Кiрiспе. 30 тамыз 1995 ж. ҚР жаңа Конституциясын қабылдау. Конституция құрылымы. Жоспар



бет11/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#86401
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
лекция

Бақылау сұрақтары:

  1. X ғасырдың орта кезінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған қандай мемлекет пайда болды?

  2. Қарахан мемлекетіндегі саяси жағдайлардың жалпы сипаттамасы.

3.Қай жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жарияланды?

10 тақырып
Ақ Орда. Ноғай Ордасы. Моғолстан.
Жоспар
1) Ақ Орда.
2) Ноғай Ордасы.
3) Монғолстан.

Ақ Орда - Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс, кейіннен тәуелсіз мемлекет. Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Ұрыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Ұрыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, Қажытарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады. 1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды. Ноғай ордасы , Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік.




Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік.-батыста Қазанға дейін, оңтүстік.-батыста Арал, Каспий теңізіне дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Ноғай ордасы алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған.“Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ның негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар ( қоңырат,маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуы¬лынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Н. о-на кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды; қ. Ноғайлы дәуірінің әдебиеті. Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды. Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады. 14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы. Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты. Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді. 1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады. Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет