Кiрiспе. 30 тамыз 1995 ж. ҚР жаңа Конституциясын қабылдау. Конституция құрылымы. Жоспар



бет27/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#86401
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
Байланысты:
лекция

Бақылау сұрақтары:
1) Ашаршылық қанша млн адамды ажалга әкеліп соқтырды?
2) Нешінші жылы ашаршылық психологияға зиян келтірді?
3) Сол кездегі қазақтардың жағдайы?
26 тақырып.
Ұлы Отан Соғысы кезеңдегі Қазақстан.
(1941 - 1 945 жж.)
Жоспар
1.Екінші дүние жүзілік соғыс (1939-1945 жж.) және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан (1941-1945 жж.).
2. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан (1946-1953 жж.).
3. Хрущевтік «жылымық» жылдарындағы Қазақстан (1953-1964 жж.).
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерліктері. Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына белсене қатысты.1941ж КСРО ОАК мен БКП(б) ОК-нің 1941 ж 29 маусымындағы дерективасында жау басып алған аумақтарда жау армияларының бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын құру көзделді.Осы жылдың 18 шілдесінде БКП(б) ОК*Германия әскерінің тылында күрес ұйымдастыру* туралы қаулы қабылданып,партизан қозғалысын ұйымдастырды.1941ж жазынан бастап жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдары құрамындағы жауынгерлер саны 1943ж соңында 1 млн жетті.1942ж мамырында Қызыл Армия мен партизан қозғалысының ұштасуын қадағалайтын Орталық,кейінірек республикалық және облыстық партизан қозғалысы штабтары құрылды. Енді партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқастан қазақстандықтар құрамына тоқталайық.Украина аумағындағы партизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты.Атап айтсақ,М.И.Шукаевтың партизан отряды құрамында 79 қазақ,Ұлы Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың партизан отрядында 70 қазақстандық болды.Қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті.Мысалы,1942ж Қайсенов Чапаев атындағы партизан отрядтарының командирі сайланып,Украина аумағында жаумен шайқаста үлкен ерлік көрсетті.Сонымен қатар Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев,Талдықорған облысынан П.С.Шленский, Қызылордадан-Байдаулетов, Шымкент облысынан-Ж.Омаров,алматылық-А.С.Егоров және т.б қазақстандықтар әртүрлі партизан құрылымдары қатарында шайқасты.Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке *Халық Қаһарманы* атағы берілді. Белоруссия аумағын жаудан азат етуге де қазақстандық партизандар үлкен үлес қосты.Тек 1941ж Брест облысындағы Старосельск орманында 9 қазақстандық партизан жаумен шайқасты.Белоруссия аумағында ерлікпен шайқасқан отандас партизандар: Озмитель, Омаров, Қайсеитова, Салықов, Сыдыкова, Булаев, Данияров, Темірханов, Жұмабаева және т.б Смоленск облысында құрылған партизан бірлестіктерінің құрамы 45 ұлт өкілдерінен тұрды.Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан бригадасында 19,С.Лазо атындағы партизан полкінде 40,ерекше партизан бірлестігі *Тринадцать*құрамында 48 қазақстандық болды. Жаумен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақстандық пратизандар әртүрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді.А.С.Егоров пен Ф.Ф.Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейінгі жылдары орталық партизан штабының шешімімен тәжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері аумағын аттандырды.Оларға партизан отрядтарын ұйымдастыру тапсырылды.Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния мен Чехословакияны,ал А.С.Егоров Словакияны, С.О.Төлешов, А.Г.Акимин-Польшаны жаудан азат етуге ат салысты. Жүздеген Қазақстандық соғыс тұтқындары Франция, Италия, Бельгия, Греция және т.б Еуропа мемлекеттері халықтарының азаттық күресіне белсенді қатысты. Соңғы мәліметтерге сай, тек Франция, Бельгия, Италия аумақтарындағы партизан құрылымдары қатарында 180 қазақстандық болды. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері. Соғыс жылдары Қазақстанда Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы,7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып,майданға аттандырылды.Қазақстан аумағында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап ерлікпен шайқасты.Әсіресе,Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды.Мәскеу бағытындағы негізгі жолдардың бірі-Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік көрсетті.Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк,моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады.Мәскеу түбіндегі шайқаста,әсіресе Саяси жетекші Ключков басқарған бөлімше -28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп,асқан ерлік көрсетті.1941 ж.17 қарашада дивизияға 8-гвардиялық деген атақ беріліп,кейінірек Қызыл Ту,Ленин ордендерімен,ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.Бұл шайқаста ерлік көрсеткен 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонмен жау қоршауын үш рет бұзып шықты.Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен,9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады.Белгілі орыс жазушысы А.Бектің *Волоколамское шоссе* повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне айналды.Сөйтсе де,Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай,тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді.Алғашқы кезден соғысқа сұранып,әскери комиссарияттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды.Қазақ арулары түрлі әскери болып,ерен ерлік үлгісін көрсетті.Қолдарына қару алып,майданға аттанған қазақ жұлдыздары-Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын паш етті.Авияция саласын меңгерген қазақ қызы-Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры Раскова басқарған әйелдер авияциясының құрпмында авияция штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004ж Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Шығыс Еуропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті.Шығыс Пруссия аумағын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды.Олар-Андреев,Беда,Брилин,Абилов,Кутурга т.б. Словакия аумағын жаудан азат етуге 4- Украина майданы құрамында қазақстандық 8- атөыштар дивизиясы қатысты.Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8- атқыштар дивизиясының құрамындағы 62- артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен,151- Кармат полкі 3- дәрежелі Кутузов орденімен,310- атқыштар полкі 3- дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2,8,5- әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты.Шайқастардағы ерлігі үшін Батеньков пен Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Қорыта келе,Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық.Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2млн адам тұрды.Соғыс жылдары қолына қару алып,майданға 1,9млн адам аттанды. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың,оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы-ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет