Кіріспе Ақпарат тасушылар дәуіріндегі қадам оптикалық дисктер



бет7/34
Дата31.05.2023
өлшемі4,32 Mb.
#178056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
Диплом Наурызбай Қатты дискілерге техни

1.3 Тұрақты есте сақтау жады

Тұрақты еске сақтау қондырғысы компьютердің ақпараттық құрылы-мының ерекшеліктері туралы ақпараттарды және ақпаратты ендіру/ шығарудың базалық жүйесін еске сақтайтын микросхемалардан тұрады. (BIOS-Basic Input / Output system). 


BIOS компьютер іске қосыла салысымен төмендегі операцияларды іске асырады:

  1. Компьютерде орналастырылған қондырғылардың параметрлерін анықтау.

  2. Операциялық жүйе файлдарының іске қосылуы туралы нұсқау алу.

  3. Процессор мен компьютердің басқа құрылғылары арасындағы байланыс түрін анықтау.

BIOS операцияларын Award6, AM16, Phoenix, Technologies фирмалары IBM сериясымен сәйкестендіріп жасайды.
Ақпараттарды ендіру/шығарудың базалық жүйесі (ROM BIOS) - IBM компьютерлерін қолдануды ППЗУ (EROM) тұрақты сақталатын бағдарламамен қамтамасыз ету бөлігі болып табылады. Қазіргі ИЕЖ-інде BIOS тұрақты есте сақтау қондырғысында (ПУЗ) сақталмайды, одан да жетілдірілген электрондық құрылғы EPROM- Flash rom bios – немесе Flash (флэш)–те сақталады. Бұл құралдағы информацияны жүйелік тақшада ультракүлгін жарық көзінің көмегімен программаторсыз-ақ өшіруге немесе қайта бағдарламалауға болады. Бұл құрал кеңейту шинасында ROM–ды қайта бағдарламалау үшін орнатылады. Жаңа бағдарламаны қою үшін фирмалық дискетті қолдануға болады.

Сурет 1.13 – EPROM жад микросхемасы
Флэш-жадтың қасиеттері: ақпаратты табу уақыты – 60-80 нс, бір ақпараттық блокты өшіру уақыты (512б=6 НКб) = 5мс-1,4с, әрбір блокта тәуелсіз ақпаратты жазу - өшіру циклы 100000. Флэш-жад массивін жылдам көбейтуге болады, ол 32 Мбит жадпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Флэш микрожүйесі жүйелік тақшадағы 2,7; 3,3 және 5В кернеуде жұмыс істей алады. ЕEPROM және флэш микросхемаларын Intel, Texas, instruments, АМД фирмалары шығады. Ақпараттық есептеу техникаларының (ИВС) конфигурациялау жады аналық тақшадағы 6,3В аккумуляторда сақталады. Ол компьютер тоқ көзіне қосылғанда зарядталып тұрады. Бұл микросхема CMOS RAM деп аталады, оның жады CMOS кристалдың базасында жасалған. Схеманың толық атауы RIC CMOS RAM, онда нақты уақытты қою сағаты сақталады. Бұл микросхема МС 146,818 – аналық тақшадағы контроллерлердің құрамына кіреді. RIC CMOS RAM–дағы бағдарламаның мазмұнын оқу үшін BIOS-тан Setup бағдарламасын қолданады. CMOS RAM микросхемасы істен шыққан болса, немесе аккумулятор разрядталып қалған жағдайда Setup бағдарламасы автоматты түрде CMOS BIOS таблицасындағы BIOS Setup default ralues мәнін қабылдайды. Setup бағдарламасына жүйені дұрыс қосқан кезде немесе қате кеткен кезде кіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет