Алғашқы құжаттар
Алғашқы құжаттар қатарында кітаптар (көлемі 48 беттен асатын периодты емес тексттік басылымдар) және брошюралар (көлемі 4 беттен асатын, бірақ 48 беттен көп болмайтын периодты емес тексттік басылымдар).
Кітаптар және брошюралар ғылым салалары және ғылыми пәндер бойынша, ғылыми, оқытушы, тегін және тегін емес болып бөлінеді.
Кітаптар және брошюралар ішінде бірнеше авторы бар, бір проблема немесе тақырыпты жан жақты зерттеуі бар монографияның, бір немесе бірнеше авторлар шығармасы бар ғылыми жұмыстар жинақтарының, рефераттар және әртүрлі маңызды, ғылыми материалдар мәні ерекше.
Оқыту мақсатында оқулықтар және оқыту құралдары (оқыту баспалары) басылады.
Маңызды басылымдар мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдар, орындар, ведомстволар атынан шығарылады. Оларда құқықтық нормативтік немесе дерективті материалдар болады.
ҒТЗ жылдамырақ қоры болып әр жылға тұрақты номермен, белгілі бір уақыттан кейін шығатын мерзімді басылымдар болып саналады. Олардың әдеттегі түріне газеттер, журналдар жатады. Периодты баспаларға материал толуына байланысты белгісіз уақыттан кейін шығатын үздіксіз баспалар да жатады. Әдетте бұл нақты периодсыз шығатын институт, ЖОО, ғылыми қоғамдардың ғылыми еңбек жинақтары. ҚазҰТУ да «Вестник КазНТУ» атты ғылыми еңбек жинақтары шығарылады.
Мұнай газ бөлімі мамандарына келесі баспалардың маңызы бар:
Нефть и газ Казахстана;
Нефть и газ;
Нефть и капитал;
Нефть и газовые технологии;
Нефтегазовая вертикаль;
Нефтяное хозяйство;
Нефть, газ и бизнес.
Техникалық баспалардың арнаулы түрлеріне шығатын өнім сапасын (стандарттар, ережелер, методикалық нұсқаулар) және техникалық сатысын реттейтін нормативті техникалық документтеуді жатқызады.
Стандарт жауапты органмен бекітілген және объектке норма жиынтығын, ережелер, талаптар қоятын нормативті техникалық құжат.
Қазақстан Республикасында үш стандарт категориясы жұмыс істейді:
Мемлекеттік (МЕСТтер)
Салалық (ОСТ)
Ұйымдар стандарты (СТП).
Ғылыми зерттеу жұмыстары үшін шығарушы құқығы туралы мәліметтері бар және жаңалықтар, жаңа заттар, өндірістің басқа да түрлері туралы мәліметі бар патентті құжаттардың (документтеудің) маңызы көп. Патентті документтеудің жоғарғы нақтылығы бар, өйткені ол жаңалығына және пайдалылығы үшін тиянақты экспертизадан өтеді.
Жарияланбайтын алғашқы құжаттарға ғылыми техникалық отчеттар, диссертациялар, қолжазбалар, ғылыми аудармалар, конструкциялық документтеу, семинарлар, симпозиумдар, ғылыми техникалық конференциялар туралы хабарламалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |