Сонымен қатар ғылыми білім абсолюттік және қатысты болуы мүмкін.
Қатысты білім – болмыстың жалпы дәл бейнесі болмақ, кейбір бейненің обьектімен сәйкесінің толық еместігімен ерекшеленеді. Абсолюттік білім – обьект туралы қорытындыланған түсініктің жеткілікті өнімі, бейненің обьектімен абсолютті сәйкестігін жасақтайды. Абсолюттік білім болашақта өзгеруі немесе теріске шығуы мүмкін емес.
Таным
Таным екі деңгейден тұрады:
сезімтал
рациональды
Сезімтал таным – эмпирикалық, ал рациональды – теориялық білім.
Сезімтал таным адамның айналадағы болмыспен байланысын жасақтайды. Сезімтал таным элементтері – түйсік, қабылдау, түсінік және бейнелеу болып табылады.
Түйсік – заттардың қасиеті немесе ақиқат әлем құбылыстарының сезім мүшелеріне әсер ететін, адам миының бейнесі.
Қабылдау – белгілі бір уақытта сезім мүшелеріне әсер ететін заттар немесе жалпы құбылыстардың адам миындағы бейнесі.
Түсінік – зат немесе құбылыстың қосымша бейнесі, белгілі бір уақытта адамның сезім мүшелеріне әсер етпейтін, бірақ өткенде әсер еткен. Түсініктер - өткен заттар мен құбылыстар әсерінің мида сақталған ізімен қалпына келу бейнелері.
Бейнелеу – жаңа бейнелердің толық көрініске жинақталуы мен қайта бейнеленуі.
Достарыңызбен бөлісу: |