Химиялық қауіпсіздік негіздері
Химияның қүрт жоғары дамуының арқасында осы ақырғы ғасырда өте қауіпті химиялық заттарды халық шаруашылығының әрсаласында қолдануына байланысты токсикологияны салаға бөлу қажеттігі пайда болып «салалық токсикология» деген атаумен пән пайда болды. Бұлай бөлінудің негізі өте қауіпті улы заттарды тар мамандықта пайдаланудан туындады.
Көптеген химиялық қосылыстарды жанжақты бүгінгі жалпы өнеркәсіп пен өндіріс салаларында қолданудан «өнеркәсіптік токсикология» туындады, әрине айтылған пән жалпы токсикологияның бір тармағы болып есептеледі. Өнеркәсіптік токсикологияның алдына қойған бірден бір мақсаты ол адамның жұмыс жағдайын зерттеп көптеген технологиялық процестерде жұмыс кезінде әртүрлі улы заттардың адам мен жан-жануарлардың организмдеріне тигізетін зардаптылықты зертеп жанжақты тексеру болып табылады.
Біздің ата заңымызбен қарастырылып бекітілгендей адам денсаулығы ел байлығы, ал улы өте қауіпті зардапты заттармен жұмыс жасап әрекеттесіп жүрген жұмыскерлер үшін өнеркәсіптік токсикологияның маңызы өте зор.
Әлемде бірінші дүниежүзлік соғыста 1914- І9І8 жылдар аралығында алғаш рет химиялық улы заттарды соғыс қаруы ретінде қолданған болатын.. Міне осыдан бастап «соғысқа арналған химиялық улы заттардың токсикологиясы» өмірге келді.
Бүгінгі таңда токсикология өте көптеген улы зардапты заттарды зерттеп бақылайды өткенге қарағанда, өйткені жоғарыда айтылғандай улар, улы заттар және зардапты заттардың саны жылдан жылға өсуде. Осыған орай токсикологияның салалық бөлінуі әбден негіздіде заңды.
Кез келген улы зардапты заттың салаға жатуына қарамай тірі денеге жанжақты әсерін зерттеу токсикологиядағы жалпы дәстүрлік принцип бойынша жүргізіледі. Токсикология ғылымы улы нысаналардың қасиетін және ол зардапты токсикологиялық затың әсерінен болған организімнің реакциясын есепке алып мұқият қарайды. Бұл жерде токсикологиялық заттар ауырудың (зардаптың) себепшісі ретінде - бірінші туындау факторы түрінде каралып, ал улануды (интоксикация, токсикоз), ауырудың салдары ретінде қарастырамыз. Көптеген ауыруларға қарағанда улану - токсикоз тірі организмнің спецификалық өзіне тән реакциясыменен жүреді және оның тек өзіне қарасты белгілері болады.
Жалпы дәрігерлер үшін тура уақыттында белгілі мамандыралған жәрдем жасау үшін уланудан болған патологиялық процестің жүруі үлкен маңызды практикалық іс болып табылады. Сонымен қатар жалпы медицина тілінде айтқанда токсикологиядағы маңызды басты салалы жұмыс ол уланудың алдын алу профилактикалық іс әрекеттер жүргізу процестері болып табылады. Әрине профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін көптеген ұйымдық жұмыстарменен іс әрекеттерді түбегейлі қолға алынып жасалу шарт, соның ішінде тірі организмнің улы зардапты заттарменен контактода болдырмауға тырысу ал оңдай жағдайды іске асырмағанда алдын ала жәрдем жасап себептің салдар туғызбайтындығына кепілдік жұмыстар жүргізген жөн. Сонымен қатар токсикологияда көптеген дербес қосалқы факторлар мұқият қаралуы керек мысылы улы зардапты заттардың қасиеті, дененің уменен әрекеттесуі патологиялық процестердің өрбуі оның клиникасы мен диагностикасы, емдеу тәсілдеріменен қорғау және алдыналу шаралары. Міне осы айтылған факторларды жүйелі жүргізетін құрайтың – токсикология ғылымы болып табылады.
«Химиялық биологиялық қауіпсіздіктің негіздері» удың, зардапты заттардың тірі организмдерге әсерін зерттейді осының негізінде улы заттар мен тірі организмдер арасындағы теңдік жағдайы бұзылғанда улы заттардың денеге тигізген зардабын анықтайды,зерттейді. Сондықтан токсикология пәні дәрігерлік клиникалық пәндердің, патология, терапия және басқа биологиялық жаратылыс ғылымдарымен тығыз байланыса отырып олардың негізгі бөлігі болып табылады. Бұл жерде негіздеп айта кеткен жай біріншіден улы заттар бөлетін тірі организмдер олардың ішінде улы өсімдіктер, залалды микроорганизмдср, улы саңырауқұлақтар, иесінің денесінде улар түзіп тарататын гельминттер, улы жәндіктер мен рептилийлер т.б.
Көптеген улар бейорганикалық және органикалық химиялық улы заттар оның ішінде кейбір синтездік жолмен алынғандары олардың халыкшаруашылығында қолдану токсикология мен химияны өте тығыз байланыста ұстайды.
«Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері» ғылымы жоғарғы ұйымдасқан тіршілік нысандарында адамдар мен жануарлар организмдеріне улы заттар түскенде сол дененің уға деген реактивтілігін және болған клиникалық белгілері арқылы зерттеп тұжырымдайды. Уланған дененің жағдай күиін тексеріп зерттеу кезінде токсикология ғылымы өзінің жұмыстарын патологиялық физиология, фармокология, клиникалық диагностика сияқты ғылыми пәндердің берілгендеріне сүйеніп токсикологиялық қорытынды шешім жасайды.
«Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері» патологиялық физиологиямен ерекше байланыста екендігін айтқан жөн. Өйткені организмдегі уланудан болып орын алған патологиялық процестер өте күрделі де қиын салдарлар туғызатыны белгілі. Патологиялық процестер негізінен удың денені тітіркендіруінен болған салдарынан өрбіген процестің салдары болып табылады.
Тірі организм уланғанда дене мүшелерінде органдарда әрдайым морфологиялық өзгерістр орын алады. Улануды диагностикалауда өлікті сойып қараганда денедегі морфологиялық болған өзгерістердің суреті қандай уменен уланғандығы туалы диагноз қоюда ролі маңызды.
«Химиялық биологиялық қауіпсіздіктің негіздері» химия, физика, биология, экология және өміртіршілік қауіпсіздігі, толығыменен барлық медициналық-ветеринарлық, медицина негізі, клиникалық пәндерменен байланыста, сонымен қатар қандай да болмасын өнеркәсіп, өндіріс шаруашылық орындарымен халықшаруашылығы нысандарымен салаларымен өте тығыз байланыста.
Техникалық мамандықтарды экотоксикологиялық білімсіз оқыту мүмкін емес дескек жаңылыс сөйлемеген боламыз өйткені таукенбайыту жұмыстарын жүргізу үшін, мұнай өндіру, тасмалдау, өңдеу жұмыстарында сол сияқты газды өндіру, қолдану, өңдеу салаларында тіпті космос саласыменде тығыз байланыста сонымен токсикология техникалық пәндерменен тығыз байланыста және екеуінің арасын шектеуге болмайды.
Соныменен токсикологияның мазмұныменен мақсаты көпқырлы орасан міне сондай болудың арқасында оның үлкен практикалық манызы бар екендігі сөзсіз.
Қазіргі уақытта токсикологияның негізгі мақсаттарымен мүделлері халықтың, жануарлардың, өсімдіктердің уланып зардаптануының алдын алу болып табылады бір сөзбен айтқанда профилактика мәселесі болып табылады. Сондықтан бұл айтылған мақсаттармен мүделер жалпы қоғамның дамуында соның ішінде адамның қауіп қатерсіз өсуінде өте актуалді орын алатындығы сөзсіз.
Улы заттар денеге сыртқы қоршаған ортадан коректік заттарменен асқорыту кустары арқылы болмаса тыныс жолдары арқылы дем алғанда, денедегі кейбір органдардың сірі қабықтарыменен және болмаса зардапты заттардың тірі организмге әрекетің тексерудің арқасында тсол улы заттарға қалыптар (нормативтер) белгілейді организммен әрекеттескенде улануды болдырмау үшін.
Жаппай уланғанда болмаса жалпы улану кезінде токсикология ғылымның негізгі мақсат мүддесі улануды тоқтату оның себебі менен салдарын зерттеп қасы жүйелі ұйымдастыру жұмыстарын жургізу сонымен қатар ауыруларға тікелей жәрдем көрсету болып табылады. Ауырудың шығуына егер улы зардапты зат себепші болған жағдайда, оның не зат екендігі дәлелденгенде жүйелі білгір тиімді көмек көрсетіліп уланудың дәрежелері анықталып және улану қандай күйде екендігі анықталады. Бірақ ескете кететін жағдай практикада унаудың қандай удан болғаның анықтау қиын күрделі сондықтан уақытты бос жібермей дәгерлік көметі ауырудың симпомдарына қарсы бағыттайды.
Сонымен қорта айтқанда токсикология ғылымының алдында екі негізгі мақсат ұсталынады: біріншісі уланудың, зардаптанудың алдын алу болса екіншісі уланған денеге жедел көмек көрсету болып табылады.
Токсикология ғылымы жалпы, салалық және жеке болып бөлімеді. Жалпы токсикологияда ортақ сұрақтармен жағдайлар жұмыстар қаралса салалық токсикология тек қана берілген салаға тән жұмыс жағдайларға толығымен жауап беріп сұраныстарын шешеді, жеке токсикология атына сай жекелеген улы заттарды болмаса дараланып алынған удың, клардың тобын зерттеп соған толығыменен жауап беріп сұраныстарын қанағаттандырады.
Химиялық нысандарда болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан-жануарларды, өсімдік әлемін жаппай жоятын улы заттар шығуымен сипатталады.
Күшті әсер ететін улы заттар (КӘУЗ) жаппай қыру қаруларының біріне жатады. Бұлардың негізін химиялық қосылыстар құрайды. Олар адамдарды, жан-жануарларды, ауаны жер бетін, техниканы, суды және азық-түлікті улайды.
Химиялық ластану жарылыстан, өрттен кейін басталуы мүмкін немесе химиялық заттарды сақтайтын не тасымалдайтын ыдыстардың бұзылуы нәтижесінде бұл заттардың шығып кету себебінен пайда болады. Егер химиялық ластанудың реагенті газ болса, онда ол атмосферада желмен, ал сұйық реагент өзен не жер астындағы су арқылы үлкен аймаққа таралуы мүмкін. Егер бұл реагент күшті әсер ететін улы зат (КӘУЗ) болса, онда осындай жағдайды химиялық улану деп айтады. Бұл төтенше жағдайдың нәтижесі өте ауыр болады.
Радиоактивтік ластану – табиғи радиациялық ортадан тыс элементтердің радиактивті ыдырауымен байланысты иондалған шағылыстың әсері.
Радиоактивтік ластану тек қана тірі ағзаларға әсер етеді. Ластанған аймақтағы адамдарға сыртқы гамма-сәулелері және киім, тамақ, басқа да тұрмыстық заттарда жиналу арқылы бетта-сәулелері де ықпал көрсетеді. Гамма-шағылыстың ерекшелігі ол ағзада жиналады, нәтижесінде сәулелік ауруды туғызу мүмкін.
Зақымдану ошағы – төтенше жағдай себепкер болатын шарттардың тікелей әсеріне түскен аймақ.
Зақымдану ошағында төтенше жағдай басталады және бұл аймақ зақым келтіретін факторлар әсерінің ең үлкен мөлшерімен сипатталады.
КӘУЗ (күшті әсер ететін улы заттар) - шаруашылық мақсатта да қолданылатын өте улы заттар. Оларды жөнсіз сақтау немесе олардың төгілуі адамдардың жаппай улануына алып келуі мүмкін.
КӘУЗ арнайы жабық ыдыста сақталады, ыдыс қирағаннан кейін ыдыстағы қысым атмосфера қысымына дейін төмендейді.
КӘУЗ қайнайды (қайнау температурасы +20°С) және атмосфераға газ немесе бу түрінде бөлінеді. Олар үлкен қашықтыққа таралу мүмкін.
Жаппай қыру мақсатында қолданғанда олар тамшы, сұйық, тұман, түтін не бу күйінде болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |