Кiрiспе. 30 тамыз 1995 ж. ҚР жаңа Конституциясын қабылдау. Конституция құрылымы. Жоспар



бет16/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#86401
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
Байланысты:
лекция

Бақылау сұрақтары:
1) Эпикалық дегеніміз не?
2) Адам эмоциясы дегенді қалай түсінесіз?
3) Музыка деген не?


15 тақырып
3. Бөлім. Қазақстан Ресей империясының құрамында
Қазақ жерлердің Ресейге қосылу басы. Қазақ - жоңғар соғыстары. «Ұлы жұт жылдары».
Жоспар
1) Қазақ жерлердің Ресейге қосылу басы.
2) Ұлы жұт соғыстары.
3) Қазақ жоңғар соғыстары.


«Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп Шоқан Уәлиханов көрегендікпен айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға әрбір ұстаз міндетті. Қазір оқытушы мамандарға қойылатын талап – жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Оқытушы қаншалықты тиянақты, ұқыпты сабақ бергенімен оқушыларды тарихи материалдарды оқып – үйренуге ынталандырғанымен егер де оқушының өзі білім алуға өз бетімен ынталанып, қызығушылығы болмаса, оқыту үрдісі ойдағыдай өз дәрежесіндей болмайтыны белгілі. Төменде көрсетілген сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау және жазу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері көрсетілген. Осылайша әр сабағымда оқушылардың топта қарым – қатынас жасауына, өз ойын еркін жеткізе білуіне, тарих пәнінен білім бере отырып, тәрбиеленушілік мүмкіндіктері негізінде сабақта алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдануға бағытталған стратегияларды пайдаланамын. ЖҰТ – ауа райының аса қолайсыз құбылыстары (қуаңшылық, жерді көк мұз басуы, тағы да басқа) салдарынан белгілі бір аймақ тұрғындарының экономикалық күйзеліске ұшырауы. Қазақ халқы Жұтты “жеті ағайынды” дейді. Олар: Жұтты, құрғақшылық, өрт, індет, сел (көшкін, топан су), зілзала, боран (бұрқасын, дауыл). “Жұт жетеу, содырмен сегіз, салақпен тоғыз, олақпен он” деген мақал арқылы халық табиғат апатының зардабы адамның өзіне байланысты екенін аңғартқан. Ауа райының өзгеріп, Жұтқа әкеп соқтыратын атмосфералық процестердің бірі – антициклондар мен арктикалық құрғақ ауа массаларының белгілі бір аймаққа ұзақ уақыт ықпал етуі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, бұл құбылыс Жер шары аумағында әрбір 11 – 12 жыл немесе 80 – 90 жыл өткен сайын қайталанып, Күн белсенділігінің минимумы кезеңіне сәйкес келуі мүмкін. Ондай жылдары жауын-шашын мөлшері мүлде азайып, дамылсыз аңызақ жел соғады, ауа температурасы бірнеше градусқа көтеріледі, нәтижесінде климаттың континенттігі күрт артады, мұның салдарынан өсімдіктер тез қурап кетеді. Атмосфералық циркуляция кезінде ауа массаларының бағыты мен полюстері кейде қалыпты жағдайынан ауытқып отырады; оның салдарынан жылы аймақтар қатты суынып, суық өңірлердің ауа райы жұмсарады. Мұндай процестер әрбір 8 – 13 жылда қайталанып отыруы ықтимал. Бұл жағдай, әсіресе, жылы аудандардың мал шаруашылығына үнемі қауіп туғызады. Кейде атмосфералық жауын-шашын (жаңбыр, қарлы жаңбыр) кезінде ауа температурасының тез суынуымен жер бетін көк мұз басады. Бұл құбылыс, көбінесе, шағын аймақтарды қамтиды және, негізінен, жергілікті атмосфералық циркуляцияға байланысты болады. 19 ғасырда қазақ даласында 20 ірі Жұт тіркелген. Есепшілер дерегі бойынша, олар 10 – 12 жылда қайталанып отырған. Олардың ішінде ең ірісі – 1879/80 жылдары өткен “ұлы қоян жұты” кесірінен қазақ даласындағы малдың шамамен 48 пайызы шығынға ұшыраған. Торғай облысында 1850 жылғы Жұтта 257425, 1855/56 жылғы Жұтта 126797, 1879/80 жылғы Жұтта 1071 384 мал қырылған. Сол 1879/80 жылғы Жұтта Сырдария облысы тұрғындары малының 56 пайызынан айырылса, 1892 жылғы Жұтта Қазалы уезі тұрғындары жылқысының 90 пайызы, қойының 80 пайызы, түйесінің 60 пайызы өлген. 1891/92 жылғы “кіші қоян жұтынан” Торғайдағы малдың 36 пайызы қырылған. 20 ғасырдың басында “доңыз жұты” (1902/03 және 1911/12 жылдардағы), “қой жұты” (1919/20 жылдары) іспетті кесапатты Жұттар болған. Жұт зардабы орта есеппен 8 – 10 жылдан соң ғана қалыпқа келетін болған. Жұт жылдары халық көлденең ауруға шалдыққан. Бұл жағдайды ескерген ел ақсақалдары қыс кезінде малға беретін шөп, пішен қорын жазда жинақтау ісін ұйымдастырған. Дөңбек сүйреткімен қар мен мұзды аршып, малды тебінге шығарған. Дәстүрлі қазақ қоғамында Жұт кезінде Құдайдың табиғаттың тосын құбылыстарынан, қуаңшылықтан құтқаруы үшін тасаттық берілген, жадытаспен күн жайлатып, жауын шақырған, су іздеп жаңа қонысқа көшкен. Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған. 16 ғасырдың орта шені мен оның 2-жартысында қазақ хандары ойрат билеушілеріне қарсы күресте едәуір басым түскен. Өйткені бұл кезде ойрат нояндары Моғолстанға қарсы күрес және ойрат қоғамының өз ішіндегі алаауыздық салдарынан біршама әлсіреген болатын. Орыс патшасы Иван IV-нің Ноғай ұлыстарына жіберген елшісі Данила Губин Мәскеуге қазақтардың күштілігі және олардың ойраттарды бағындырғаны жайында хабарлаған. 1594 жылдың басында Мәскеуде болған Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед те осындай мәлімет келтіреді. Ол Тәуекелдің інісі Шах-Мұхамедтің қалмақтарға хан болғанын патша сарайында болған әңгімесінде баяндаған. Жоңғар хандығына біріккен төрт ойрат тайпасының шабуылдары, әсіресе, Батыр қонтайшының тұсында өрши түсті. Соның ішінде 1635, 1643 – 44, 1651 – 52 жылдары қазақ жеріне жасалған жорықтардың зардаптары ауыр болды. 1643 жылы Батыр қонтайшының туы астында 50000 жоңғар әскері Жәңгір хан бастаған қазақ жасағына қарсы ірі жорық ұйымдастырды. Қазақтарға қарсы бұл қанды жорыққа халха тайпасының билеушісі Алтын ханның баласы Омбо Эрдени әскері де ат салысты. Кейбір деректерге қарағанда бұл жорыққа Еділ қалмақтары да қатысқан. Жәңгір хан бастаған 600 ғана қазақ әскері (кейбір зерттеушілер, бұл мылтықпен қаруланған сарбаздар саны, ал қазақ әскерлері бұдан әлдеқайда көп болған деп есептейді) қорғаныс ұйымдастырып, жедел көмекке келген Жалаңтөс баһадүр сарбаздарымен тізе қосып, 10 мыңдық жау әскерінің шабуылын тежеген (қ. Орбұлақ шайқасы). 1681 – 84 жылдары қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан Қазақстанның оңт. аудандарына басып кірді. Қазақ ханы Тәуке хан шайқаста жеңіліске ұшырап, оның баласын ойраттар тұтқынға алды. 1684 жылдары ойраттар қазақ жеріне тағы да жорық жасады. Сайран қаласын талан-таражға салды. Қазақтардың әлсіреген халін пайдаланған Аюке бастаған Еділ қалмақтары да қазақтар мен оларға одақтас болған түрікмен, қарақалпақтардың біріккен әскеріне шабуыл жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет