Зертханалық тәжірибе зертханалық жағдайда әртүрлі құралдарды арнайы модельді қондырғыларды, стенд және жабдықтарды қолданумен жүргізіледі. Әдетте зертханалық тәжірибелерде объектінің өзі емес оның жобасы зерттеледі.
Бұл тәжірибені қайталау арқылы бір сипаттаманың басқалары түрленгендегі әсерін зерттеуге, уақыт пен қордың аз шығыны мен жақсы ғылыми ақпарат алуға болады. Бірақ мұндай тәжірибе зерттелетін үрдістің жүрісін толық көрсетпейді, сондықтан жаратылысты тәжірибені жүргізу қажеттілігі туады.
Жаратылысты (натурный) тәжірибе табиғи жағдайларда және нақты объектілерге орындалады. Тәжірибенің бұл түрі көбінесе дайындалған жүйені жаратылысты сынау үрдісінде қолданылады. Сынақты орындау жеріне байланысты табиғи тәжірибелер өндірістік, өрістік-полигондық, жартылай жаратылысты және т.б. болып бөлінеді. Жаратылысты тәжірибе мұқият жоспарлауды және ойластыруды, зерттеу әдістерін рационалды таңдауды қажет етеді. Барлық жағдайда жаратылысты тәжірибенің негізгі ғылыми проблемасы ─ қажетті мөлшерде тәжірибе жағдайының сәйкестенуін қамтамасыз ету. Сондықтан тәжірибенің негізгі есебі: зерттелетін объектіге әсер ететін ортаның сипаттамасын зерттеу, объектінің статикалық және динамикалық көрсеткіштерін теңдестіру, объект қызметінің тиімділігін бағалау және оның берілген шартқа сәйкестігін тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |