Тәжірибелердің жіктелуі
Ғылымның әр түрлі саласында жүргізілетін тәжірибелер:химиялық, физикалық, биологиялық, психологиялық-әлеуметтік және т.б. болып бөлінеді.Олардың:
Шарттарды құрастыру әдісі бойынша (табиғи және жасанды);
Зерттеу мақсаты бойынша (өзгеретін, бақылайтын, іздейтін, есептейтін);
Орындауды ұйымдастыру бойынша (зертханалық, табиғи, өндірістік және т.б.);
Зерттелетін объектілерінің құрылысы бойынша (қарапайым, күрделі);
Зерттелетін объектіге сыртқы әсердің сипаты бойынша (энегетикалық, ақпараттық);
Тәжірибелік зерттеу затының зерттелетін объектімен өзара байланысу сипаты бойынша (қарапайым және модельді);
Тәжірибелерде зерттелетін модельдер түрі бойынша (материалдық және ойдағы);
Бақыланатын шама бойынша (пассивті және активті);
Түрленетін факторлардың саны бойынша (бір факторлы және көп факторлы);
Зерттелетін объектінің немесе құбылыстың сипаты бойынша (технологиялық және әлеуметтік) және т.б ерекшеліктері бар.
Әрине жіктеуге басқа да белгілерін қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |