Бақылау сұрақтары: 1.Темір металын игеру қай кезден басталды?
2.Савроматтар жайлы қандай жазба деректерін білесіз?
3.Олар Қазақстанның қай тереториясын мекендеді?
4. Ғұн мемлекетінің негізін салушылар кімдер?
5. Ғұндардың Батыс елдеріне жорықтарының нәтижесі қандай болды?
6. Ғұндардың әскери техникалары қандай болды?
7.Үйсін мемлекетінің құрылу процесі қандай болды?
8. Үйсіндердің Қытай мемлекетімен ара-қатынасы қандай болды?
9.Үйсіндер жайлы қандай жазба деректері бар?
7 тақырып. 2. Бөлім. Орта ғасырдағы Қазақстан. Қазақстан аймағындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер. Түрік қағанаты. Түргеш қағанаты. Қарлұқ қағанаты. Сыртқы саяси өмірі мен сауданың дамуы. Ұлы Жібек жолы. Жоспар 1) Түрік қағанаты.
2) Қарлұқ қағанаты.
3) Ұлы Жібек жолы.
Түркі қағанаты (Бітік (руна) жазуымен: түркілердің тайпалық одағы тарапынан орта ғасырларда (552 - 603 ж.) басқарылған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі.Түркі қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс Қытай (Маньчжурия), Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан және Солтүстік Казказ территорияларына иелік еткен. Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер жоғары жағында бір жердегі Бұкрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан. Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтардың бірінде Иштеми Бумыньмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын деп жариялады».Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы ИЕштеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Иштеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді.Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - "яғбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 аймаққа бөлінетін. Қағанның ордасы - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара будундар (жалпы халық), таттар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын. 581 ж. Қытайда Чжоу династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жибек жолындағы рөлі азаюға бастады. Тобо хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді. 604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Тардуш (Дато) сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып сайланды. Түргеш қағанаты (орыс. Тюргешский каганат; ағыл. Turgish kaganate) — дулу тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этникалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш қағанаты екіге бөлініп кетеді. Біреуінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сұлу. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш", ал Сұлуға бағынған халықты - "қара түргеш" деп атаған.) Түргештер Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел дулаттың белді тайпасы. Шежіре деректерінде "сары үйсін" деп аталады.Түргештер Іле мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі өңірде көшіп-қонып жүрген. Бұл өлке мал шаруашылығына қолайлы, құнарлы өріс-қоныс болды. Сонымен қатар отырықшы егіншілік ошағы, біршама көркейген қалалары бар бай өлке еді. Шығыс пен батыс арасындағы сауда-керуен жолының осы өңірді басып өтетін басты бөлігі түркештердің бақылауында болды. Бұл жағдай түркештердің әскери-саяси және шарушылық қуатын арттыра түсті. Батыс Tүрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери- саяси әрекеттері қаған билігінін әлсіреуіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-көп себепші болды. «Он оқ бұдун» құрамына кірген тайпалардың енді қаған атынан емес, өз туын көтеріп қимыл жасауы жиілей түсті. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, шығыста қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісудың өзінде азғыр Нүзұқ-Иркин, түргеш Чыкан және ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған, бірақ шежірешінің сөзіне қарағанда, олар жеңіске жете алмаған. Мұның өзі, шындыққа үйлеспейтін болса керек. Қалаға шабуылдың сәтсіз аяқталуы туралы шежірешінің сөздері өкілдердің мәлімдемесіне ғана негізделген. Әдеттегідей, шайқастың қалай болғанын нақты суреттеп баяндау жоқ, шежіреші тек «жеңілді» дейді де қояды. Ол былай тұрсын, бұдан кейін бірден аймақтың халқын тыныштандыру үшін түрік Хусэлоның бастауымен қосын ұйымдастырылды (бұлар түріктерден құрылған болуы керек) делінеді. Бірақ жорыққа әзірленіп жатқан кездің өзінде қағанатта жаңа бір күш пайда болады да, мұның куаттылығы соншалық, Хусэ- ло батысқа жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады. Бұл күш Баға тархан деген атағы бар Үшлік бастаған түргештер болды. Бытыраңқылық және Хусэло қағанның қашып кетуі жағдайында түргештердің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға емес еді. Қағанаттың сол қанатының құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер VI ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейе берді, оларға бағынышты тайпалар саны көбейді. Үшлік өз жерінде әрқайсысы 7 мың сарбаздан тұратын 20 аймаққа бөлді. Бұрын Шудың солтүстік-батыс жағында болған өз ордасын ол Суябқа көшіріп, оны Үлкен орда деп атады; Күнгіт қаласында оның Кіші ордасы болды. Күнгіт және солай аталатын тайпа Іле өзені аңғарында орналасқан (олар мұнда XI ғасырда да тұрған, мұны Махмұд Қашғари атап көрсеткен). Шежіреде айтылғанындай, батыс түрік жерлері «шығыста солтүстік туцзюйлермен (яғни Шығыс түрік қағанатымен), батыста — хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп, шығыста тікелей Сичжоу (Тұрфан) жәнеТинчжоу (Бесбалық) аймақтарына дейінгі жерді алып жатқан». Бұл екі топтың арасы өте-мөте ушығып тұрған болатын. Үстемдік үшін күрестің барысында Іле түргештері Қапаған қаған бастаған шығыс түріктерімен әскери одақ құрды. Олардың арасындағы күрес көріністерінің бірі Ертістен бір түндік жердегі Бөлу Шу өзені бойындағы шайқас болып табылады. Шу түргештері (басқаша айтқанда, сары түргештер) қатты жеңіліске ұшырады, мұның нәтижесінде үстемдік олардың бәсекелестеріне (қара түргештер, бұлар өз ордасын Таласқа көшірді) ауысты. Бұлар қаған тағына қара түргештердің шапыш (чэбиши) тайпасының өкілі Сұлуды отырғызды. Құжаттар сол кездегі Түргеш қағанатында әлеуметтік өзгерістердің болғанын көрсетеді. «Жаңахында» былай делінген: «Шығындар (ақсүйектердің) күн сайын өсіп жатты, ал қор дегенің болған жоқ. Соңғы жылдары ол (қаған) тапшылықты сезіне бастады, сондықтан талап алынған олжаларды бірте-бірте бөліске салмай, өз қолында ұстады. Міне, осы кезде бағыныштылар да одан бөлініп шыға бастады». Дау-жанжалдар қара түргештер мен сары түргештердің билеуші топтары арасындағы күреске ұласты. 738 жылы Сұлу қаған өлген кезден бастап бұл күрес өте-мөте шиеленісе түсті. Шежіреде айтылғандай, Түргеш қағанатында «Сақалдың ұрпақтарын сары рулар (сары түргеш) деп, ал Сұлу ұлысын қара рулар (қара түргеш) деп атайды, (олар) бірімен-бірі жауласады, біріне-бірі сенбейді». Түргеш шонжары шумекен Бекан-Күлүг-шорасының (Фу- Янь-Цюэлю-чо) хатында да осы туралы айтылады: «Біз далада, толқып тұратын елде тудық, біріне-бірі шабуыл жасап, кескілесіп жатады...»Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түрік қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үшлік қаған (704-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасады. Түргеш қағанатында Үшліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сұлу қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер үш майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті, солтүстікте Шығыс Түркі Қағанаты күш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сұлу шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сұлу қағанды
арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылұлудықты өз қолбасшысы Б ға-Тархан өлтіреді. Қағанаттың күйреуі
Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилері 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады. «Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған.[1] Ұлы Жібек жолы-адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырғын көпір болғын.Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап, екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып,Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содна Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен. Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.
«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады.
Ерте кездегі «Жібек жолы» Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады. Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас. 7 ғасыр кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғасырға дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғасыр басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады.