Кіріспе: Алтын Орданың тарихы


Ыдыраудан кейінгі қазақ жыраулары



бет4/6
Дата08.05.2024
өлшемі35,85 Kb.
#201873
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Балтабаева Альбина Алтын Орда ыдырауы

3.Ыдыраудан кейінгі қазақ жыраулары
ІX ғасырда бұл жанрды шыр­қау биікке көтерген Қорқыт жырау. Оның сөздері бізде сақталмағанмен, түріктерде сақталған. Осы шамада “Қобыланды батырға” енген “Қараман батыр”, “Ақ Көбек” жырлары, “Манастың” алғашқы нұсқалары, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Көкше”, “Ер Қосай” жырлана бастаса керек. Осы желі Дешті Қыпшақта үзілмеді. Моңғол дәуірі – XІІІ-XІV ғасырларда да бұл дәстүр жал­ғасын тапты. Осы кезеңде Шез-Баян Балашықұлы, Кете-Бұға Найманлы, Қотан Арғынлы, Сыпыра Шөпбаслы, Парыздық Шабан­ұлы, Құба Қыпшақ, Қара-Байыс Қаңлы, Ұзын-Айдар
Қоңырат, Сұлу-Мәмбет Шы­рын, Маңқы Маңғыт сияқты жырау­лардың есімдері кезігеді. Аттары сақтал­ғанмен, көбісінің мұрасы белгісіз.
Мұны Сыпыра­ның шығармашы­лық қолтаңбасы десе де болады. Жалғыз “Едіге” емес, “Айса”, “Ай­са ұлы Ахмет”,
Тоқтамыс, Едіге қандай тарихи тұлға болса, Сыпыра да – сондай тарихи
тұлға. Оны болды-болмады деп бұлдыратуға негіз жоқ.Он­ы ұзақ жасатып, бірде 120, екіншіде 180 жасқа жеткізіп, жырау бей­несін шындықтан гөрі елеске айналдырып жіберушілер бар. Түз жұрты қалаулы­ларын өлдіге қимай, сырлас сұқбаттасына айналдырып, ұзақ жасатуға тырысқан. Оған қоса Дешті Қыпшақ жылды күнтізбе қа­ғидасына орай есептегенмен, адам жа­сын 9 ай, 9 күннен қайырған. Яки, биоло­г­иялық жасты есептеген. Ендеше, Сы­пы­раның 120-ға келуі мүлде таңғалдыр­майды.
Едіге Тоқтамыстан 1387 жылы қашып еді. Міне, осы жай Мұрын жырлауындағы “Едіге” жырына өзек болады. Жырдың әлқиссасында “Тоқтамыстың Сыпыра жырау деген жыршысы” бары айтылады. Кейінгі қосынды, жамау, ауытқушылық­тарды ескермегенде, ол Едігеге оппози­ция­лық бағытта болады. Оның елді бүлді­ре­тінін айтып, басын алуға кеңес береді.
Соп­баслы, Шөп­баслы сөздерін Сопы­баслы деп оқу­ға негіз бар. Ендеше, Сы­пыра орта ға­сыр­да Маң­ғыстауда сопылық мектептің негізін қалаған адам боп табылады. Осы рет­тен келгенде 1334 жылы ибн Баттута Са­рай­­­шық­та болғанда: “Осы қалада түрік нәсілінен шыққан егдерген, сыйлы адамның ғибадатханасы бар. Оны Ата деп атайды. Ол бізге дастархан жайып, батасын берді” деуінде мән бар.Сыпыра жұрты Жемді жайлап, Са­рай­шықты қыстап отырған әсер қалды­рады. Әлкей Марғұлан: “Тоқтамыс пен Едіге айты­сып жүргенде жүзге келген Сыпыра жырауды Тоқтамыс күймелі арба жіберіп, Маңғыс­таудан Сарайға алдырып, оның кеңесін тыңдайды”, деп қорытады.
Сыпыра жырау шығармашылығына ал­ғаш назар аударған ғалым Ш.Уәлиха­нов. Оның аманқарағайлық қыпшақ Жұма­ғазыдан жазып алған шумақтарын Мелиоранский “Тоқтамыс жыры” жина­ғы­на енгізді. Ал Қ. Сәтбаев 1927 жылы бая­­науылдық қаржас елінің ақыны Қо­па­байдан екінші рет жазып алып, Орын­бордан бастырып шығарады.
Сап-сап жүре, сап жүре,
Сай азамат қосылып,
Жауды жайпай ала алмас,
Қара қыпшақ Қобыландым,
Сен секілді ерден соң.
Есім Байболов Сыпыраның Кавказ жұрты арасында сақталған біраз өлеңін жиып-теріп жария етті. Сыпыра Қобы­лан­дыны біліп қана қоймай, өлгенін де көрген. Ел бүлініп, ат тұяғынан шаң бораған жаугершілікте Қобыландының жоғынан “жауды жайпай алмайтынына” өкініш білдіреді. Ал бұл толғау 1391 жылы Дешті Қыпшақ арқылы Ақсақ Темір жорыққа шыққанда, Тоқтамыс Сарайды тастап, Дон даласына қашпақ болған, сонда ел жақсылары Сыпыраны алып келіп, тоқтау айтқызып, Тоқтамысты сабасына түсіріп, Ақсақ Темірге қарсы шығуға көндірген.
Енді “Қырық батыр” немесе “Ноғай­лы жырларының” сақталып, бүгінге жету сырларына тоқталық. Ғажабы сол – “Қырық батыр” топтамасына енген Ноғайлы жырларын сақтаған негізінен адай жыршылары. Мұрын “Алатайлы Аңшыбай ұрпақтары”, “Қарадөң ұрпақ­тары” және “Құлыншақ”, “Ақжонасұлы Ер Кеңес”, “Жаңбыршы”, “Телағыс”, “Оғыз батырлар­ды” Нұрым Шыршық­ұлынан, “Қыдырбай ұрпағы Қобыланды”, “Шынтасұлы Төрехан”, “Әмет батыр”, “Алау батыр”, “Ер Көкше”, “Ер Қосай”, “Асан Қайғы”, “Абат батыр”, “Тоған батыр”, “Манашы батыр”, “Тұяқбай батыр”, “Айсаұлы Ахмет”, “Қарғабойлы Қазтуған”, “Көрұғлыны” Қашағаннан үйрендім деген. Бұлар Сыпыра жырау мектебін жалғастырушылар еді.
Біз әңгіме етіп отырған батырлар адай емес, байұлы руының өкілдері болып саналған. Ал ежелгі байауыт, кейінгі байұылының әу бастан ұйытқысы

құнанорыстар болды. Сыпыраны да осы тайпаның түлегі деп санауға болатын сияқты.


Асан Қайғы, Ер Тоған, Абат,Мұрын жыраудың мұрасына көз салсақ, батырлықтың әкеден балаға ауы­сып отыратын жалғастығын байқаймыз. Аңшыбай, Қарадөң батыр ұрпақтары туралы жырлар – осы жалғастық дәс­түрі­
нің айқын айғағы. Бәлкім, аталмыш қаһар­мандар дұшпанның аз-көптігін есепке алмай, мыңға жалғыз аттанған, жекпе-жектерде күш сынасып, қан төгіс­кен батырлар емес, ел басын ұйыстырып, іргені жауға бермеген кемел көсемдер, қолбасы серкелер болуы мүмкін. Эпосқа арқау болған Ноғайлы билері майдан кешкен батырлар емес, ел ұстап, ләшкер жүргізген көсемдер болғаны ақиқат. Ер Тоған Ноғайлының қырық батыры сана­ты­на еніп, ел қорғаған ардақты ер, әртүр­лі жырларда жауға сес кие ретінде аты аталып отырған­мен, кеңейтіле жырлағаны “Асан Қайғы, Ер Тоған, Абат” дастаны. Ол Ноғайлы жыр­ларының бұлақ бастауы “Едіге” эпосында Жемдегі Бөкенбайды мекен еткен. Ер Тоған жортуылда жүр­генде елін қалмақ шауып, Мақпал сұлуды тұтқындап кеткені туралы хабар жеткенде Едіге іле-шала атқа қонып, жесірді айы­рып алады. Асылы, Ноғайлы тақырыбын толғаған Дешті Қыпшақ жыраулары батырлардың өмір сүрген уақытына онша мән бермей, өзі баяғы­да өлгенмен, ел же­беген рухы бүгінгі­дей тірі даңқты батыр­лардың есімін әртүрлі жырларға сыналап енгізіп отырған. Бұл кейінгі жырау-жыршыларының қоспасы болуы да мүмкін. Атақты батырлардың дабыралы даңқы қалып, істері мен өмір сүрген кезеңі көмескіленген соң, хроно­логия дегенге онша мән бермеген сыңайлы.
Мұрын аталмыш үш есімді бір эпосқа енгізіп, біріктіре жырлаған. Тоғанның Асан Қайғы, Абатқа қайдан туыс екені туралы ештеңе айтпайды, бірақ ауылдары бөлек-бөлек болғанмен, қоныстары бір –Асан Қайғы, Абат
жұрты Жемде болса, Тоғанның ата қонысы Жемдегі Бөкембай­да. Тоған жасы жөнінен Асан Қайғыдан кіші де, Абаттан үлкен. Жырда батырлар “қалмаққа” бірінші жорығын Әділ Жә­ні-бек ханның тапсыруымен жасаса, екін­ші жорықты бір кезде ел шапқан қалмақтан кек қайыру үшін Тоғанның өзі бастайды. Тоған көмекке Абат­ты сұрап, Асан Қай­ғы­ға келеді. Оған “Әй, ағамыз, ағамыз, болдың бізге панамыз” деп, жақын тұтып сөйлейді. Осы жайлар олардың бірге ту-мағанмен, рулас ағайын екенін аңғартады.
Аңыздар қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек хан мен Асан Қайғыны бірде ащы, бірде тәтті қарым-қатынаста болған тұстас, тұрғылас ретінде суреттей­ді. Ал Асан Қайғының өлеңдеріне қара­ғанда, ол біршама уақыт Жәнібекке ілесіп, Қазақ хандығының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған сыңайлы.
Қазақ хандығында Керей ұлы хан, Жәнібек кіші хан болды. Ал дәстүр бойын­­ша кіші хан оң қанатқа иелік ететін. Демек, Жәнібекке хандықтың батыс тарапы ғана қарады. “Сарайшық Жәнібектің Ордасы­ның бірі болды” деп жазады В.В.Трепав­лов.Иә, Жәнібектің де, Бұ­рын­дық ханның да, Ноғайлы тарапы­нан ешбір қарсылықсыз, Сарайшықты қыстап кетіп отырғаны тарихи әдебиет­терде хатталған. Мұның сырын В.В.Тре­павлов: Мұса би Жәні­бек­ке беклербек болды сынды болжам­мен түсіндіруге ты­рысады. Ол болжам рас болса, Жәнібектің Сарайшықты Орда қылуы таңғалдыр­майды. Алайда, Мұса­ның Жәнібекке бек­лербек болуы шайбани тарихнамасында аталмайды. Ондай маңыз­ды мәселе көзден қағыс қалмаса керек-ті.
Дереккөздердің мардымсыздығынан Алтын Орданың соңғы жылдарына қатысты Дешті Қыпшақ өміріндегі аса маңызды бұл оқиғаның басы ашылмай жұмбақ күйінде қалып келеді. Асан Қайғы Жәнібектің Ноғайлы, Алтын Орда топы­ра­ғына келгенін анық-қанық жырлайды:
Оймауыттай тоғай егінінің
Ойына келген асын жейтұғын,
Жемде кеңес қылмадың,
Жемнен елді көшірдің.
Ойыл деген ойың-ды,
Отын тапсаң тойынды,
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің…
Еділ деген қиянға
Еңкейіп келдің тар жерге.
Алтын Орда тағы Сарайға беттеген Жәнібектің жылыстап көшіп-қонған жерлері тайға таңба басқандай аталған.Тарих жадынан түсіп қалған бұл оқиға 1470-1471 жылдары орын алды. Қынаптан қылыш суырысқан майдан болған жоқ. Жәнібек хан мен Ноғайлының біріккен күшінен жүрегі шайлыққан Алтын Орда ханы Ахмет Сарай тағын тастап, Дон даласына шығандады.
Ауызекі аңыз-әңгімелерде Жәнібектің Әзітархан қаласын салдырғаны айтылады. Шындығында 1395 жылы Ақсақ Темір тып-типыл ғып өртеп жіберген Еділдің оң жағалауындағы байырғы Хажытархан әлде де түтін түтетіп отырды. Ол Алтын Орда­ның Еділдегі басты қаласының бірі боп қала берді. Аңыздар қазіргі Астраханның “алтыбасын” (кремлін) салдырған Жәні­бек деп әңгімеленгенмен, Хажытархан­ның Еділді орыс алғанға дейін жаңа орын­ға көшіп-қонғаны құжаттармен ма­құлданбайды. Хажытархан күлдігі Еділдің Қырым бет жағалауында еді. Машақатты жалпақ Еділден өтіп, оны қалпына кел­тірем деп Жәнібектің әуре болуы ақылға қонбайды. Ел-жұрты азайып, қирап-бүліне бастаған Алтын Орда астанасы Сарай қаласын жамап-жасқаған шамасы.
Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің,
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызып, терлейсің,
Өзіңнен басқа хан жоқтай
Елеуреп неге сөйлейсің?
Қорған салдың бейнет қып,
Қызметшің жатыр ішіп-жеп,
Оны неге білмейсің.
Асан Қайғының Ноғайлыға жайлы қоныс іздеп, желмаямен жер шолып, өз көзімен көрген қоныс-мекендерге маңызы әлі күнге дейін өшпеген баға бергені, сол сөздері арқылы дала философы атанғаны көпшілікке мәлім.
Мұрын жыраудың хикаялауынша: Асан Қайғы балықшылардың ауына ілінген сандықша ішінен шыққан перінің қызына үйленеді. Ол үш талап қояды: “жатқанда етімді сипама”, “жолға шығып тұрып, қайтып келіп үйдің жабығынан сығалама”, “үш жылға дейін сөйлемеймін, сөйлемей­тінімді ешкімге тісіңнен шығарма”. Асан Қайғы ол талаптарды орындамайды, перінің қызы “ішімде бес айлық балаң бар, Мысырға туып кетермін” дейді де ұшып жөнеледі. Бұл әңгімелер Едігенің түпкі атасы Баба түкті Шашты Әзиздің бастан кешкен ғажайыбына айна қатесіз ұқсас.
Әлгі қатынының күйігінен Асан Қай­ғы желмаяға мініп, жеті жыл жер шолады. Асан Қайғының Ноғайлыға жайлы қоныс іздеуін Мұрын жырау осылай түсіндіреді. Ғалым М.Жармұхамедов Асан Қайғының әкесі Сәбит саятшы туралы деректер келті­реді. Сәбит құстың сұңқарын, иттің сырт­танын, аттың жүйрігін, мылтықтың түзуін ұстап, өмірін Бұлғар тауында аңшылықпен
өткізген сері адам екен. Өлерінде: “Балам Бұлғар тауының басына шықпасын, шықса – өмірі азаппен өтеді. Сол тауда бұлғын деген аң бар, соны қумасын, қуса – аты да, өзі де зорығып өледі”, деп өсиет етеді. Ол сөзді тыңдамай бұлғын қуған Асан жер­ден-жер кезіп ке­тіпті. Оның жер шолуы­на осы жай мұ­рындық болыпты-мыс. Енді бірде қоныс­тан тарыққан ауылдастары “Жерұйық” деген жер барын айтып, соны біліп қайту-ға Сәбит саятшыны жұмсайды. Арыстанға таланған жарақаттан айықпай жеті жыл жүріп, сол жақта өледі, әкесі жол бойы тасқа салған қыран құс пен аңшы иттің суреті бойынша он төртке толған Асан Жерұйықты іздеп табады. Сәбит саятшы­ның ақтық демі алдында басын сүйеген Мағзом деген қария екен. Соның Гүлжазира деген қызына үйленіп, елге оралса, шешесі Салиханның қабірінің топырағы әлі құрғамаған екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет