Өнертабыстың сипаттамасына (патентті сипаттамасы) техникалық информациямен қатар құқықтық қорғаныс көлемін анықтайтын элементтер кіреді.
Өнертабыстың халықаралық классификациясы
Өнертабыстың халықаралық классификациясы халықаралық патентті классификация (1954) туралы Европалық конвенция жағдайына сәйкес құрылды. ӨХК техника мен ғылымның дамуына сәйкес жақсартылу үшін периодты түрде қарастырылады. Әр бес жыл сайын ағымдағы тіркеудегі құжаттарды индекстеу үшін ӨХК нің кезекті редакциясы шығады. ӨХК ні енгізетін мүше әлемдік интеллуалдық меншіктік бөлімнің халықаралық бюросы.
ӨХК білімнің барлық облысын қамтиды. ӨХК нің информациялық іздеу тілінде алфавитті цифрлі нотацияға ие нақты тілдің сөздері, сөз тіркестері қолданылады.
ӨХК де материалды өндірістің барлық ауданын бөлімдерге, кластарға, кіші кластарға, группаға және кіші группаға бөледі.
Бірінші классификациялық қатар А дан Н дейінгі әріптермен белгіленетін 8 бөлімшелерден тұрады.
Бөлімше индексі бөлімше индексіне және екі саннан тұратын кластан тұрады. Мысалы А 01.
Әр кіші клас рубрик деп аталатын бөліктерден тұрады.
Патентті фондта ӨХК ні, әртүрлі сілтемелерді және таблицаларды біріктіретін анықтамалық іздеу аппараты бар.
Аталған сілтемеден басқа ағымдағы патенттік құжаттың библиографиалық мәліметі бар, нумерациялық (сипаттау құжат номері бойынша), систематикалық (сипаттаулар классификация жүйесі индексі бойынша), есімдік (сипаттаулар патент иесі немесе арыз беруші есімі бойынша), патент аналогтық (яғни әртүрлі мемлекеттерде бір өнертабысқа берілген патенттер) сілтемелер бар.
Өнертабысты классификациялау жүйесінің индексіне сәйкес таблицалар әртүрлі классификацияларда бірдей рубриктерді орнатуға көмектесетін материал болады. Әдетте ӨХК сәйкестік таблицасын бір мемлекеттің өнертабыс сілтемесіне және керісінше қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |