Кiрiспе. 30 тамыз 1995 ж. ҚР жаңа Конституциясын қабылдау. Конституция құрылымы. Жоспар



бет15/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#86401
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
лекция

Бақылау жұмыстары:
1) «Мәдениет» деген сөздің мағынасы?
2) Ердің алдынғы қасын көбінесе немен өркендейді?
3) Көне заманда қазақ жерінде өркендеген жер?


14 тақырып
Эпикалық аңыздар. Музыка өнерi.
Жоспар
1) Эпика.
2) Аңыздар.
3) Музыка өнері.

Эпикалық дәстүр — түркі тайпаларының мәдениетінен байқалатын көне құбылыс. Оның туу, қалыптасу кезеңдері тереңге тартады. Осы дәстүр аясында көптеген жанрлар қалыптасқан. Олар әдетте 7-8 буынды өлшемге негізделіп, халық поэзиясының негізгі қабатын құрайды. Сонымен бірге эпикалық дәстүрдің музыка өнеріне де қатысы бар. Мазмұны мен мақамдық ерекшеліктеріне байланысты эпикалық жанр бірнеше салаға жіктеледі. Эпикалық дәстүрдің бел ортасында тұратын жанр — эпос. Ол тарихта болған, бір кезеңдердегі қаһармандық немесе романдық оқиғалардың желісіне құрылған көлемді туынды. Эпостың музыкалық мақамы, поэзиялық құрылымына тән көркемдік ерекшеліктері болады. Бүгінде эпос көне, қаһармандық, романдық, дастандық және тарихи болып жіктеліп жүр. Мұндай бөлініс эпостық жырлардың даму кезеңдерін, қайсысы бұрын, қайсысы соң туғандығын, яғни стадиялық қатарын анықтайды. Жанрлық ерекшелігінен бөлек эпостық жырлардың поэтикасы — көркемдік, композициясы — музыкалық-мақамдық ерекшеліктері болады. Мұның бірі әдеби, екіншісі — музыкалық мәселе. Бұдан бөлек Қазақ эпосында коммуникативтік — хабарлы, ақпаратты мазмұны болады. Яғни, эпос поэзия мен музыканың бірлігі арқылы көне дәуір оқиғаларын бізге жеткізеді. «Қарасай-Қази». Ноғайлы дәуірінде қазақтар мен қалмақтардың арасы жақсы болмағаны белгілі. Бірде қалмақтың Қондыкер дейтін батыры хат жолдап, батыр болса Қарасай мен Қазм біздің елімізді шапсын, қорықса өз үйінің қуысын тапсын деп мазақ етіпті. Бұл кезде Қази жеті, Қарасай сегіз жаста екен. Екеуінің әлі буыны қатып, бұғанасы бекімеген кезі. Қалмақтың әлгі сөзін намыс көрген Әділхан сұлтан шағын қолмен қалмақтың еліне аттанады. Ел шегіне жеткенде оларды Қондыкер қарсы алып, үлкен соғыс басталады. Ұрыс қызған кезде Әділхан сұлтанның астындағы аты сүрініп құлап, өзі қалың қалмақтың ортасында қалады. Олар сұлтанның қол-аяғына кісен салып, терең зынданға тастайды. Әділхан сұлтан зынданда ұзақ жатады. Бір күні зындан ішіне қарлығаш ұшып кіреді. Мұны көрген сұлтан өзінің зынданда жатқанын еліне хабарлап, баяғы Қарасай мен Қази тірі болса мені құтқарсын деген ойды қызына жеткізеді. Хатты қарлығаштың қанатына қыстырып, қоя береді. Сұлтанның Ханзия атты сұлу қызы бар еді. Бірде есік алдында отырса, тізесіне қарлығаш келіп қонады. Құсты арқасынан сипаған кезде, қанатының астынан хат шығады. Оны оқып мән-жайды білген қыз әкесінің жағдайын анасына жеткізіп, Қарасай мен Қазиды іздеуге шығады. Эпикалық дәстүр тудырған жанрлардың бірі — толғау. Оның мазмұны ойлы, мақамы сазды келеді. Толғау деп өмір, тіршілік туралы терең ой мен толғанысқа құрылған шығарманы айтамыз. Қазақтың от ауызды, орақ тісті келееі бір жырауы Бұқар болса, ол Абылай тұсында өмір сүрген. Оның жырларына қарап Бүқар Абылайдың сыншысы, ақылшысы болғанын көреміз. Ел туралы толғанғанда ол Абылай ханның жеке басына да мін таға береді.


«Ал, тілімді алмасаң», Қазақ халқының бірлігін ойлап, үш жүзді бір тудың астына жинауды көздеген Абылай ханның қиғаш кеткен жерлері аз емес көрінеді. Сондай тұстардың бірінде Бұқар жырау Абылайға ақыл салады. Онда биліктің қызығына түсіп, еліңе қиянат жасама. Күні кеше сен кім едің? Түркістан жеріндегі Әбілмәмбет ханның қызметшісі, Төле бидің түйесін баққан құлы емес пе едің. Есейе келе қолыңа қылыш алып, жауыңды жеңдің. Қолың билікке жетті. Басыңа бақ қонды. Бірақ сол бақты көтере алмай жүргендейсің. Өзге батырлардан сенің қай жерің артық? Қабанбайдан бұрын қай жауды жусатып едің? Шыққан тегің кімнен артық? Атаң арқар ұранды жат, анаң түрікменнен туған күң еді деген сын айтады. Эпикалық дәстүр аясында туған дидактикалық жанрдың келесі бір тармағы — терме. Толғаумен салыстырғанда муның жырлайтын тақырыбы да, әуен-сазы да өзгеше. Егер толғау ойлы, қоғамдық маңызы бар күрделі тақырыптарға құрылса, терме өмірдің жеке бір көріністерін жырлауға бейім. Осыған орай оның музыкалық мақамы да жеңіл, ойнақы, сазды келеді. Ол көбіне термелеп айтылады. Эпикалық дәстүр тудырған кенже жанрлардың бірі — желдірме. Бұл атауы көрсетіп тұрғандай, жылдам, желдіртіп айтылатын туынды. Егер толғау мен терме көбіне Қазақ халқының эпикалық дәстүрімен байланысты болса, желдірме бүгінгі күн тақырыбын да жырлай береді. Оған дәлел ретінде белгілі ақын әрі сазгер Иса Байзақовтың желдірмелерін айтуға болады. Желдірменің әуені жеңіл, сазды әрі ойнақы келеді. Оны ең алғаш Е. Брусиловский жазып алып, нотаға түсірген. Сол кезден бастап Исаның «Желдірмесі» көптеген музыкалық шығармаларға арқау болып келеді.
Қазақ фольклорының дара бір саласы — айтыс. Айтыс кебіне түркі тектес халықтар мәдениетіне тән құбылыс. Оны Еуропа халыктарының әдеби-музыкалық дәстүрінен табу қиын. Эпос бір адамның орындауында жеткізілетін ірі жанр болса (монолог), айтыс екі адамның (диалог) тартысына құрылған шығарма. Оның да келтеген түрлері болған. Мысалы, ертеде ру-тайпа арасындағы айтыстар болса, кейін айтыс әлеуметтік тақырыптарға негізделетін болған. Оның келесі бір түрі — қыз бен жігіт айтысы. Айтыс — музыкалық-эпикалық дәстүрдің бір арнасы. Оның негізгі ерекшелігі импровизацияға негізделіп, сезбен жеткізілетін ой тартысына құрылуы. Айтыстың қайым, бәдік, сүре, түре тб. түрлері бар. Ал музыкалық әуеніне келгенде олардың бір-бірінен пәлендей айырмасы жоқ. Айтыстың жоғарыда аталған кез келген түрі белгілі бір музыкалық мақаммен орындала береді. Сонымен бірге, әрбір айтыскер өз ойын ел арасына тараған әуен-саздарды қолдану арқылы да жеткізетін болған. Бүгінде айтыс өнері қайта жанданып отырса, оның музыкалық табиғатын зерттей түскен жөн. Эпикалық жанр дәстүр шеңберінде ғана өмір сүреді. Оның небір көркем үлгілерін біздің заманымыэға жеткізуші эпос айтушылары — ұзан, жырау, жыршы, термешілер. Эпос айтушыларының кене дәстүрі шамандық наным шеңберіндегі бақсылықтан бастау алады. Ертеде шамандар ел басқарған, әскербасы болған, сиқыршы, емші, түс жорушы, жауырыншы және жын-пері, әруактармен тілдесетін, екі дүниенің арасын жалғап турған адамның қызметін атқарган құралы -асатаяқ, кепшік, даңғыра, қобыз, поэзиялық елшемі -жыр, дүние-танымы — шамандық (тәңірлік). Ертеде шамандар ел ақылгейі болған. Орхон жазбаларындағы Тоныкөк осы бақсылар типінің көрінісі. Бақсылардың атасы болып есептелетін Қорқыт- қобыз аспабында күй тартып, жыр жырлаған. Сондықтан оларды жырау, ал кейінгі айтушыларды жыршы деп атаған. Жырау — белгілі бір сюжетті жырға қосатын, суырыпсалма тұлға, жыршы — сол жырларды орындаушы, көпшілікке жеткізуші, эпикалық дәстүрді жалғастырушы. Бірақ бұл ұғым-түсініктің шарттылығы да жоқ емес. Сонымен, музыкалық эпос дегеніміз — көне тайпаларға тән көркем ойлау жүйесінің белгілі бір сатысында көбіне отбасы, ру, тайпа тәуелсіздігі, ел бүтіндігі секілді этникалық сана аясында туатын күрделі музыкалық-поэтикалық шығарма.
Эпостану ғылымында түрлі танымдық көзқарастар, ағымдар мен бағыттардың болғаны белгілі XIX ғасырдағы фольклортану ғылымында мифологиялық бағыт, тарихи мектеп бой көрсетіп, оның өкілдері эпос мифтік сюжеттерден және тарихи оқиғалардан туады деген пікірді жақтады. Миграция бағыты болса эпос мәдениеті дамыған бір елде туып, өзге елдерге тарайды деген пікірді үсынды. Бұл жүйе бойынша эпосты тудыруға бір ғана ел қабілетті де, өзгелері қабілетсіз болып шығады. Кеңес дәуірінде тарихи мектептің табыстары жалғасын тапты. Бірақ, 40-50-жылдары «Едіге», «Кітаби-Қорқыт» т.б. эпостық жырларға байланысты туған сафси дау олардың басым көпшілігінен бас тартуға әкеліп соқтырды. Қырғыздар — «Манас», түрікмендер — «Деде Қорқыт», өзбектер — «Алпамыс», қазактар — «Қамбар батырдан» басқа барлық эпосынан бас тартты. 1953 жылдың бас кезінде эпосқа байланысты басқосулардың бірінде М.Ғабдуллин Қазақ эпосын феодализм дәуірінің мұрасы ретінде бағалады. Сөйтіп Алпамыс, Қобыланды — «халық жаулары» болып шыға келді. Бұл эпостану ғылымының методологиялық тығырыққа тірелген тұсы болатын. Осындай кезенде жаңа ғылыми тезис ұсынған ғалым — В.Я.Пропп. Өзінің «Русский героический эпос» (Москва, 1955) деген еңбегінде ол эпос тарихи оқиға ізімен емес, халықтың ой-арманы, қиялы негізінде туады деген қисын ұсынды. Одан бергі жерде эпостану ғылымы текстологиялық, стадиялық, типологиялық зерттеу тәсілдерімен бірге эпостың тарихылығы деген мәселеге де ден қоя бастады. И.И.Земцрвский баста-ған Ленинград фольклортанушылары музыкалық эпосты тарихи дереккез ретінде бағалады. Бұл бағыт әлі күнге жалғасын тауып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет