11-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
Батыс Еуропадағы саяси ілімдер тарихы
79
мәні жоғары билікті азаматтардың ұжымдық түрде іске
асыруында болды. Оған қоса антикалық еркіндікте жеке
тұлға толықтай қоғамдық билікке бағынды және жеке
тұлғалық тәуелсіздікті көрсетуге кеңістік өте тар еді. Ал
жаңа еуропалық азаматтың еркіндігі – жеке тәуелсіздік,
дербестік, қауіпсіздік, мемлекетті басқаруға ықпал етуге
құқықтылық. Ал еркіндіктің бұл типінде жеке тұлғаның
мемлекетті басқару ісіне қатысуы міндетті емес деп
көрсетеді.
Б.Констан жеке тұлғалық еркіндікті практикалық-
саяси мәнде қарастырғанның өзінде де адамның мате-
риалдық және рухани автономиясы, оның заңмен қорға-
луы бірінші орындағы мәселе болып қалады. Оның ойын-
ша, бұл құндылықтарға мемлекеттің мақсаты мен құры-
лымы да тәуелді болуы тиіс. Егер мемлекеттік биліктің
институттары жеке тұлғалық еркіндікке, адам құқығы-
ның бұзылмауына негізделсе, ал мемлекеттің өзі түрлі
адамдардың ұжымдарын біріктірген саяси бүтіндік ретін-
де қызмет етсе, онда мұндай саяси өмірді қалыпты деп
бағалауға болады. Осы ойдың аясында, Б. Констан қуатты
халықтық егемендіктің қажеттілігі туралы Ж.Ж.Руссоның
тезисіне ірі өзгеріс енгізеді. «Жеке тұлға мен оның тәуелсіз
өмірі басталған жерде, мемлекеттік шекара бітеді», – деді
ол. Билікке мұндай шектеу мен бақылау орнату қоғам-
ның саяси-институционалдық құрылымының қағидатына
айналады.
Алайда, Б. Констан мемлекеттің әлсіз болуын қалай-
тын либералдарға мүлдем жатпайды. Ол өзге моделді
қалайды: билік институттарының әлеуметтік қажеттілігін,
олардың құзыретінің шекарасын дәл анықтау. «Билік өз
саласының шегінен шықпауы тиіс, ал өз саласында ол
шексіз болуы тиіс» деген қағидатымен құрылған мемлекет
әлсіз болуы мүмкін емес. Пассивті әрі әлжуаз мемлекет
ешқашан да Б. Констанның саяси идеалы болмаған.
Саяси ілімдер тарихы
80
«Король ешбір билік түрінің басқалардан үстем
болғанын қаламайды, керісінше, олардың бірін-бірі қол-
дап, келісім және гармонияда жұмыс істеуіне мүдделі»
деп көрсеткен. Сөз бостандығына негізделген, қоғамдық
пікірмен, қоғамның өзімен қадағаланатын мемлекеттік
билік институттарымен қатар жеке тұлғалық еркіндіктің
кепілі құқық болады. Бұл – Б. Констанның бұлжымас
позициясы. Құқықтық формалар «қоғамның желеп-
жебеуші періштесінің» және «адамдар арасындағы қаты-
настың жалғыз негізі».
Жеке тұлғаның еркіндікті заңды жолдармен іске асы-
руға және қорғауға тырысқан Б. Констанның отандасы
Алексис де Токвиль (1805–1859 жж.) болды. А.Токвильдің
саяси концепциясы Констанның идеясының ықпалымен
қалыптасты. А. Токвильдің екі атақты «Америкадағы
демократия туралы» және «Ескі режим және революция»
атты еңбектері саяси ғылымда оған бедел әкелді. Демо-
кратияның теориялық және практикалық аспектілері
оның қызығушылығының обьектісіне айналды. Ол демо-
кратияны кең насихаттады. Демократия ол үшін анти-
феодалдық және жоғары, төменгі таптар арасындағы
шекараны көрмейтін қоғамдық құрылым ретінде көрінді.
Демократияның діңгегі – тарихта салтанат құратын
теңдік принципі. «Уақыт өте теңдіктің орнауы –
жоғарыдан берілген қашып-құтылмас жағдай. Бұл
үдерістің мынадай белгілері бар: оның әлемдік, ұзақ
мерзімді қасиеті бар және ол күн сайын адамдардың
еркінен тыс болуда. Соншалық терең кеткен әлеуметтік
процесті бір ұрпақтың күші тоқтата алар ма екен?
Феодалдық жүйені жойып, корольдерді жеңген соң,
демократия буржуазия мен байлардан сескенеді дегенге
кім сенер екен? Оның қарсыластары әлсіз, ал өзі қуатты
күшке айналғанда, оның дамуы тоқтар ма екен?» деген
сұрақтарға жауап іздеген.
11-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
Батыс Еуропадағы саяси ілімдер тарихы
81
Еркіндік пен теңдік, А. Токвиль бойынша, мүлдем бас-
қа түсініктер. Олардың арасындағы қатынас та өзгеше.
«Еркіндік адамдарға күн сайын кіші қуаныштар сыйлай-
ды. Теңдіктің тартымдылығы әрдайым сезіледі және әр-
біреуге әсер етеді, оның сиқырына кең пейіл жүректер
де шырмалады. Осылай теңдіктен туатын құмарлық әрі
күшті, әрі ортақ болады» деп түсіндіреді.
А. Токвиль демократиялық институттардың қатары-
на сөз бостандығын, дін бостандығын, тәуелсіз сотты
жатқызады. Алайда, ол демократиялық қоғамда нақты
қандай саяси құрылым болу керек екенін көрсетпеді. Оның
ойынша, ең бастысы бұл қоғамда өкілдік билік формасы
болуы қажет.
А. Токвиль батыстық демократиялық қоғамдағы аза-
маттардың саяси мәдениетін жіті зерттеді. Бұл мәде-
ниеттің еркіндік рухын тұншықтыратын, демократиялық-
құқықтық режимді әлсірететін қасиеттері А. Токвильдің
мазасын алды.
Неміс жеріндегі либералды қозғалыстар XIX ғ. бірін-
ші жартысында басталды. 1848–1849 жж. революцияның
алдында ол Германияда жоғарғы деңгейге жетті. Ерте
неміс либерализмі, революцияға дейін туған қозғалыс,
«конституциялық қозғалыс» ретінде үстемдеу еді. Оның
аясында герман мемлекеттері үшін түрлі саяси-
заңнамалық тәртіптер ұсынылды. Осы мемлекеттерді
модернизациялауға бағытталған модельдер Батыс
Еуропадағы белгілі либералдық қағидаттар мен норма-
ларға сүйенді. Ағылшын және француз либералдары
секілді, олардың неміс замандастары да әлеуметтік
тіректі буржуазиялық орта таптан іздеді. XIX ғ. бірінші
жартысындағы неміс либерализмінің алдында Фридрих
Дальман, Роберт фон Моль, Карл Роттек, Карл Велькер
және Юлиус Фребельдер болды. Олардың көзқарасы
мен қызметі сол кездегі Германияның саяси және рухани
климатына қатты әсер етті.
Саяси ілімдер тарихы
82
Лоренц Штейн (1815–1890 жж.) «1789 жылдан бүгінге
дейінгі Франциядағы әлеуметтік қозғалыстың тарихы»,
«Басқару туралы ілім», «Германиядағы мемлекет пен
құқық туралы», «Бүгінгі және болашақтағы ғылым» атты
еңбектердің авторы. Л. Штейннің пікірінше, индивидтің
өзін тұлға ретінде қалыптастырудағы басты түрткі –
игілікті табу, өңдеу, дайындау және көбейту. Тұлғадан
шыққан барлық игілік тек өзіне ғана тиесілі және өзімен
ғана өзгереді, сол үшін тұлға секілді ол да қол жетімсіз
болады. Бұл игіліктің қол жетімсіздігінің өзі – құқық.
Құқық арқылы тұлғамен бір бүтінге біріккен игілік жеке
меншік болады деп түсіндірген.
Адам өзгелерден бөлек болып, тұлға ретінде қалып-
таса алмайды, шығармашылық жұмыспен айналысуға
мүмкіндігі келмейді. Ол сол адамдарға тәуелді және сол
үшін олармен бірге тұруы тиіс, өзара әрекет етіп, әріптес
болуы керек. Міне, осылай Л. Штейннің еңбектерінде адам
қоғамдылығы, қоғам мәселесі туындайды.
Кез-келген қоғамның ұйымдасуының маңызды жері
– мүлікті бөлісу. Жеке мүлікке ие адамдар әрдайым
өзара тығыз байланысты. Қоғамдық өмірдің заңы «мүлкі
барларға мүлкі жоқтардың тұрақты және өзгеріссіз
тәуелділігі» болмақ. Бұл екі тапты жойып жіберуге, аттап
өтуге болмайды. Қоғам басқаратын және басқарылатын
таптардан тұруы тиіс деп көрсетеді.
Л. Штейннің қоғам мен мемлекет туралы ойларына
Гегельдің идеялары қатты әсер еткен. Л. Штейннің кон-
цепциясында қоғам өзінше дербес және тәуелсіз әлеу-
меттік құрылым ретінде суреттеледі.
Мүлдем басқа құрылым мен мақсаттарға ие мемлекет
– қоғамның жоғарғы формасы. Онда түрлі адамдардың
еркі мен әрекеттері бір бүтінге жиналады. Л. Штейннің
ойынша, мемлекет – жалпы еріктің тұлғаландырылған
организмі, сол үшін ол жалпыға қызмет етуі керек. Өзі-
11-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
Батыс Еуропадағы саяси ілімдер тарихы
83
нің осындай ұйымдасуы мен мақсатына байланысты мем-
лекет қана еркіндікті қамтамасыз ете алады.
Л. Штейн – басқару құқығы Конституцияға негізделе-
тін және заң мен бұйрықтың аражігі бар құқықтық мем-
лекеттің жақтаушысы. Л. Штейн құқықтық мемлекеттің
үздік формасын конституциялық монархиядан көреді.
Конституциялық монархияда атқарушы билік заң
шығарушы билікке адал қызмет етеді, ал монарх орталық
фигура болғандықтан, қоғамда партикулярлық мүдде-
лердің үстем етуін жоя алады.
Анри де Сен-Симонның (1760–1823 жж.) мемлекет,
құқық туралы танымдары оның тарихи прогресс концеп-
циясы арқылы анықталды. Оның ойынша, қоғам өз жолы-
мен табиғи түрде дамып келе жатыр. Ол бір деңгейден
екіншісіне жылжығанда, өзінің «алтын ғасырына» ұмты-
луда. Теологиялық деңгейді метафизикалық деңгей ауыс-
тыруда. Одан кейін позитивті деңгей келеді, ол «қоғамда-
ғы адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
максималды құрал мен мүмкіндік беру арқылы бәрін де
бақытты қылады» деген болатын. Егер бірінші деңгейде
қоғамдағы билеу құқығы діндарлар мен феодалдарға
берілсе, екіншісінде – заңгерлер мен метафизиктерге,
үшіншісінде – ғалымдар мен өндірісшілерге беріледі.
А. Сен-Симон бойынша, жеке меншіктік қатынас
индустриализм жүйесімен үйлесімді. Ол зауыттағылар-
дың, саудагерлердің, банкирлердің жеке капиталына қол
сұқпайды, алдыңғы «өндірісшілер класының» құрылымын
өзгертпейді. Бірақ индустриализм қазіргі буржуазия-
лық қатынастан асып түседі. Себебі, ол елді біріккен, ор-
талықтанған өндірістік қауымдастыққа айналдырады. Бұл
қауымдастық – қоғам арқылы іске асырылатын жоспар-
мен өмір сүреді.
А. Сен-Симонның тарихи кезеңдегі адамды басқару-
дан мүлікті басқаруға өтетін идеялары Ж.Ж. Руссоның
пікірлерінің жалғасы болып табылады.
Саяси ілімдер тарихы
84
Роберт Оуэн (1771–1858 жж.) саяси аренаға өндірістік
революция туындаған және оның кесірінен басталған
таптық күрес кезінде шықты. Осы жағдай Р. Оуэннің
реформаторлық танымына әсер етті.
Р. Оуэннің пікірінше, адамның мінезі – оның өмірінде
басты рөл ойнайтын жеке тұлға мен қоршаған ортаның
қатынасының нәтижесі. Міне, дәл осылай, сыртқы әсердің
ықпалымен бүкіл қоғамдық таптың мінезі қалыптасады.
Р.Оуэн өзі ұсынған адам мінезі туралы ілімі қоғамның әділ,
әрі саналы құрылымына апаратын жалғыз жол екендігіне
сенімді еді.
Сол кездегі әлеуметтік-экономикалық тәртіптерді сы-
най отырып, Р. Оуэн капитализмдегі өндіруші күштердің
прогресінде, ірі өндірістің дамуында, ғылыми-техника-
лық жетістікті қолдануда қоғамдық жаңа құрылымның
қажет екендігін түсінді. Оның ойынша, бұл өзгерістер
объективті табиғат заңы бойынша өтіп жатыр және ол ұлы
әрі маңызды әлеуметтік революцияның дайындық деңгейі
болып отыр. Р. Оуэн мемлекет шығаратын заңдар арқылы
еңбекшілердің пайдасына реформа жүргізуге болады деп
үміттенді.
Р. Оуэн қоғамдық ауыл Конституциясын жасап шы-
ғарды. Оған сәйкес ондағы комунналар ұжымдық еңбек,
қоғамдық мүлік, барлық қатысушылардың тең құқығы мен
міндеті негізінде құрылуы, қызмет етуі тиіс деген. Комунна
мүшелері арасында өзара көмек қатынастары орнайды.
Аурулар, қарттар, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық
жасайтын ұжымдар пайда болады. Жас ұрпақты тәрбие-
леудің рационалды әрі гуманды жүйесі дүниеге келеді.
Өткен ғасырдың 30–40 жж. Батыс Еуропаның рухани
өмірінде революциялық-утопиялық концепциялар үлкен
рөл ойнады. Джеймс Бронтер О Брайен (Англия), Огюст
Бланки (Франция), Вильгельм Вейтлинг (Германия) және
басқалар жұмысшы таптың атынан қоғамның түбегейлі
11-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
Батыс Еуропадағы саяси ілімдер тарихы
85
өзгеруін талап етті. Олардың саяси бағдарламасы Г. Бабеф
салған революциялық дәстүрді синтездеді.
Позитивизм философиясының негізін қалаушы
Огюст Конт (1798–1857 жж.) қоғамның тарихи қозға-
лысында жаңа перспективаны ашқанын мәлімдеді.
Оның мұндай идеяларына А. Сен-Симонның әлеуметтік
философиясы әсер етті.
О. Конттың негізгі еңбегі – алты томдық «Оң фило-
софияның бағыты» 1830–1842 жылдар аралығында басып
шығарылды. О. Конт философияның басты тапсырмасы
– жағдайлар қалай пайда болады және өтетінін түсіндіру
деп мәлімдеді.
Шынайы философия адам өмірін үш топ феномені
арқылы жүйелендірілген: ойлар, сезімдер және әрекет-
тер. Қоғамдық өзгерістердің үш қайнар көзі нәсіл, климат
және «оның ғылыми дамуын толықтай қарастыратын
саяси қызмет». Адамдық құндылық адамдық бақыт секілді
тәртіпке шақыратын кез-келген күшті өз деңгейінде ерікті
түрде қолдануына байланысты болады.
Бұл орасан зор қызметте философияның негізгі мақ-
саты мен міндеті адам өмірінің барлық саласын коор-
динациялау болып табылады. Философияның функ-
циялары «саясаттың сілтеушісі мен философияның
табиғи қосындысы болатын моральдық жүйенің» функ-
цияларымен араласып кетеді. О. Конт саналы түрде
христиан дінін жоққа шығарып, ортақ тәртіптің дамуына
мүмкіндік беретін адамдардың өткені, бүгіні, ертеңінің
тұтастығы болатын Адам дінін жариялайды.
О. Конттың жалпы әлеуметтік ілімі өткен ғасырда
Ресейде де көпшілік түгілі, сыншыларға да өте қатты ықпал
етті. Әсіресе оның институционалдығы өте тартымды
болды, оған қоса түрлі әлеуметтік концепцияларға әсер
еткен саяси-мекемелік және ғылыми реформаторлығы да
ерекше еді.
Саяси ілімдер тарихы
86
Тақырыпқа қатысты түсініктер мен ұғымдар: индус-
триализация, либерализм, құқықтық мемлекет, жеке тұлға,
социалистік идея, революция, өндіруші күштер, ғылыми-
техникалық революция.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Батыс Еуропадағы саяси-құқықтық ойлардың негізгі
бағыттары.
2. Ағылшын либерализмінің негізін қалаған кім?
3. Социалистік идеяның пайда болу алғышарттарын атаңыз.
4. Француз либерализмінің басты ерекшеліктері.
5. Батыс Еуропада социализм идеяларының пайда болуы.
Әдебиеттер:
1. История политических и правовых учений / под ред.
В.П. Малахова, Н.В. Михайловой. – М., 2007.
2. Андерсон К.М. Мексиканский проект Роберта Оуэна //
История социалистических учений. – М., 1987.
3. Аникин А.В. Юность науки: Жизнь и идеи мыслителей-
экономистов до Маркса. – М., 1985.
4. Утопический социализм: Хрестоматия / общ. ред.
А.И. Володина. – М., 1982.
5. Фурье Ш. Избранные сочинения. – М. – Л., 1951-54.
Реферат тақырыптары:
1. XIX ғ. бірінші жартысындағы Батыс Еуропадағы саяси
ойлар мен саяси ағымдар.
2. Социализм идеологтарының саяси-құқықтық танымдары.
3. Иремия Бентамның саяси көзқарасы.
4. Огюст Конт – қоғамның тарихи қозғалысындағы жаңа
концепцияның негізін қалаушы.
5. Р.Оуэннің саяси көзқарасы.
87
12-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
Ресейдегі саяси ойлардың дамуы
12 тарау. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ
РЕСЕЙДЕГІ САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫ
І Александрдың таққа келуімен Ресей мемлекетінің
саяси өмірінде саяси жылымық лебі байқалды. Сол
жылымық әсерінен батыстық либералистік құндылықтар
Ресей қоғамына ақырындап ене бастады, нәтижесінде елде
(қоғамда) «Дауыссыз комитет» деп атау алған либералды
адамдар тобынан «жас достар» үйірмесі қалыптасты.
Жоғарғы деңгейдегі саяси және мәдени-ғылыми элиталық
ортада комитеттің мүшелерін олардың ұстанған көз-
қарастары мен іс-әрекеттері үшін «якобиндік топ» деп
атады. І Александр осы комитетпен бірлесе отырып,
мемлекетте бірқатар либералды заңдар қабылдады жә-
не басқарудың орталық органдарына өзгертулер енгізді,
сондай-ақ, қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдай зиялы
қауым арасында конституциялық көңіл-күйдің пайда
болуына әсерін тигізді.
М.М. Сперанский (1772–1839 жж.) Владимирская
губерниясының Черкутино деревнясында, кіші рухани
шенді Третьяков отбасында дүниеге келді. Михаил
Михайлович «атағы» мен Владимир-Суздальдік рухани
семинариясын бітірген және үш озат оқушылар қатарына
ілініп, математика, физика, риторика және философия
мұғалімі ретінде Санкт-Петербург рухани семинариясына
(1797 жылдан бастап академия) жіберілді. 23 жасында
ол осы семинарияның ректоры болып тағайындалды,
содан кейін генерал-прокурор Куракиннің қол астында
қызмет етті. Бұл қызметте ол кеңесші шеніне дейін
жетеді. М. Сперанскиді І Александр сарайға алдырды,
88
Саяси ілімдер тарихы
онда бірқатар жоғары қызметтер атқарады, ең соңғысы
– мемлекеттік хатшы қызметі. Сарай төңірегіндегі көре
алмаушылардың қызғанышы, сонымен қатар, ақсүйектер-
дің реформаторлық іс-әрекеттерге көңілі толмаушылығы
М. Сперанскиді 1812 жылы жұмыстан босатуына және
(Нижний Новгород, Пермь) жер аударуына себеп болды.
Патша жарлығымен ол 1816 жылы Пензаның губерна-
торы етіп тағайындалды, ал 1819 жылы Аракчеев өтініші
бойынша, Сібір губернаторы болды. Тек 1820 жылы ғана
Сперанскиге Санкт-Петербургке қайта оралуға мүмкін-
дік туды, ал 1826 жылы император І Николай оған Ресей
империясының Заңдар жинағын құруды тапсырды.
М.Сперанскидің басшылығымен құрылған комиссия бұл
Заңдар жинағын төрт жыл ішінде біріктіріп, жүйелен-
дірді және тарихи-мағыналы 45 томды құрады. Үш жыл-
дан соң атқарушы заңнаманы жүйелеп біріктіретін 15 том-
дық басылым дайындалды. І Николай М. Сперанскиді осы
еңбектері үшін Андреев жұлдызымен марапаттады.
М.М. Сперанскидің саяси доктринасы антикалық және
еуропалық ойшылдардың саяси теорияларының терең
танымдарына негізделген. Діни адам бола отырып, ол
«сезімдік материализмнің күңгірт жүйесін» жоққа шы-
ғарды және Құдайды әлемнің жоғары заң шығарушысы
ретінде қабылдаған. Мемлекеттің келісімді концепция-
сын ол ғылыми болжам ретінде қарастырған (Құдай еркін
жүзеге асыру келісім шарты ретінде).
М. Сперанскидің ойы бойынша, Ресей өзінің тарихи
дамуында үш сатыны бастан кешірді: Ортағасырларда –
удельщина; Жаңа заманда – абсолютті монархия; ал қазіргі
заманда – жоғарғы биліктің конституциялық шектеулерін
талап ететін және қол астындағыларға саяси және азамат-
тық құқықты ұсынатын өнеркәсіптік кез (тұлға қауіпсіз-
дігі, жеке меншікті сақтау және жеке саяси құқықтарды
қамтамасыз ету). Ресей Батыстағы мемлекеттердегідей
89
12-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
Ресейдегі саяси ойлардың дамуы
революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен «дұ-
рыс заңдар арқылы» өзгерістерді күтуде. «Мемлекеттің
реформациясы екі-үш жылда емес, он жылдап, ғасырлап
жүргізіледі» деп көрсеткен.
М. Сперанский өзінің өзгертулер жобасында «міндет-
ті заңдарға негізделген самодержавиелік басқаруға (мұн-
да абсолюттік мағынада)» мүмкіндік беретін конститу-
циялық монархияны армандаған. М. Сперанский би-
лікті жүзеге асыру формаларының заңдылығын билік
бөлінісімен байланыстырған. Заң шығарушы билік сес-
сиялық түрде жиналатын, заңдарды талқылап, қабылдай-
тын екі палаталы Думаға берілуі керек деген. Атқарушы
биліктің басшысы – монарх Думаның қызметіне арала-
сады, бірақ «ешбір заң Думаның қолдауынсыз басылып
шығарылмайды. Жаңа алым-салықтарды, міндеттіліктер-
ді бекіту Думада қабылданады» деп көрсеткен. Думаның
пікірі тәуелсіз, міне, осы себептен де монархтың «заңдарды
жоюға да, өзгертуге де» мүмкіндігі жоқ дейді.
Конституция және соған негізделген билік бөлінісі
мемлекеттегі барлық бостандықтың кепілі болып табы-
лады. Ресей үшін қалыптасып қалған жағдайды өзгерту-
дің және жаңа тәртіпті қалыптастырудың уақыты жетті;
Ресейдегі бостандық үшін болған қозғалысты меңзей
отырып, ол «басқа мемлекеттермен салыстырғанда, Ре-
сейдің даму қарқыны өте жылдам» жүріп жатқанын
айтқан.
Заңға негізделген конституциялық монархия қызметін
қамтамасыз ететін мамандандырылған шенеуніктік аппа-
ратқа сүйенуі қажет. Мұндай жобаны жүзеге асыру үшін
М. Сперанский шенеуніктер туралы екі заңды: «Сарай
атақтары туралы» (3 сәуір, 1809 жыл) және «Шендік
емтихандар туралы» (6 тамыз, 1809 жыл) заңдарды ұсы-
нып, жүзеге асырды. Бұл заңдар қызмет және қызметтік
шендер алу үшін жоғары білім туралы дипломның бар
90
Саяси ілімдер тарихы
болуы немесе көптеген пәндер бойынша шендік үшін
емтихандар тапсыру сияқты қажетті шарттарды енгізді.
Н.М. Карамзин (1766–1826 жж.) жас кезінде өте көп
саяхаттаған және сол кезде бірнеше атақты батыс еуро-
палық философтармен және саяси қайраткерлермен
танысқан. Еуропада Карамзин Гетемен, Гердермен,
Кондорсемен кездескен. Парижде Дантон мен Демуленнің
сөздерін тыңдаған, Робеспьермен таныс болған.
Н.М. Карамзиннің шығармашылық жолының баста-
уы әдеби саламен байланысты. Ол басылым қызметіне
белсенді қатысты, сонымен қатар, өзін жазушы ретінде
және әдебиеттегі жаңа бағыттың – сентиментализмнің
негізін салушы ретінде танылады. 1803 жылы Н. Карамзин
баспа жұмысын тастап, өз көңілін «Ресей мемлекетінің
тарихын» қалыптастыруға жұмылдырады. Өз ойларын
жүзеге асырғаны үшін, ол І Александрдан тарихнамашы
атағын алады және Вяземскидің айтуынша, 23 жасында
«тарихшылар қатарына енеді».
Н.М. Карамзин өзінің саяси концепциясын өзі басып
шығаратын Ресейдегі ең бірінші саяси журнал болып
табылатын «Еуропа хабаршысында» жариялап отырған.
Мұнда антикалық, француз, ағылшын авторларының сая-
си шығармашылық басылымдарымен қатар, Н. Карамзин
басқару түрлеріне, саяси режимдерге, заңдардың маз-
мұндары мен т.б. көзқарастарын білдіріп отырған. Бірақ
саяси концепциясын ретті, әрі нақты өңдеуі «Ресей мем-
лекетінің тарихында» көрсетілген, ал дәлелдеуі 1811 жылы
І Александр атына құрылған «Саяси және азаматтық
қатынастағы ежелгі және жаңа Ресей туралы жазбаларда»
көрсетілген.
Ресей үшін ең тиімді болып табылатын билік түрін
зерттеу – «Жазбалардың» ең басты тақырыбы. Мысалы,
ІV Иванның басқаруын сараптай отырып, Н.Карамзин
тирандықты сынға алды. Теориялық түрде Карамзин
|