Саяси ілімдер тарихы
128
екендігін, ол қалайша нақты саяси өмірде таратылатынын,
бұл билікті тікелей таратушылардың жеке қасиеттерді ие-
ленетінін, саяси шешімдер қабылдау процесінде қандай
автономиялық деңгейі бар екенін білу қажет деп ескертеді.
Қоғамда билікті тарату туралы, нақтырақ оның
дисперсиясы, көптеген субъектілер арасында ыдырап
кетуі туралы мәселе – Р. Аронның саяси теориясындағы
басты идеяларының бірі. Билік дисперсиясы қоғамның
саяси өміріне бірталай әсер етеді. Бір жағынан, ол ондағы
демократиялық үрдістерді нығайтады, себебі нақты
адамдар тобының, билік элиталарының қолында билік-
тің шоғырлануына кедергі жасайды. Екінші жақтан, билік
дисперсиясы оның жоғарғы өкілдерінің, ең алдымен
саяси шешімдерді қабылдауда жауаптылардың беделін
көтереді. Бұл саяси шешімдердің нәтижесін қоғамның
барлық мүшелері сезінеді деп көрсетеді.
Р. Аронның ойынша, соңғы жағдай билікті персонал-
дау туралы мәселені өзекті мәселеге айналдырады. Бұл
мәселеге көп көңіл аудару қажет, себебі билікті персонал-
дауға деген үрдіс әмбебап сипатқа ие. Ол өзі туралы
саяси тарих дамуының қиын жағдайларында, яғни, стан-
дартқа келмейтін саяси шешімдерді қабылдау қажеттілігі
туған кезде еске түседі. Қандай да бір саяси лидердің
қызметіндегі жеке және легитимді беделдің қосылуы
билікті персоналдауды білдіреді.
Адамзат өз дамуында көптеген егеменді құрылымдар-
ға бөлініп тұрған уақытта, авторитарлы тұлғалар өздері-
нің шешімдері арқылы өздеріне миллиондаған ұқсас-
тарды анықтайды. Сондай-ақ мұндай тұлғалардың рөлі
ядролық дәуірде де өсіп келеді. Плюралистік қоғамда
бұл рөл билік дисперсиясымен теңелсе, ал тоталитарлық
қоғамда ол тираниялық сипатқа ие болады.
Р. Арон халықаралық-саяси теориясын және халық-
аралық қатынастарды дамыту идеясына да көп көңіл
15-тарау. XX ғасырдағы Францияның саяси ой тарихы
129
бөлген. Халықаралық қатынастар саласында, Р.Аронның
ойынша, екі әдіс: рационалды схематизм және социо-
логизм бір-біріне өзара әсер етеді және өзара толықты-
рады. Рационалды схематизм өкілдерінің көзқарасы
бойынша, халықаралық қатынастар теориясы бақылаушы
объектіден тапқан барлық рационалды элементтердің
саналы реттелген түйіні болып табылады. Мұндай түсі-
нікте мемлекеттер арасындағы, яғни, мемлекетаралық
қатынастар артықшылық бойынша халықаралық қаты-
настар мазмұны болып табылады.
Социологизм туралы айтсақ (Р. Арон өзін осыларға
жатқызады), онда олар халықаралық қатынастар жүйе-
сінде қоғамдық және жеке өмірдің рационалды элемент-
терін ғана емес, барлығының рөлі мен маңызын табуға
талпынады. Бұл мағынада халықаралық қатынастар
туралы ғылым мемлекетаралық сахнада және ұлттық
сахнада болып жатқан көптеген байланыстарды мойын-
дамауы мүмкін емес. Халықаралық қатынастар әлеумет-
тануы мемлекеттер арасындағы қатынастар сипатына осы
мемлекеттер ішінде болып жатқан көптеген факторлар-
дың үлкен әсер етуінен шығады. Мұндайларға қандай
да бір мемлекеттің күш факторы және әлсіздік факторы
жатады.
«Ұйымдасқан мемлекеттер арасындағы сауданы зерт-
тей отырып, мамандар әлсіздік артықшылығы әлем үшін
күш артықшылығы сияқты қауіпті екенін ұмытып кете-
тінін Р. Арон атап көрсеткен. Қарулы жанжалдардың
болуына себепші аймақтар көбінесе құлап жатқан саяси
бірліктер аймағы болып табылады». Зайырлылық плюра-
лизмі, сонымен қатар өзіндік мақсат, өзіндік амбиция және
өзіндік құндылықтар жүйесі бар автономды құндылықтар
мен қоғамдастықтардың плюрализмі фактор бола алады.
Қорыта айтқанда, өркениет даму тарихында өз шешімін
ешқашан таппаған ұжымдық және индивидуалдық тірі
Саяси ілімдер тарихы
130
қалу мәселесі халықаралық қатынастар әлеуметтануының
басты мәселесі болып табылады.
Морис Дюверже (1917 жылы туған) – француз саяси
ғылымының ірі өкілі.
М. Дюверже ғылыми-зерттеу және ғылыми-
педагогикалық сипаттағы көптеген жұмыстарды жария-
лаған. Солардың ішінде: «Курс конституционного права»
(1946, оқулық), «Политические партии» (1951 ж.), «Методы
политической науки» (1959 ж.), «Политические режимы»
(1961 ж.), «О диктатуре» (1961 ж.), «Методы социальных
наук» (1964 ж.), «Введение в политику» (1964 ж.), «Социоло-
гия политики» (1966 ж.), «Демократия без народа» (1967 ж.),
«Политические институты и конституционное право»
(1970 ж.), «Янус. Два лица запада» (1972 ж.), «Социология
политики: элементы политической науки» (1973 ж.), «Рес-
публиканская монархия» (1974 ж.), «Открытое письмо
социалистам» (1976 ж.), «Обратная сторона вещей» (1977 ж.),
«Республика граждан» (1982 ж.), «Полупрезидентские ре-
жимы» (1986 ж.) және т. б.
М. Дюверже зерттейтін негізгі мәселелердің шеңберін
үш топқа біріктіруге болады. Бірінші топ теориялық-
әдістемелік сипаттағы мәселелерді қамтиды. Оларға ең
алдымен саясаттану ілімдерінің әр түрлі салаларын шек-
теу мәселесі жатады. Бұл ілімде саяси әлеуметтануды, саяси
психологияны, саяси философияны ерекшелей отырып,
М. Дюверже 60-жылдары жазылған өзінің еңбектерінде
біріншіге көп назар аударған. Ол саяси әлеуметтану саяси
ілімнің ең кең саласын білдіреді, себебі билікке, басқаруға
және беделге негізделген адами қатынастардың бүкіл
жиынтығын қамтиды деп есептеген.
Кейінірек, М. Дюверже саяси ілімдердің әртүрлі
салаларына өзінің түсінігіне маңызды түзетулер енгізді.
«Социология политики: элементы политической науки»
еңбегінде ол саяси әлеуметтану емес, ал саяси ғылым сая-
15-тарау. XX ғасырдағы Францияның саяси ой тарихы
131
си құбылыстар туралы кең түсінік береді, себебі дәл сол
саяси ғылымның үш басты бөлігін қамтиды: саясаттың
әлеуметтік сараптауына кіріспе, үлкен саяси жүйелерді
суреттеу және саяси ұйымдарды зерттеу.
М. Дюверженің ойынша, саяси ғылымның пәнінің
түсінігін анықтау – маңызды теориялық-әдістемелік мәсе-
ле болып табылады. Берілген мәселе бойынша дауда екі
концепция қарама-қарсы келеді. Біріншісі – ертеректегі
және саналы ойға жақын болып келетін саяси ғылымның
пәні мемлекет болып табылады. Екіншісі – Батыста
кеңірек тараған концепция саяси ғылымды билік туралы
ғылым ретінде қарастырады. М. Дюверже өзін екінші
концепцияны ұстанушы санап, ол біріншіге қарағанда
артық көрінетінін түсіндіреді, себебі ол мемлекеттік
билікті басқа қоғамдастықтағы биліктермен қарама-
қайшы қоя отырып, оның табиғатын зерттеу үшін үлкен
мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар оның ойынша, екінші
концепция саяси ғылымның пәнін түгелімен ашпайды,
себебі «әсер» сияқты түсінікті шетте қалдырады. «Билік»
және «әсер» – жақын болғанымен де, ұқсас түсініктер
емес. Қоғамда жүзеге асатын кез-келген билік әсерді
білдіреді. Бірақ бір жеке тұлғаның екіншіге тигізер әсері
билік ретінде қарастырылады. Нақты саяси өмірде әсер
биліктің басты бағытын сипаттайды және көп жағдайда
оны толықтырады.
М. Дюверже өңдеп шығарған мәселелердің екін-
ші тобын демократия мәселелері құрайды. Бұл мәсе-
лелерді зерттей отырып, М. Дюверже ең алдымен
батыс мемлекеттерінің демократиялық дамуының тәжі-
рибесін ұғынуды ұсынады. Оның ойынша, соңғылары
плутодемократия шарттарымен, яғни, билікті бір уақыт-
та халық та (demos), байлық та (plutos) иеленетін саяси
басқару шарттарымен өмір сүреді. Плутодемократия
екі түрлі формада болады: либералды демократия және
Саяси ілімдер тарихы
132
технодемократия. ІІ дүниежүзілік соғысы кезінде өмір
сүрген либералды демократия үшін либералды идео-
логияға сәйкес келетін индивидуалды құрылым тән. «Бір-
біріне қарсы тұратын және әр түрлі салада жарысатын
индивидтердің және индивидтер тобының агломераты»
болып табылатын «экономикалық олигархия» либерал-
ды демократияның қайнар көзі болып табылады. Бұл би-
лік маман саясаткерлерден, мемлекеттік қызметкерлер-
ден және қоғамдық пікірді қалыптастыратын тұлғалар-
дан (М. Дюверже олардың қатарына мұғалімдерді,
профессорларды, тәрбиешілерді, журналистерді, жазу-
шыларды, дін қызметкерлерін жатқызады) тұратын «ор-
та және аралық таптар» өкілдері арқылы жүзеге асады
деп көрсеткен. Жеке меншік, кәсіпкерлік бостандығы,
бәсекелестік, табыс жарысы «орта және аралық таптар»
өкілдерінің тіршілік әрекетінің маңызды қағидаттары
болып табылады.
ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған техно-
демократия үшін қоғамның саяси өмірінің барлық
саласында технократиялық үрдіс тән. Бұл үрдістерді
сараптай отырып, М. Дюверже технодемократияның
рөліне жан-жақты баға береді. Бір жағынан, либе-
ралды демократияға қарсы ол экономикалық олигар-
хияның халықтық бұқараға бақылауын қиындатады.
Технодемократия шарттары бойынша, саяси партия-
лар мен кәсіподақтар ұйымдары өзінің мүшелеріне
экономикалық олигархияға қарсы әрекеттену үшін
үлкен (сонымен қатар материалды және ұйымдық) мүм-
кіндіктер ұсынады. Екінші жағынан, технодемократия
экономикалық олигархияның халықтық бұқараға бақы-
лауын жеңілдетеді. Мына айтылған технодемократия
шарттарымен әлеуметтік келісім нығайтылады, қоғам-
дағы халықтың әр түрлі топтарының әлеуметтік қарама-
қайшы тұруын әлсіретеді. Тоталитарлық-диктаторлық
15-тарау. XX ғасырдағы Францияның саяси ой тарихы
133
режимімен бірге капитализмге қарама-қарсы жүйенің
өмір сүруі батыс әлеміндегі әлеуметтік келісімді және он-
дағы әлеуметтік-таптық антогонизмді одан әрі нығайтты.
Плутодемократия қандай формада жүзеге асса да,
ол нағыз демократия емес. М. Дюверженің айтуынша,
плутодемократия басқа: ол қарапайым және нақтырақ
болып келеді. Ол 1793 жылғы француз Конституциясын-
да жазылған «халық үшін және халықтың әр бөлігіне
бостандық» арқылы анықталады. Туғаны бойынша, сәтті
тағдыр бойынша, қызмет бойынша, білім бойынша
парасаттыларға ғана бостандық емес, сонымен қатар
өмірдің, білімнің, әлеуметтік теңдіктің және саяси тепе-
теңдіктің жоғары деңгейін білдіретін үшін шынайы
бостандық деп атап өткен.
Сонымен М. Дюверженің өңдеп шығарған мәселелер-
інің үшінші тобына саяси партиялар мәселесі жатады.
Осы мәселелерге қарай отырып, М. Дюверже екі басты
мәселені қояды: біріншісі, саяси партиялар қаншалықты
демократиялы, яғни олар кең бұқараның көзқараста-
ры мен мүдделерін қаншалықты білдіріп, жүзеге асыра
алатындығы және екіншіден, қай режим демократиялы:
партиялық па, әлде партиялық емес пе? Бірінші сұраққа
жауап бере отырып, М. Дюверже қазіргі саяси партиялар-
ды ұйымдастыру көп жағдайда демократиялық қағидат-
тарға сәйкес келмейтінін айтқан. Олардың ішкі құрылымы
көп сипаттары бойынша автократиялы және олигархия-
лы болып келеді. Саяси партиялардың басшылары ереже
бойынша, орталық арқылы таңдап алынады немесе
көшіріледі. Олар өзінің жиынтығымен қоғамнан және
партияның қатардағы мүшелерінен бөлінген жабық топ-
ты құрайды. Олардың негізгі саяси шешімдерді қабылдау
басымдығы бар.
Саяси партиялардың жалпы эволюциясы олардың
демократиялық режимнің нормаларынан айрылуын
Саяси ілімдер тарихы
134
нығайтады. Партияның басшыларымен салыстырғанда,
партия мүшелерінің рөлі минимумға дейін жететін саяси
партияларды орталықтандыру үрдісі нығаяды. Сайлау
процедуралары формалды болады. Олар мәні бойынша,
саяси лидерлерді іріктеудің антидемократиялық прак-
тикасын заңды етеді.
Саяси басшыларды халықтық бұқарадан бөліп тұра-
тын кедергілер сақтады және нығаяды, оның нәтижесінде
қатардағы мүшелердің әрекеті бостандығы кеміп,
жоғарыдан әсер ету мүмкіндігі артады. Партиялық
басшыларды сынау көп жағдайда тоқтаусыз мадақтаумен
ауыстырылады.
Саяси партиялардың эволюциясы парламентік
қызметке де үлкен әсер етеді. Ол сайлаушылармен де,
партиялық қызметшілермен де алдын-ала анықталады.
Оның нәтижесін, басқарушы органдарға бағынатын азда-
ған партиялық мүше топтары мен белсенді сайлаушылар
бұқарасына басымдылық көрсеткен жағдайда болады.
Сонымен қатар партиялық қызметшілер қоғамдық пікірді
қаншалықты білдірсе, соншалықты қалыптастырады.
Олар бұл пікірді насихаттау көмегімен құрады, оған өзіне
тиімді фонды қалыптастырады.
Екінші сұраққа жауап берсек, М. Дюверже партия-
лық жүйе өзінің кемшіліктеріне қарамастан партиялық
емес жүйеден жақсырақ деген қорытындыға келді.
Партиясыз жүйені партиялық жүйемен салыстырғанда,
демократиядан алшақ тұрады, себебі ол туған, байлық
немесе қызмет құқығы бойынша қалыптасқан басқару-
шы элиталарды мәңгі есте сақтауды қамтамасыз етеді;
ценздық сайлау құқығына сәйкес келеді немесе қоғамның
пікірін білдіруден алшақ болып келетін басшыларды
халыққа байлау арқылы сайлау құқығын сендіруге тал-
пынысты білдіреді; мемлекетке белсенді қарсы тұратын
саяси өмірге әсер етудің ұйымдасқан түрлерін халық
15-тарау. XX ғасырдағы Францияның саяси ой тарихы
135
бұқарасымен бірге ғасырлап қалыптасқан дәстүрлі іздеу-
ді лақтырады.
М. Дюверженің ойынша, саяси режимдердегі саяси
партиялардың рөлін анықтамағанша, қазіргі саяси
режимнің мәнін түсіну мүмкін емес. М. Дюверженің
көзқарасы бойынша, саяси партиялар қоғамның саяси
өміріндегі прогрессивті өзгерістерді ұстанушылар бол-
ған және болады, олар саяси күштердің оң флангісіне
қарағанда, сол флангісіне жақынырақ болады. Міне, сол
үшін қоғамдағы күштер әрекеттерін сендіруге талпы-
ныста оң күштерге көмек көрсету белсенді саяси өмірден
саяси партияларды шығаруды білдіреді.
Тақырыпқа қатысты ұғымдар мен түсініктер: саяси
институттар, халықаралық қатынастар, саяси партиялар,
партиялық жүйе, саяси лидер, саяси билік, саяси жүйе, саяси
тәртіп, авторитаризм, плутодемократия.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Францияның қоғамдық-саяси ілімдер жүйесіне радикал-
ды өзгерістер қашан енді?
2. ХХ ғасырдағы Француздық саяси ілімдер өзінің құрылуы
мен даму кезеңінде неше сатыдан өтті?
3. Плутодемократия мен нағыз демократияның айырма-
шылығы неде?
4. М.Дюверже бойынша технодемократияның қоғамдағы
рөлін атаңыз.
Әдебиеттер:
1. Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 томдық. – Алматы,
2007.
2. Современная буржуазная политическая наука. Проблемы
государства и демократии. – М., 1982.
3. Вятор Е. Социология политических отношений. – М., 1979.
4. Демидов И.А.,Феодосеев А.А. Основы политологии. – М.,
1997.
Саяси ілімдер тарихы
136
5. Вебер М. Политика как призвание и профессия //
Избранные произведения. – М., 1990.
Реферат тақырыптары:
1. Француз саяси мектебінің қалыптасу ерекшелігі.
2. Раймон Аронның саяси көзқарасы.
3. Морис Дюверже – француз саяси ғылымының ірі өкілі.
137
«Саяси ілімдер тарихы» пәні бойынша тест сұрақтары
«САЯСИ ІЛІМДЕР ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Саяси ілімдер тарихын оқудың басты мақсаты?
А) Білім деңгейінің кеңеюі;
В) Тарихқа деген табиғи қызығушылықты қанағаттандыру;
С) Өркениет тарихын тану;
D) Ұлттық сананың оянуы;
Е) Адамдардың саяси қызметтерінің тарихи үдерістің
рационализациялануына әсері.
2. Саяси доктринаның мағыналылығы оның мына-
дай байланысымен анықталады?
А) Саяси күштердің әлеуметтік-экономикалық қажет-
тіліктерімен;
В) Қоғамдық дамудың негізгі тенденцияларымен және
заңдылықтарымен;
С) Қоғамның рухани атмосферасымен;
D) Мемлекет мәдениетімен;
Е) Жалпы саяси және құқықтық санамен.
3. Ежелгі әлемнің қай ойшылы саяси сананың келесі
түрін қолдады: «Егер де жоғарыдағылар әділеттілікті
қатал түрде орындаса, қарапайым адамдар бағынудан
бас тарта алмайды»?
А) Конфуций;
В) Сократ;
С) Платон;
D) Аристотель;
Е) Цицерон.
4. Аталған мемлекеттердің қайсысында алғаш рет
демократиялық процедуралар қолданған?
А) Фараондар кезеңіндегі ежелгі Египетте;
138
Саяси ілімдер тарихы
В) Грекияның кейбір ежелгі қала-мемлекеттерінде;
С) Императорлық Римде;
D) Ежелгі ортағасырлық мемлекеттерде;
Е) Ежелгі Үндістанда.
5. Қай ғалым мемлекеттік құрылымды саясат субъек-
тісі ретіндегі адамның табиғатына, мінез-құлқына ұқсас
деген?
А) Платон;
В) Аристотель;
С) Әулие Августин;
D) Т. Гоббс;
Е) Б. Спиноза.
6. Платонның ойынша, идеалды мемлекет жүзеге
асады, егер де...
А) Идеалды теңдік болса;
В) Құлдық жоқ болса;
С) Қауымдар арасында айырмашылықтар жойылса;
D) Философтар патша болса немесе патшалар мен
князьдер философияға жан-тәнімен берілсе;
Е) Білім және тәлім-тәрбие алу барлығына тең дәрежеде
болса.
7. Аристотель бойынша, саясатқа қатысу жақсылық
жасау болып табылады, өйткені:
А) Саяси жарыста жеңіске жеткен тұлға мемлекеттік
төлемдерден босатылады;
В) Жеке индивидке жиналыстарға қатысуға мүмкіндік
береді;
С) Үкіметтен алашағын алуға мүмкіндік береді;
D) Адамдарға өзін-өзі тануға көмектеседі және сәйкесін-
ше жұмыс береді;
Е) Әскери міндеттерден босатады.
8. Аристотель бойынша, «Полития» келесілердің
мүдделерінің көрінісі:
А) Монархтың;
139
«Саяси ілімдер тарихы» пәні бойынша тест сұрақтары
В) Аристократияның;
С) Жеке азаматтардың;
D) Қоғамның барлық құрылымының;
Е) Демагогтардың.
9. М.Т. Цицеронның саяси идеалы?
А) Монархия;
В) Аристократия;
С) Демократия;
D) Аралас мемлекеттік басқару;
Е) Олигархия.
10. М.Т. Цицеронның эмпирикалық саяси бағдар-
ламасы –
А) Қауымдардың келісімі, барлығының біройшылды-
лығы;
В) Монархтың абсолюттік билігінің орнығуы;
С) Барлық басымдылықтар шаруашылық қауымдарға;
D) Аристократиялық биліктің басымдылығы;
Е) Барлық билік халыққа.
11. Ортағасырлық саяси көзқарастардағы маңызды
мәселелер қандай?
А) Саясат және дін;
В) Дін және ғылым;
С) Адам және қоғам;
D) Қоғам және мемлекет;
Е) Адамгершілік және діни парыз.
12. Ортағасырдың әлеуметтік-саяси ілімдерінің не-
гізгі идеясы –
А) Христостың жалпылық насихаты;
В) Адамдардың теңсіздігін түсіндіру;
С) Адамдардың міндеттері Құдаймен белгіленген;
D) Мемлекет ерекше құрылым болып табылады;
Е) Адамзат тарихының бірлігі идеясы, адамзат қоғамының
прогрессивті дамуы туралы.
140
Саяси ілімдер тарихы
13. Шығыс ортағасырлық саяси идеясының басты
ерекшелігі қандай –
А) Басқарушыны жоғары көру;
В) Қауымдардың құқықтарын анықтау;
С) Мемлекеттің нормативті-құқықтық аспектілері;
D) Мұсылмандық саяси құқықтарды жасау;
Е) Этнос аралық қатынастарды реттеу.
14. Әл-Фараби бойынша, қайырымды қоғамды жүзеге
асырудың негізгі шарты –
А) Халықтың сауаттылығы;
В) Биліктің тепе-теңдігі;
С) Саясат пен діннің қосылуы;
D) Тұрғындардың адамгершілігі;
Е) Монархтың ар-намыстығы.
15. Ибн-Халдунның негізгі жетістігі –
А) Қоғамның даму заңдылықтарының тарихи зерттеу
қағидаттарын енгізді;
В) Арабтың перипатетизмімен қалыптасқан материа-
листік тенденцияларды дамытты;
С) Қоғам өмірін зерттеуде аверроизм қағидаттарын
таратты;
D) Қоғам дамуының екі фазасын бөліп көрсетті;
Е) Өндірушілердің жеке еңбек азығы мен құралдарына
деген құқықтарын қорғау.
16. Ибн-Халдун мемлекеттік саясаттың келесі фор-
масын сынайды –
А) Жеке меншікке зиян келтіретін;
В) Діни тәрбиеге мән бермейтін;
С) Мемлекеттің шекарасын кеңейтпейтін;
D) Күшейіп келе жатқан сыртқы экспансияға;
Е) Қауымдық ерекшеліктерді ажыратпайтын.
17. Аврелий Августин доктринасының идеясы –
А) Мемлекет – ол үзілмейтін соғыс мекені;
В) Бір елдің екінші елге қарсы тұруы;
141
«Саяси ілімдер тарихы» пәні бойынша тест сұрақтары
С) Тарихтың циклдық идеясы;
D) Тарих – ол екі жақтың күресі;
Е) Адамзат бірлігі және қоғамдық прогресс.
18. Византиялық саяси ойлар мен саяси өмірдің
сипаттық ерекшелігі –
А) Діни көзқарастардың саясатқа ықпал етуі;
В) Зайырлы көзқарастардың саясатқа ықпалетуі;
С) Саяси өмірдің бюрократизациясы және оның саяси
көзқарастардағы көрінісі;
D) Екі биліктің теңдігі – императорлық және шіркеулік;
Е) Ерестер мен еретиктерді қуғындау.
19. Фома Аквинскийдің ойынша, мемлекеттің мақсаты –
А) Жалпы құндылық, материалдық және рухани;
В) Материалдық құндылық;
С) Рухани құндылық;
D) Дамыған қоғам;
Е) Жеке тұлғаны қорғау.
20. Ренессанс дәуірінің әлеуметтік-саяси ойларының
негізгі бағыты –
А) Гуманизм;
В) Адамның бостандық және құқық мәселелері;
С) Мемлекет заңдары – адамдардың тәжірибе және ақыл
нәтижесі;
D) Қоғам – тәуелсіз адамдар одағы;
Е) Адамның шығармашылық мүмкіндіктеріне сену.
21. Н. Макиавелли шығармаларының басты мақсаты
мынадай –
А) Саяси ғылымды жасау;
В) Ортағасырлық схоластиканы рационализм және
реализммен ауыстыру;
С) Ғылымға заманауи мағынадағы «мемлекет» және
«республика» ұғымдарын енгізу;
D) Дінге рационалды қарау;
Е) Ұлттық рухты жоғарылату.
142
Достарыңызбен бөлісу: |