Кіріспе а адам- табиғаттың ажырамас бөлігі



бет5/14
Дата07.02.2022
өлшемі200 Kb.
#91155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Гылыми жоба жасыл химия2

Жасыл химия (Green Chemistry) — химиядағы жаңа ғылыми бағыт, оған қоршаған орта мен адамға еш зиян келмейтін химиялық үдерістерді кез келген жетілдіру жолдары болып табылады. Ғылыми бағыт ретінде ХХ ғасырдың 90-жылдары пайда болды. Әлемнің көптеген лабораторияларында жасалып жатқан жаңа химиялық реакциялар мен үдерістердің жаңа схемалары көптонналы химиялық өндірістердің қоршаған ортаға деген зиянын түбегейлі азайтуға бағытталған. Жасыл химия тек қауіпсіз өнеркәсіптік процестерді ендіретін химия ғылымының саласы деп қана айтуға болмайды. «Жасыл химия» – қоршаған ортаның ластануын болдырмау және жоюға бағытталған революциялық философия деп те айтуға болады. Сондықтан да “Жасыл химияны” – тұрақты даму жолындағы химия деп те атайды, себебі жасыл химия бүгінгі түршіліктің сапасын жақсартуды ғана ойламайды, болашақ ұрпақтың да өмірін жақсартуға бағытталған, қазіргі таңда “жасыл химия” химия ғылымының да шегінен шығып, энергетикадан бастап, қоғамның тұрақты дамуына дейінгі салаларға таралып отыр. «Жасыл химия» бүгінгі күні 3 негізгі бағыт бойынша дамуда:

  1. Жаңа таза “жасыл синтездеу” әдістерін жасау (әсіресе каталитикалық реакциялар);

  2. Дәстүрлі органикалық еріткіштерді жаңа таза “жасыл еріткіштерге” ауыстыру;

  3. Қайта қалпына келетін табиғи ресурстардан химиялық өнімдер алу [6].

Нақты әлемде абсолютті қауіпсіз технология, абсолютті зиянсыз өнімдер т.б. болмайды. Тек «қоғам үшін тиімді қауіптілік деңгейіне жету» және сол деңгейді ұстап тұруымыз мүмкін [7]. Сондықтан да қоршаған ортаға түсетін техногендік жүктемені барынша азайтатын жаңа технологияларды іздеу проблемасы бүгінгі таңда өзекті проблеманың бірі. Мұндай технологияларды таңдаудың негізгі критерийлеріне тек экономикалық тиімділігі ғана емес, экологиялық тиімділігі де ескеріледі. Экологиялық тиімді үдерістерді жасау кезінде дәстүрлі үдерістердегі ұстанатын басты тұжырым химиялық шығымды ғана ескеруден бас тартып, экономикалық тиімділікті бағалайтын - зиянды ағын сулар болмайтын, улы немесе зиянды заттарды пайдаланудан бас тартатын тұжырымдаманы ескеруге көшуді талап етеді [8,9].
Ең ірі инновацияны Р.Шелдон ұсынды: Е-фактор = қалдық массасы /мақсатты өнім массасы, бұл химиялық үдерістің экологиялық тиімділігін бағалау өлшемі, үдерістердегі мақсатты өнімнің шығымын бағалағаннан ғөрі, үдерістердің экологиялық әсерін бағалаған дұрыс. Үдерістің «жасыл» қасиетін атомдық тиімділік (АТ) түсінігімен де бағалайды.
АТ = ММмақсатты өнім/ ΣММқалған өнімдер, мұндағы ММ –молярлық масса.
Бұл екі көрсеткіштердің арасында айырмашылық көп, Е-фактор өнімнің бір килограмына келетін қалдық мөлшері (еріткіштер, пайдаланылған катализаторлар, керексіз жанама өнімдерді қосқанда), бұл АТ анықтау кезінде пайдаланатын стехиометриялық теңдеуге қосылмаған. Бұл өте маңызды, себебі өнеркәсіптік үдерісте түзілетін жалпы қалдықтардан ғөрі, қосымша түзілетін қалдықтар көп болады (1-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет