастан, Н. Карамзин төменгі таптардың
мүмкіншіліктері мен «ерекше білімі» болса, онда шен-
дер мен атақтарға «жолдарды жабуға» болмайды деп
көрсетеді.
Дінбасылар – «оқытатын тап», осы себептен де олар-
дың жоғары өнегелі әлеуеті және білім беретін деңгейі
болу қажет. Оларды арнайы оқу орындарында оқытып,
жеткілікті қамтамасыз ету қажет дейді.
Ресейдің негізгі табы ретінде шаруалардың жағдайын
және шаруалардың дамуының болашағын анықтауда
Н. Карамзиннің пікірі қарама-қайшы. Табиғи-құқықтық
93
12-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
Ресейдегі саяси ойлардың дамуы
концепцияның жақтаушысы бола отырып, Н. Карамзин
әрбір бостандыққа деген адамның тартып алынбайтын
табиғи құқығын мойындаған. Б. Годуновтың ерікті шар-
уаларға үстемдікті беріп қойғаны дұрыс болмады, олар
бостандық алғанымен, жерлері жоқ, олар сол жерлерді
қамтамасыз ете алмайды, сондықтан олар бұрынғы
жерлерде қалып, жұмыс істеуге тура келеді. Міне, осы
себепті «олардың өмірлерінде ешнәрсе өзгермейді»
деп көрсетеді. Сонымен қатар, бекіністерге тыйым салу
белгілі тәртіпсіздіктерге әкелуі мүмкін немесе шаруалар
бостандық алған соң, өздеріне жаңа басқа иелер іздеуі
мүмкін, нәтижесінде егіс далалар толығымен түптеліп
аяқталмай қалады да, ең алдымен осыдан қазына азап
шегеді. Сонымен қатар, шаруалар жүгеннен босатылған
соң, «арақ ішіп, зұлымдық жасауды» бастайды. Монарх
мемлекеттегі тәртіпті сақтау үшін, «тақ тірегі және мемле-
кетте тыныштық пен тәртіп сақтаушылары» ақсүйектерге
сенім артады, ал егер қалыптасқан жағдайды шайқалтып
жіберсе, мемлекет жойылып кетуі мүмкін дейді.
Н.М. Карамзин сыртқы саяси қатынастарда бейбіт-
шіл бағытты ұстанды. Мәскеу патшасының саяси жүйесі
халықтың бір ғана берекесін мақсат ете отырып, өзінің
даналығымен таң қалдырды. Олар қажет болғанда ғана
соғысқан, әр қашанда бейбітшілікке дайындар Ресейді
көтеріп, иемдену емес, ал сақтауды аңсай отырып, бұрыс
немесе қауіпті жаулап алушылықтарды құмартпады.
Н.Карамзин қазіргі заманға сәйкес әскер құру кезінде
оның санын азайту, әскери ауылдарды жою сияқты өзге-
рістердің қажеттілігін қарастырған.
«Жазба» ІІ Александрға өте үлкен әсер қалдырды,
себебі, ол шындықтың маңыздысын және бүкіл мемле-
кеттік аппаратты өзгерту талаптарын қамтыған.
Батыс жорығынан кейін ресей қоғамында патша би-
лігін шектеу идеясы біртіндеп тарала бастады. Қоғамда
94
Саяси ілімдер тарихы
либералдық пиғылдағы әр түрлі жасырын саяси ұйымдар
пайда болды. Патша Үкіметі өз тыңшылары арқылы ел-
дегі саяси тұрақтылыққа сызат түсірді. Елдегі саясатқа
деген наразылық әсіресе жоғарғы топта күшейе түсті.
«Орыс серілер ордені» (1815), «Құтқару одағы»
(1818), «Береке одағы» (1818) және соңғысының құлауы
нәтижесінде Солтүстік және Оңтүстік қоғамдарын бірік-
тірген оппозициялық ұйымдардың пайда болуына әсер
етті.
П.И. Пестель (1793–1826 жж.) Мәскеуде ірі шенеунік
отбасында дүниеге келген. П. Пестель үй білімін алған,
содан соң оны Германияда жалғастырған, ал Ресейге
қайтып оралған соң, Пажес корпусын бірінші оқушы
болып аяқтады. 1812 жылы Отан соғысына қатысып, көп-
теген батыл әрекеттер көрсетіп, үкімет тарапынан атаулы
алтын қарумен марапатталды. 1821 жылы полковник
шенін алған соң, оның алдынан жарқын әскери қызмет
жолы ашылды. Бірақ П. Пестель басқа өмір жолын таң-
дады. Қоғамды және мемлекетті өзгерту мақсатында ол
құпия одақтарға кіріп, нәтижесінде «Оңтүстік» қоғамының
ұйымдастырушысы және басшысы болып, келесі әрекет-
тің теориялық бағдарламасы ретінде «Русская Правдасын»
құрады. «Русская Правда», П. Пестельдің пікірінше, елдегі
конституцияны алмастыру керек болды.
1825 жылғы 14 желтоқсанда Санкт-Петербургтің Сенат
алаңында болған көтеріліс құпия қоғам әрекетінің нәти-
жесі болды, оны тұншықтырып басқан соң, П. Пестель
«дәрежеден тыс» сотталып, өлім жазасына кесілді.
П. Пестель өзінің философиялық көзқарастары
бойынша материалист және атеист болған. Өзінің әлеу-
меттік көзқарастары барлық адамдардың табиғи құқық-
тары туралы және еңбек бөлінісі негізінде қажеттіліктер-
ді қанағаттандыру үшін қоғамдық өмірге өзара талпы-
ныс туралы жағдайлардан шыққан. Ол мемлекетті қо-
95
12-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
Ресейдегі саяси ойлардың дамуы
ғамды заңды тәртіпке әкелуші ретінде анықтай отырып,
қоғамдық және мемлекеттік құрылымды бөліп қарас-
тырған. Соңғысы адамның бағынышты және басқару-
шыларға табиғи бөлінісінің нәтижесінде пайда болған.
Үкімет «жалпының әрекетін басқаруға және барлығы
мен әрбіреуіне Береке беру үшін күшті әдістерді таңдау-
ға міндетті. Халық үкіметтен жалпы және жеке Береке-
сіне қол жеткізуді талап етуге құқылы» деген болатын.
Мемлекет үкімет пен халықтың өзара құқықтар мен мін-
деттердің тепе-теңдігі болған жағдайда ғана өмір сүре
алады, ал егер осындай тепе-теңдік жоғалса, онда «мем-
лекет күштеу және ауру халге душар болды» деп көрсет-
кен. Сондықтан осы тепе-теңдікті ұстап тұра алатын заң-
дар құру қажет. «Мемлекеттік құрылымның мақсаты –
барлығы мен әр-біреуінің Берекесі» және оған тек заңдар
негізінде қол жеткізуге болады дейді.
П. Пестель барлық заңдарды үшке бөлген: рухани,
табиғи және азаматтық. Рухани заңдар қасиетті жазулар
арқылы танымал: олар «рухани әлемді табиғимен, өткінші
өмірді мәңгі өмірмен байланыстырады». Табиғи заңдар
табиғат талаптарынан және табиғи қажеттіліктерден
туындайды және олар «біздің жүректерімізде терең сақ-
талған. Әр адам оған бағынышты және ешкім оны жоя
алмайды». Мемлекеттік заңдар өз алдына қоғамдық
Берекені мақсат етіп қоятын мемлекеттік бекітулерді
білдіреді және сондықтан да олар табиғи және рухани
заңдармен сәйкес шығарылуы қажет. Мұндай сәйкестік
олардың ақиқат екендігінің сөзсіз шарты болып табылады
дейді.
Қоғам мүдделерінің басымдылығы мемлекеттік
заңдардың мазмұнын анықтайтын басқа бір шарт болып
табылады. Себебі, тұтастың пайдасы әрқашанда бөліктің
пайдасынан жоғары болады. Азаматтық заңдар жеке
тұлғалардың мүдделері бүкіл қоғамның мүдделеріне
96
Саяси ілімдер тарихы
қарама-қайшы келмейтіндей етіп құрылады. Егер үкімет
әрекеттері жеке тұлғалардың әрекеттеріне тең болып,
«тек осындай міндетті заңдарға негізделсе, онда Берекені
пайдалану барлығы үшін мүмкін болар еді». Әділетті
құрылған әрбір қоғам қоғамның жеке қасиеттеріне емес,
заңдардың билігіне бағынышты болуға міндетті деп
көрсетеді.
П. Пестель жеке мемлекеттер мен халықтың «байыр-
ғы заңдардағы» нақты айырмашылықтарын қарастырған,
бірақ Монтескьеден өзгеше, ол бұл айырмашылықтарды
тек географиялық орта және климаттық жағдайлармен
ғана байланыстырған жоқ, сонымен қатар, кез-келген мем-
лекетте қалыптасқан әлеуметтік және саяси мекемелер-
мен, институттармен де байланыстырған.
П. Пестельдің әлеуметтік бағдарламасы радикалды
бағытта болған. Ол шаруаларға ақысыз жер бөліп беру-
ді талап етеді. Табиғи құқық бойынша, жер барлық
адамдарың мүлкі болып табылады, соған сәйкес жер
– «адамзат тамағының» басты қайнары болғандықтан,
әр адам өзінің үлесін алуы қажет. Бірақ қазіргі заңдарға
сәйкес жеке меншік қалыптасады және жеке меншік
құқығы адамдар санасында терең тамырын жайған, тіпті,
оны бүкілдей сындыру мүмкін емес, соған қарамастан
бұл екі дамуды біріктірудің және олардың арасындағы
қарама-қайшылықты шешетін жолдарды табу қажет.
П.Пестельдің жоспары жеке меншікті жоюға емес, ал
барлық ресейліктерді меншік иелеріне айналдыруға
негізделген.
Бүкіл жерді ол екіге бөлді: болыстық (қоғамдық) және
жеке. Біріншісі қоғамдық меншікті білдірсе, ал екіншісі
– жеке меншікті білдіреді. Болыстық жерге қол сұғуға
болмайды және ол болыс мүшелеріне үлестіріліп беретін
жер телімдеріне бөлінеді. Қандай да болсын бір шаруа
басқа жерге орын ауыстырған жағдайда, ол жер болыс
97
12-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
Ресейдегі саяси ойлардың дамуы
қарауына беріліп, айналымға қатыспайды. Болыстың
бұрынғы мүшелері қайтып оралған кезде, оған болыстық
фондтан тамақтануға қажет жер беріледі.
П. Пестель жеке меншік құқығын «қасиетті және қол
сұғылмайтын» деп атайды. Ол адамның мүмкіншілік пен
бұлшық ет күшінің табиғи теңсіздігі болған жағдайда,
қоғамда байлар мен кедейлерге бөліну сақталады, бірақ
соған қарамастан, «әрбір ресейлік қажетінше қамтамасыз
етіледі және ешкімнің тәуелдігіне түспейді» деп есептеген.
П. Пестель мемлекеттің жоғары билігін ұйымдасты-
руда жоғары заң шығарушы билік пен басқаруды (атқа-
рушы билікті) бөліп қарастырды. Жоғары билік халық-
тық вечеге берілсе, атқарушы – Державалық думаға, ал
олардың қызметін бақылау – қорғаушы билікті өз қолына
шоғырландырған жоғарғы жиылысқа беріледі.
Жеке қызмет атқаратындардан басқа 25 жасқа жеткен
барлық ерлер сайлау құқығына ие.
Халықтық вече – жыл сайын 1/5 бөлігін қайта сайлап
отырған, бес жылға сайланып отыратын бір палаталы
ұйым, сонымен қатар «сол біреу қайта сайлануы мүмкін».
Вече біртұтас және ол бөлінбейді, барлық заң шығару-
шы билік сонда шоғырланған. Ол соғыс жариялап,
бейбітшілікті бекітеді, сонымен қатар «ардақты (негізгі)»
және т.б. заңдарды қабылдайды. «Ешкім халықтық вечені
таратып жібере алмайды. Ол мемлекеттегі ерікті, халық-
тың жан дүниесін білдіреді» деп көрсетеді.
Атқарушы билік – Державалық дума – бес жылға
сайланатын бес адамнан тұрады, олардың біреуі бір
жылға президент болып сайланады. Державалық дума
– ең жоғарғы атқарушы билік, ол «соғысты жүргізіп,
келіссөздер өткізеді, бірақ соғысты жарияламайды және
бітім жасамайды. Барлық министрліктер мен барлық
басқаратын орындар Державалық думаның ведомствола-
ры мен басшылығының астында болды» дейді.
98
Саяси ілімдер тарихы
Сақтаушы билік – жоғарғы жиылыс – бояр деп аталатын
120 адамнан тұрады. Олар өмір бойына тағайындалады
және заң шығарушы да, атқарушы билікке де қатыспай-
ды. Кандидаттарды губерниялар тағайындайды, ал халық-
тық вече «шығып кеткен жерлерді» солармен толтырады.
Әр заң жоғарғы жиылыстың бекітуіне жіберіледі, бірақ
бұл оның қарауына кірмейді, ол тек барлық қажетті жағ-
дайлардың сақталуын тексеріп отырады және жоғарғы
жиылыс заңдарды бекіткен жағдайда ғана заңды күшіне
енеді.
Жиылыс маңызды бақылау функцияларын атқарған-
дықтан, өзінің мүшелерінен бір-бір адамнан әр министр-
лікке және әр облысқа тағайындайды. Армияның жоғарғы
қолбасшысында жоғарғы жиылыс тағайындайды және
армия мемлекеттің шекарасынан тыс аттанған уақытта
жоғарғы жиылыс армияға басшылықты өз қолына алады,
міне, осылайша «жоғарғы жиылыс Халықтық вечені және
Державалық думаны заң шеңберінде ұстап тұрады».
Жиылыс кез-келген деңгейдегі шенеунікті асыра сілтегені
үшін сотқа беруге құқығы бар деп көрсетеді.
Заң шығарушы және атқарушы биліктің әрекеттерін,
мемлекеттік құрылымды Конституция анықтайды.
П.Пестель конституцияны мемлекеттік өсиет деп атайды.
П. Пестельдің жобаларында Ресей «бүкіл кеңістігі
10 облысқа және 3 енші нәрсеге» бөлінген федерация ре-
тінде берілген. Өз кезегінде әр облыс бес губерния немесе
округтен, губерниялар уездерден, ал уездер болыстардан
тұрады. Биліктің жергілікті органдары орталық үлгісі
бойынша құрылған дейді.
П. Пестельдің Ресей территориясын қамтыған әр түрлі
ұлттардың жағдайын анықтау туралы пікірлері қызықты.
«Бүкіл ресейлік халық бір тапты – азаматтықты құрайды;
қазіргі барлық таптар жойылып, бір тапқа – азаматтыққа
бірігеді. Ресей мемлекетін құрап тұрған әр түрлі барлық
99
12-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
Ресейдегі саяси ойлардың дамуы
тайпалар орыс деп мойындалады және өзінің әр түрлі
атауларын тастап, біртұтас орыс халқын құрайды» деген
болатын.
Ресейде орналасқан барлық халықтың құқықтары
тең, бірақ қолайлылық мақсатында барлық халықтардан
бірыңғай орыс халқын құру қажет деп есептейді. Мұндай
құрылымда Ресей «жалғыздықты, біркелкілікті және
бірпікірлілікті» білдіреді.
П. Пестель орыс мемлекетінің астанасын Ресейдің гео-
графиялық орталығы және орыс еркінің бесігі деп қарас-
тырған Нижний Новгородқа ауыстыруды ұсынды.
Таптық артықшылықтар, титулдар және атақтар жо-
йылады және барлығы ресей азаматтары деп мойын-
далады дегенді ұсынған. Жұмыс түрін анықтағанда және
қызметтерді ұсынған уақытта «барлық таптарда» табылуы
мүмкін азаматтардың жеке мүмкіншіліктері ескеріледі
дейді.
П.И. Пестель республика жобасын құрды, бірақ оны
жүзеге асыру ұзақ мерзімге енгізілген революциялық
диктатураға байланысты. Қатаң заңдылықты жақтай оты-
рып, ол өзінің әрекеттерінде заңмен мүлде сәйкес кел-
мейтін революциялық диктатураның орнауын қолдаған.
Н. Муравьев (1796–1843 жж.) ірі жер иеленуші арис-
тократияға жататын отбасында дүниеге келген. Әке-
сінің басшылығымен үй білімін алған. Университеттің
математика факультетінде оқып, оны аяқтамай, 1812 жы-
лы әскерге өз еркімен кетеді.
Н. Муравьев өзінің саяси және әлеуметтік бағдарлама-
сын конституциялық үш жобада көрсеткен, оның соңғы-
сы түрмелік деп аталады, себебі, ол қылмыстық биліктің
талаптары бойынша жазылған және жобаның ішіндегі
ең радикалдысы болып табылады. Н.Муравьев АҚШ-тың
конституциясын және Францияның декларациясы мен
конституциясын жақсы білген.
100
Саяси ілімдер тарихы
Н.М. Муравьев Ресей үшін билік бөлінісі қағидатта-
рына негізделген конституциялық монархияны ең тиім-
ді басқару түрі деп есептеген. Ол мемлекетте жоғары
биліктің өзара бақылауы үшін қажетті кепілдіктерді
қалыптастырады.
Заң шығарушы билік «екі палатадан, яғни жоғарғы
Дума және Өкілдер палатасынан тұратын» халықтық
вечеге берілген. Кәмелет жасқа толған, жылжымалы және
жылжымайтын мүлкі бар тұрғындардың барлығының (тек
жеке қызметтегі тұлғалардан басқа) сайлау құқығы бар.
Жоғарғы дума алты жылдық мерзімге сайланады
және екі жыл сайын оның бүкіл санының 1/3 бөлігі, яғни
45 мүшесі жаңарып отырады. Думаның мүшесі 30 жастан
асқан күмістей 6000 рубльден асатын жылжымалы және
жылжымайтын мүлкі болу керек деп есептеген.
Өкілдер палатасы 450 мүшеден тұрады және екі жыл-
ға сайланады.
Монарх атқарушы биліктің басшысы ретінде заң шы-
ғарушы биліктің қызметін атқаруға, заңдарды өзгерту
мен тыйым салуға еш құқығы жоқ, бірақ оның өкілеттігі
маңызды болып табылады: ол жоғарғы атқарушы билік-
ке ие, барлық құрлық және теңіз күштерінің бас қолбас-
шысы болып табылады, министрлерді және армиялар
мен флоттың жоғарғы бас қолбасшыларын тағайын-
дайды және қызметтен босатады, шетел державаларымен
келіссөздер жүргізеді және елшілерді тағайындайды.
Монарх екі палатаны да шақыруға және палаталардың
отырыстарының уақытын тек екі айға ғана кейін шегеруге
құқылы.
Облыстық (державалық) басқару екі палатадан тұрады:
облыстық (державалық) дума және сайланғандар палатасы.
Палаталардың міндеттері Конституциямен анықта-
лады. Облыстық держава тәуелсіз бірлік емес, оның өзі-
нің жеке конституциясы жоқ, ол сыртқы байланыстарды
101
12-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
Ресейдегі саяси ойлардың дамуы
жүргізбейді, ақша соқпайды және т. б., бірақ оның жер-
гілікті шаруашылық, әкімшілік және қаржылық мәселе-
лерді шешу бойынша өкілеттері бар.
Н. Муравьевтың конституциясы сонымен қатар
жергілікті басқаруды сайлау негізінде ұйымдастыруды
қарастырады. Бұл басқаруларға «шаруашылық және
әкімшілік билік беріледі».
Сот билігі әкімшілік биліктен бөлінген және орта-
лықтанған, сот органдарының біршама күрделі жүйесі
арқылы жүзеге асады. Уездерде намыс соты қызмет етеді.
Сайлаушылардың сенімін артқан және екі мың рубль
күміс цензы бар уездің кез-келген тұрақты тұрғыны
мұндай сотта судья бола алады. Намыс судьясының
қызметі ауыстырылмайды және ол бұл қызметті басқа
міндеттермен бірге жетпіс жасқа дейін атқара алады.
Уезде ешкім де намыс судьясының бекітуінсіз күзетке
алынбайды. Бұл судьялар азаматтық дау-шараларды және
ұсақ қылмыстық істерді қарастырады және аз мерзімге
қамауға алуға және үш күндік жалақы көлемінде айыппұл
төлетуге құқығы бар. Сот процесі ашық түрде жүреді.
Сот жүйесінің келесі қатары – облыстық сот, оның
құрамын облыстық палаталар жылына кірісі үш мың
рубль күмістен асатын тұлғалар құрайды. Олар да ауыс-
тырылмайды және өзінің қызметін жетпіс жасқа дейін
атқарады. Бұл сотта қосымша бақылаушылар болады.
Жоғарғы сот өзінің ортасынан жыл сайын сот мүше-
лері сайлайтын төраға басшылығымен өтеді. Жоғарғы
сот өзінің саласындағы қызметті шешеді, сонымен қатар,
император мен екі палатаға төрт жылда бір рет түсінік-
темелермен, бағаларымен және конституцияға қатысты
басқа қарама-қайшылықтарды анықтаумен шыққан
барлық заңдар мен бекітулерге қатысты, сонымен қатар,
бүкіл заң шығаруға қатысты өзінің қорытындыларын
ұсынады. Жоғарғы судьяның қызметіне қатысты арыздар
102
Саяси ілімдер тарихы
жоғарғы сотқа, сонымен қатар өкілдер палатасына
жазылады.
ХIХ ғасыр Ресей қоғамында ең үлкен саяси оқиғамен
тарихта қалды. Патша жарлығымен 1861 жылы Ресейде
крепостниктік құқық жойылды. Бұл саяси оқиға орыс
қоғамы үшін үлкен прогрессивті мәні бар саяси реформа
болды. Бұл тарихи-саяси оқиға Ресейдің беделін Батыс
елдері арасында бір көтеріп тастады. Крепостниктік
құқықтың жойылуы елдің ішінде де кең қолдау тапты.
Қоғамда жаңадан қалыптасып келе жатқан буржуазия
өкілдері үшін бұл өте қолайлы сәт болды, өйткені өндірісті
дамыту үшін қоғамда ерікті, басы бос жұмысшы табы
болмаған еді.
Саяси және экономикалық бостандыққа қолы жеткен
қолөнершілер мен шаруалар қоғамда жаңа әлеуметтік
тап – жұмысшылардың пайда болуына әкеліп соқты.
Бірақ бас бостандығын алған шаруалар жерсіз, мүліксіз өз
жағдайларын түзей алмады. Елде люмпен шаруалар мен
люмпен жұмысшылар қатары көбейді. Бұл өз кезегінде
орыс қоғамындағы алдыңғы қатарлы либералистік
бағыттағы демократ тұлғалардың ашу ызасын туғызды.
Енді олар патша билігін шектеу, халықты әлеуметтік
жағынан қорғау туралы, келешекте Ресей мемлекеті қай
бағытта дамиды деген ойлар қозғай бастады.
30-40 жылдарда шетелдерде ақсүйектер интеллиген-
циясының ортасында славянофилдер мен батысшылдар-
дың шартты атаулары мен қоғамдық және саяси ойдың
екі ағымы қалыптасты. Олар орыс ағартушылары мен
реформаторларының күшті дәстүрінде Ресейдің тарихи
сот мәселесін, оның басқа халықтар арасындағы орны мен
рөлін, Еуропа мен Шығыс халықтарының тәжірибесімен
тарихи салыстыра отырып, оның саяси және құқықтық
тәжірибесінің ерекшеліктерін талқылаған.
Ресейдің өткен және қазіргі заман тәжірибесін
бағалау кезінде славянофилдер бірқатар жаңа ойлар мен
103
Достарыңызбен бөлісу: |