Елімізде жел энергетикасын дамытуға деген қызығушылық келесі артықшылықты факторлармен түсіндіріледі: жел – бұл отынның бағаларына тәуелді болып табылмайтын энергияның жаңартылып отыратын ресурсы; жел ресурсы елдің барлық территориясында қол жетімді болып табылады; орнатылатын жел энергетикасы құрылғысының қуаттылығына бәсекенің болуы; атмосфераға зиянды қалдықтарды тастаудың және парниктік газдарды жіберудің болмауы; шалғай аудандарды электроэнергиямен жабдықтауды орталықсыздандырудың мүмкіндігі. Ол үшін ең алдымен жел энергиясын іске қосу үшін 3-суреттегі үлгіні қолдануға болады: [9]
Бұл сызбада жел энергиясының жобасы үшiн типтi келiсiм құрылымы көрсетілген. Жел қорының техникалық зерттеулерi, ұсынылатын технологияға, конструкциясына шолу өзге елдерде іске асырылып отыр. Ең бастысы жел энергиясы салынатын ауданның географиалық орны қолайлы болу керек. Егер жоба жел күші мен жасыл атрибуттар арқылы жүзеге асатыны белгілі болса, келісімшарт пен субсидиялар орындалады.
3-сурет. Жел энергиясын іске қосу үшін қаржыландыру үлгісі
Құрылыс
Іске асу
Өндірісті салу қызметі
Өндіріске қызмет көрсету
Энергияны Сату сатып алу және жасыл атрибут
Ақмола облысында Ерейментау алаңында қуаты 45МВт ЖШС «Бірінші Жел Электрстанциясы» 2013жылдың І тоқсанында салыну жоспарлануда. Капиталына 100%-дық үлестік қатысу “Samruk-Green-Energy” ЖШС-не тиесілі.
Алматы облысы Еңбекші Қазақ ауданы Шелекті дәлізінде қуаты 60 МВт тан 300 МВт-қа жететін ЖШС «Энергия Семирачь» Жел Электрстанциясы жобасы қолға алынбақ және капиталының 51%-ын АҚ «СПК Жетісу» арқылы Samruk-Green-Energy” ЖШС үлесінде. Орташа желдің жылдамдығы 50 метр биіктікте 7,8 м/c, қуат күші 310Вт/м2 тең болатын таңдалған георафиялық орынның қолайлығы жоғары.
Күн энергиясы. Күн энергиясын қалыптастырудың және пайдаланудың бірнеше бағыттары бар: күн сәулесі электр энергиясын және жылуды қалыптастырады; ғимараттарды жылыту үшін қолданылады; ауаны баптайды; ыстық сумен қамтамасыз етеді; әртүрлі материалдарды кептіру үшін қолданылады.
Қазақстанның географиялық орналасуының солтүстіктік кеңдігіне қарамастан, еліміздегі күн энергиясының ресурстары тұрақты және климаттық жағдайлардың қолайлылығына байланысты қол жетімді болып табылады. Кейбір зерттеу қорытындылары бойынша, елдің оңтүстік аймақтарында күн энергиясының әлеуеті жылына 2500-3000 күн сағатына жетіп жығылады, ал күн сәулесі энергиясы жылына 1300-1800 кВт/м. құрайды. Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысы және Арал теңізі сияқты энергия тапшы аймақтар күн электростанцияларын салу үшін аса қолайлы аудандар болып табылады.
Жамбыл облысы өз территориясын күн энергетикасының даму орталығына айналдырмақ. 2013 жылы облыс аймағында қуаттылығы 24МВт тан басталатын, болашақта 2000 Мвт жеткізу перспективасын алға қоятын Күн Энергия Станциясын салуды жоспарлап отыр, Жобаны іске асырушы француздық компания “Fonrocheenergie” және оның жалпы құны 80 млн. долл. 15 жыл мерзім ішінде өтелуін көздеп отыр. Аймақ әкімшілігі АҚ «Казатомпром» және АҚ «KEGOG» серіктестікті қолға алуда [2].
Қапшағай қаласында қуаты 2МВт Гелиостнация салыну жоспарлануда. Болшақ оператор ретінде ЖШС “Samruk-Green-Energy” күн энергетикасын монокристалдық панель арқылы алу технологиясын меңгерген BISOL Group компаниясымен станция салу құрылысы және оны орнату жөнінде шартқа отырды.
Елде балама энергетикадан алынатын қуат 1 трлн КВт/сағ. оның ішінде жел энергиясы 920 млрд.КВт/сағ. құрап отыр. Ал, ол жалпы энергия ресурсының 0,5%-ын ғана алады. Үкімет 2020 жылы болашақ энергиясын пайдалануды 3%-ға жеткізуді алға қойып отыр. Германия мемлекеті үшін бұл көрсеткіш бүгінде 25% құрап, 2030 жылы балама энергетикаға 100% көшуді жоспарлап қойған.
Алайда, Индустрия және жаңа технологиялар Вицеминистрі Бахытжан Жаксалиев өзінің баяндамасында Мемлекеттің жел энергетикасының қондырғыларына кететін шығын көптігіне қарамастан, Электрэнергиясымен шалғай аудандарды да жеке-жеке қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие бола алатынымызды айтты. Ел үкіметі бүгінгі күні осы үлес салмақты арттырудың қажеттілігін толық түсініп отыр және энергияның балама көздеріне инвестиция салу үшін қосымша жаңа серпіндер жасаудың жұмыстарын қолға алып келеді. Cонымен қатар, еліміз Балама энергетика саласында саясатты тиімді ұйымдастыру үшін, келешете Россия, Беларусия және Қазақстан арасында жалпы электрэнергетикалық нарықты қалыптастыруды көзге алып отыр. Бұл жөнінде Энергетика және Инфраструктура ЕЭК мүшесі, Министр Даниал Ахметов осы үш елдің энергокомплексінің потенциалдық қуаттылығы бойынша тиімділік коэффиценті 60%-ды құрайтынын ескере отырып, ортақ нарық құру қажеттілігін көрсетті.
Электроэнергияның балама көздерін өндіруден Еуропалық Одақ, АҚШ, Қытай және Үндістан сияқты елдер әлемде көшбасшылар ретінде саналады. Энергияның жаңартпалы көздеріне деген әлемдік сұраныс тұрақты түрде өсіп келеді. ХХІ-ғасырдың ортасына қарай олардың үлесі 35%-ға жетеді деп болжануда. Энергияның осындай көздерінің тартымдылығы және оларға қызығушылықтың артуы осы ресурстардың сарқылмайтындығымен, энергия тасымалдағыштардың әлемдік бағаларының өзгеруіне деген тәуелсіздігінен және экологиялық тазалығымен байланысты. Соңғы аргументі ерекше өзекті болып табылады, өйткені, дәстүрлі энергетика жергілікті деңгейде де, жаһандық масштабта да қоршаған ортаға жағымсыз әсерін үнемі тигізіп отырады.
Қазақстанның энергетикалық секторындағы қазіргі кәсіпорындар атмосфераны ең ірі ластаушылар болып табылады. Жыл сайын олар атмосфераға миллион тоннадан артық зиянды қалдықтар тастайды. Халықаралық энергетикалық агенттіктің деректері бойынша, Қазақстан парниктік газдардың ЖІӨ-ге шаққанда қалдықтарын тастаудың үлесі бойынша әлемде үшінші орынға ие болған. Қазақстанда тек көмір энергетикасынан ғана келетін қоршаған ортаны ластаудың экономикалық шығыны болжам бойынша, жылына 3,4 млрд. долларға бағаланады екен. Сондықтанда, балама энергетиканы елемеу сол энергетикалық ресурстарды ұтымсыз пайдалануға, олардың үнемділігін төмендетуге және энергиямен жабдықтаудың сенімсіздігіне алып келеді, сонымен қоса, адамдардың денсаулығына және экологияға өте көп зиян тигізеді.
Енді экономиканы дамытуда балама жолдарды таңдау «Қаржы секторына, мемлекеттік бюджет құрылымына, Ұлттық банкке, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қалай әсер етеді, қанша көлемде қаржы керек, нивестиция есебі қалай жүргізілуі керек, мемлекет қандай саясат ұстануы керек, дағдарысқа қарсы тиімді бағыт па?» деген сұрақтар туындайды. Бұл мәселелердің оңтайлы шешімін табу үшін әлемде энергияға деген сұранысты бақылап, талдап, бағалау қажет. Демек энергияға деген тәуелділіктің ертеңін жоспарлау үшін оның кешегісімен бүгінгі жағдайын дұрыс, айқын бағалай білу қажет. 2-суретте 2007 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қараша айына дейін әлемдегі энергияға тәуелділік индексі көрсетілген. Дағдарыс жылдары энергияға деген тәуелділік күрт өскенін анық көре аламыз.
2 – сурет. 2007-2012жж, Энергияға тәуелділік индексі [10]
[Federal Reserve Economic Data мәліметтері бойынша график автормен құрастырылған]
Қорыта келгенде дәл осындай қарқынмен энергияға деген тәуелділіктің деңгейін Қазақстанда да кемітіп, энергия алудың баламалы көздеріне көшу керек. Мемлекет экономикасын балама жолдармен дамыту арқылы Қазақстан тек шикізатқа тәуелділікті ғана емес, тұрақты экономикалық-экологиялық дамуға қол жеткізеді. Болашақта бүкіл әлемдік дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік туады. Астананың ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесіне өз кандидатурасын ұсынып, әрі өткізу құрметін жеңіп алғандығымен қоса «Болашақтың энергиясы» атты жаһандық мүдделерді топтастыратын тақырыпты таңдауы әлем назарын өзіне аударғаны хақ. Өйткені, адамзат алдындағы күрмеуі қиын мәселе – энергияға деген тапшылықты жойып, балама қуат көздерін кеңінен іске қосатын кез келді. Адамзат баласына көмірді, мұнайды, газды толығымен игеруге орта есеппен 40-50 жыл кетті, балама энергетиканы игеруге де шамамен сонша уақыт керек. Бұл шара – біздің елімізде балама энергетиканың қарқынды дамуына жол ашары сөзсіз.
ІІ Балама энергетикаға инвестиция салу есебінің ұйымдастырылуы
2.1. Балама энергетикага инвестиция салу есебінің ерекшеліктері
Қазірде Индустриялды-инновациялы даму жолында Қазақстанға салынған инвестициялардың басым бағыты энергетика саласында, оның ішінде балама энергетика саласына бағытталса, еліміз тұрақты экономикалық-экологиялық дамуына жол ашылады. Балама энергетикаға инвестиция салудың бірқатар артықшылығы төмендегілерге мүмкіндік береді:
Энергия сыйымды өндірістік жабдықты ауыстыру немесе модернизациялау;
Қазандықтарды ауыстыру немесе қалпына келтіру – отын шығыны 20-40% қысқарады;
Отын және электр энергиясының бірлескен өндірісі – жеке қажеттіліктер үшін энергияның сенімді жеткізілуіне және дәстүрлі отын түрлерін тұтынуды 30-40% қысқартуға мүмкіндік береді;
Жылдам реттелетін өткізгіштерді орнату – электр энергиясын тұтынуды 25-30% азайтады.
Бастапқы кезде осы аталғандарға қол жеткізу үшін салынған инвестиция есебі дұрыс жүргізілуі керек.
Жалпы инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты байланысты балама энергетикаға: қаржылық және нақты инвестициялар салынады.
Нақты инвестициялар – бұл баламалы энергетика алу көздерінің құрлысына, негізгі капиталын және материалдық - өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қазіргі таңда энергетика саласын дамытуға және сол салаға инвестиция тарту үшін Қазақстанда «Халықтық Ipo» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаға қатысушы компаниялар ішінде энергетика және мұнай газ саласында «Самұрық-Энерго»,«KEGOC», «ҚазМұнайГаз», "ҚазТрансГаз", «Қазақтеңізкөлікфлоты» сияқты ірі компаниялар бар. 2012 жылы 30 маусымда электр жабдықтау, газ саласына тартылған инвестиция көлемі жалпы 1622,0 млн.АҚШ долл. Оның ішінде нетто баланысы бойынша 616,2млн.АҚШ долл., қоржындық инвестиция 1,2млн. АҚШ долл.,1004,5млн.АҚШ долл. тікелей инвестиция тартылған. Алайда, бізге әліде болса баламалы энергетика өндіру үшін бірінші шетелдік және негізгі капиталға инвестиция тартып, компания іске қосылғаннан кейін портфельдік инвестицияны жүзеге асыра аламыз.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең теменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі негізде анықтайды:
- жалпы қоржындық жиынтығымен;
- инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;
- жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша.
Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда — табыс ретінде танылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция төмендегідей жолмен анықталады:
сатып алу құнымен;
қайта бағалау құны ескерілген құнмен;
сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.
Баламалы энергетикаға салынатын бастапқы инвестицияның басым бағыты ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция болуы тиіс.Қазақстанда ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны дамытуды қолға алу керек.
2.2. Есеп беруде балама энергетикаға инвестицияны ашу және түгелдеу
Балама энергетикада инвестицияларды мүліктік түгендеу процессі жүреді. Оның негізі балама энергеик компаниялар үшін түгелдеу басқа кәсіпорындарға берілген заемдарды, басқа кәсіпорындардың жарлық капиталына салынған салымдардың үлесін, мемлекеттік және жергілікті заемдардың пайыздық облигациясын, басқа кәсіпорындардың бағалы қағазына салынған қысқа және ұзақ мерзімді инвестицияның нақты барын анықтауғак мүмкіндік береді [20].
Құнды қағаздардың (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес бағалы қағаздар ретінде шығарылатын басқа құжаттар) нақты барын тексергенде: құнды қағаздардың баланста есептелген құнының дұрыстығы; құнды қағаздың сақталуы (бухгалтерлік есептің мәліметтерімен оларды нақты барын салыстыру жолымен); құнды қағаздар бойынша табыстардың уақытында және олардың есепке толық алынуын анықтайды.
Құнды қағаздарды кәсіпорында сақтаған кезде кәсіпорынның басшысы белгілеген мерзімінде тиісті түгендеуден өткізіп отырады және оны кәсіпорынның кассасындағы ақша қаражаттарын түгелдеу процесімен бірге жүргізеді.
Құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу жекелеген эмитенттер бойынша актіде атауын, сериясын, нөмірін, номиналдық бағасын, өтелу мерзімдерін және жалпы сомасын көрсету және басқа да көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Әрбір құнды қағаздың реквизиттері кәсіпорынның бухгалтерясында сақталатын тізімдердің (реестрлердің, кітаптардың) мәліметтерімен салыстырылады.
Банкке немесе депозитарийге (құнды қағаздарды сақтайтын арнайы орын ) өткізілген құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің тиісті шоттарындағы сомасының қалдықтарын банктің немесе депозитарийдің мәліметтерімен салыстырылады. Бұл мәліметтер мүліктік түгелдеу кезінде банктен немесе депозитарийден арнайы сұраным арқылы алынған мәліметтермен салыстырылады.
Кәсіпорынға тиісті құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде олардың құнын бағалау, акциясына кәсіпорын ие болып отырған акционерлік қоғамдардың, қор нарығының жағдайы және қор биржаларындағы акциялардың бағамы туралы мәліметтер ескеріледі.
Ел ішіндегі құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына кәсіпорынның аударған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясының қаражаттары, сондай – ақ басқа кәсіпорындарға берілген заемдары мүліктік түгелдеу кезінде тиісті құжаттармен куәландырылады.
Қаржылық инвестицияларды мүліктік түгелдеу нәтижелері «Құндылықтар мен қатаң есеп беру құжаттарының» бланкілерінің тізбесінде көрсетіледі.
Егер мүліктік түгелдеу кезінде әр түрлі дебиторлармен және басқалармен есеп айыррысу шоотарына құны жазылған инвестициялар анықталса, онда мұндай сомалар алынып, инвестициялардың тиісті шоттарына аударылады.
Мүліктік түгелдеу кезінде банкрот болып жариялаған немесе жойылған (инвесторларға тиісті талап қоймаған) кәсіпорындарға салынған инвестициялар анықталуы мүмкін.
Мүліктік түгелдеу комиссиясы инвестиция салынған кәсіпорындағы өзгерістерді, меншік түрінің ауысуын, инвестиция салынған кәсіпорындарды шетелдік инвестордың сатып алуын және басқа да жағдайлары анықталуы мүмкін. Осы да және басқа да жағдайларда мүліктік түгелдеуді жүргізетін комиссия тиісті шешімдер қабылдауңы қажет, ал бухгалтерия оны есепте көрсетуі керек. Төменде (8-кесте) инвестицияларды мүліктік түгелдеу нәтижелері бойынша жасалған шоттар корреспноденциясы көрсетілген.
8-кесте.
Рет
№
|
Шаруашылық операцияларының мазмұны
|
Сома, мың теңге
|
Шоттардың корреспонденциясы
|
Дебет
|
кредит
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
Түгелдеу кезінде, еншілес кәсіпорынға, 200 мың теңгедегі сомасы жаңылыс жатқызылғаны, яғни жаңылыс 1220 шотына аударып жібергені анықталды:
- түзейтін жазулар (қызыл жазу тәсілімен)
|
200,0
|
1220
|
1040
|
|
- дұрыс жазуы
|
200,0
|
2210
|
1040
|
2
|
Түгендеудің нәтижесінде осы кәсіполрындарда, бұрын банкрот болып танылған басқа кәсіпорының акциясы табылған, сол акцияның жалпы құны 400 мың теңге құраған, түгендеу комиссиясы аталған шағымның орындалуын ұсынды.
|
400,0
|
1630
|
1150
|
Есеп беруде инвестицияларды ашып көрсету. Шаруашылық жүргізу Болашақ энергиясын өндіруші субъект қаржылық есеп беру барысында өзінің баланстық құнын, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларын есептен шығарғаннан кейін қайта бағалаудан түскен табысын есеп саясатында ашып көрсетуі қажет.
Сондай – ақ, балама энергетика үшін пайыздар, роялти, дивидендтер және ұзақ және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардан түсетін табысты да ашып көрсетуі керек: қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың есептен шығуынан түскен табыстар мен шығындар және осындай инвестициялардың құнының төмендеуі де ашылуы тиіс. Жылжымайтын мүлікке салынған инвестициялардың ағымдағы құны, сондай – ақ инвестицияларды өткізудегі айтарлықтай шектеулердің жайы, алатын табысы; олардың сатылуынан түсетін пайдасы; есеп беру кезеңде қайта бағалаудан түскен соманың қозғалысы және бұл қозғалыстың сипаты; қайта бағалауды есепке алғандағы құнымен есептеген кезіндегі ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша қайта бағалаудың мерзімділігі, соңғы қайта бағалаудың күні, қайта бағалаудың негізгі есебі ашылуы тиіс.
ІІІ. Қорытынды
«ЕХРО -2017. Отандық физика ғылымының өнім шығарудағы мүмкіндіктері мен өркендеуі» тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеулер келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:
1.Қазақстан әлемде энергия таратылуының ең көп шығын жұмсаудан алдыңғы ондықты иеленеді. Сондықтан еліміз тұрақты экономикалық даму болашағы мен экологиялық жағынан таза технологияларды жетілдіріп қалыптастыруда электроэнергияны өндірудің жалпы көлемінде энергияның жаңартылатын көздерінің үлесін арттыруы қажет. Ғылыми еңбектерді зерделеу негізінде 2003 жылдан бастап әлемде энергияны қолдану көрсеткіші тым артқаны анықталды. Қазақстан тәулігіне 1,68 млн баррель мұнай өндіруде. Мұндай қарқынмен өндірілген мұнай 50 жылда сарқылу қаупі бар. Энергия алынатын шикізат қорының таусылуы салдарынан болашақта әлемдік дағдарыстың орын алуы айғаққа айналуы мүмкін.
2.Қазақстанда өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстардың әлеуеті өте зор. Жаңартпалы энергетикалық ресурстар гидроэнергия, жел энергетикасы мен күн энергетика көздерінен құралады. Жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесінде олардың географиялық қолайлы аудандары анықталды. Гидроэнергетикалық ресурстарға негізделген балама энергетика өндіру өндірістері Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс, Шығыс және Оңтүстік аймақтарында шоғырландыру тиімді. Жел энергетикасын пайдалануға Қазақстанның Солтүстік, Орталық, Батыс және Оңтүстік-Шығыс аймақтарында мүмкіндік бар. 2013 жылдан бастап Ақмола облысындағы Ерейментау және Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ аудандарында қуаттылығы 45МВт тан 300МВт-қа дейін бірінші жел элекростанцияларының салынуы дәлел. Күн энергетикасы Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Арал және Қапшағай қалаларында тиімді. Бұл жоба Жамбыл облысында белсенді жүзеге аспақ. 2013жылдан бастап қуаттылығы 24МВт-тан болашақта 200МВт-қа дейін күн элекростанциясының тұрғызылуы жоспарланған. Ол біздің еліміздегі пайдаланылатын электроэнергияның 10%-ын құрамақ.
3. Балама энергетикаға көшу өз кезегінде инвестиция тартуды талап ететіндігі белгілі. Қазақстанға тартылған жалпы инвестициялар көрсеткіші 2012 жылғы 30 маусымдағы жағдайы бойынша 171974 млн.АҚШ долларын құраса, ал электрэнергиясымен жабдықтау, баптау саласына жалпы 1622,0 млн.АҚШ доллары немесе 1% көлемінде ғана инвестиция тартылған. Әлемде қаржы орталықтары энергияны қайта жаңарту, балама энергияға көшу жұмыстарына инвестиция салуды кеңінен қолға алған. Жаһандық инвестиция 2002 жылы 22 млрд. доллар болса соңғы жылдары 155 млрд. долларға өсті. Қазақстанда энергияның қайта жаңару көзіне инвесторлар тарапынан қуаты 2000 МВт –қа жететін өтінімдер берілгенін, яғни инвесторларды қызықтырып отырғанын ескерсек, болашақта балама энергетикаға салынатын инвестициялардың көлемінің өсетіні сөзсіз. Осы орайда ғылыми жұмыста болашақта баламалы энергетикалық жобаларды іске асыруда тиімді жел энергетикасының бастапқы қаржыландыру үлгілері талданып, толқын қуатын өндіруге арналған технологияларының инвестициялануы үшін экономикалық-математикалық модельдерді қолдана отыра балама энергетикаға инвестиция салу есептерін оңтайлы жүргізу арқылы шығындарды аз жұмсап қана қоймай, үнемді экономикаға өтумізді жеделдететін тетік екені дәлелденіп ұсынылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауы//Егемен Қазақстан, Астана 12 желтоқсан 2012 ж.
ВИЭ как предчувствие.//Kazakhstan. Ежегодное деловое обозрение «Лидеры 2012» .
Қазақстан Республикасы 9 .07. 2004 ж. № 588-II «Электроэнергетика туралы» заңы /өзгерістер және толықтыруларымен/
(с изменениями и дополнениями по состоянию на 10.07.2012 г.)VII Евразийский Форум KAZENERGY. Ресми сайт: www.kazenergy.com
The World Bank policy research department// Social Science Electronic Publishing, March 2012
Б. Есекина. Концептуальные основы модели «зеленого роста» // Евразийский экономический обзор. – 2011 - № 2, стр. 116-118
Астана қаласының Ресми сайты: http://www.expo2017astana.com
Альтернативная энергетика. Приоритетные сектора экономики // Справочник инвестора, 2010. – стр. 41
Sophie Justice “Private financing of renewable energy: a guide for policymakers.//Laterally a Director at RBC Capital Markets heading up the Renewable Energy Team advising on the sale, acquisition and financing of low carbon companies and renewable energy projects, 2012
Federal Reserve Economic Data: Link: http://research.stlouisfed.org/fred2
Robert M. Ames, “National Defense, Oil Imports, and Bio-Energy Technology”,Yale University (http://ssrn.com/abstract=554664)
Energy Efficiency/CO2 Indicators http://www.enerdata.net/enerdatauk/knowledge/subscriptions/database/
В.Л.Назарова «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» оқулық жалпы ред. Мамыров Н.К. , Алматы, Экономика 2005 жыл.
«Халықтық IPO» Бағдарламасының ресми сайты: www.halyk-ipo.kz
Қазақстан Республикасның «Бухгалтерлік есеп беру және қаржылық есеп беру туралы» Заңнамасы, 2007
ҚР Ұлттық банкінің ресми сайты: http://www.nationalbank.kz/
21-ХБЕС «Валюталардың айырбастау бағамдары өзгеруінің әсері» - www.mf.minfin.kz
В.К.Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, В.В. Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2003 жыл.
27-ХБЕС «Шоғырландырылған қаржы есептілігі және еншілес кәсіпорындарға салынған инвестицияларды есепке алу»- www.mf.minfin.kz
28-ХБЕС «Қауымдастырылған компанияларға салынған инвестициялардың есебі»- www.mf.minfin.kz
ҚОСЫМША ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қ.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы Экономика 2001 жыл.
Корреспонденция счетов по МСФО //Библиотека бухгалтера и предпринимателя – БИКО:2006
Алибекова Б.А., Нурхалиева Д.М. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына негізделген бухгалтерлік есеп принциптері. – Астана: ЕНУ им. Л.Н. Гумилева - 2007
Бухгалтерлік есеп принциптері. Окулық /жалпы редакциясын басқарған Н.Ә. Байболтаева/ - Алматы, 2002, 163 – 167 б.
Қазақстан Республикасы 27.12. 1994 ж № 269-XIII Азаматтық Кодексі /өзгерістер және толықтыруларымен/
Қазақстан Республикасы 12.06. 2001 ж № 209-II «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы /Салық Кодексі/» /өзгерістер және толықтыруларымен
http://www.chathamhouse.org/research/eedp/current-projects/renewable-energy-finance-policy
http://www.wec-indicators.enerdata.eu/
http://data.worldbank.org/topic/energy-and-mining
http://www.worldenergy.org/publications/2717.asp
http://www.csradialogue2012.org/
http://www.greeneconomycoalition.org/
Достарыңызбен бөлісу: |