Кіріспе. Биохимия пәні. Биологиялық химия тірі ағзадағы заттардың химиялық табиғатын зерттейтін ғылым



бет7/20
Дата27.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#199696
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Биохимия конспекты лекции

3.Көмірсулардың маңызы.
Көмірсулардың адам ағзасы үшін маңызы зор. Қалыпты жағдайда ағзаның тәулігіне жұмсаған қуатының 60 – 70 % көмірсулар арқылы өтеледі. Әсіресе мидың, қан жасушаларының, бүйректің т.б. қызметіне қажет қуат. 1 г көмірсу тотыққанда 4,1 ккал (17,15 кДж) қуат бөлінеді. Адам мен жануар ағзасында көмірсулар бейорганикалық, заттардан пайда болмайды. Сондықтан олар көмірсуларды тек тағам арқылы енгізеді. Бірақ та, жануарлардан алынған азықтарда көмірсулардың мөлшері аз. Мысалы, бірталай уақыт тұрып қалған етте, балық етінде гликогеннің қалдығы, ізі ғана кездеседі. Егер де 200-300 г - дай піскен бауыр желінсе, ағзаға тек қана 4 - 15 г гликоген түседі, ал 0,5 л сүт ішкенде 25 г лактоза енгізіледі. Тәулігіне ағзаға 450-600 г көмірсу қажет. Бұл мөлшерді тек жануарлардан алынған азықпен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан тағамдық заттар арқылы адам ағзасына қажетті негізілетін негізгі көмірсу - крахмал. Ол бидайдың, арпаның, күріштің, жүгерінін дәндерінде, картопта қор ретінде жинақталады.
Көмірсулардың кейбір өкілдері жүйке импульсының берілуіне, антиденелердің түзілуіне, қан топтарының даралануына қатысып ерекше қызмет атқарады. Әртүрлі бездердің бөліп шығаратын сөлдерінің құрамына кіріп, кейбір көмірсулар қорғаныштық қызмет атқарады.
Көмірсулар ағзадағы жасуша мембранасының және нуклеин қышқылдарының (ДНК, РНК), нуклеопротеидтердің, ферменттердің, мононуклеотидердің (АТФ, АДФ, АМФ, ГТФ т.б.) құрамына кіріп құрылыс заты ретінде пайдаланылады.
Көмірсулар табиғи көзден алынады. Барлық тірі организмнің құрамында болады. Көмірсулар тамақ (глюкоза, крахмал, пектиндік заттар), тоқыма және қағаз (целлюлоза) өнеркәсіптерінде, микробиологияда (көмірсуларды ашыту арқылы спирт қышқылдар, т.б. алу) қолданылады, медицинада дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланылады. Фотосинтез нәтижесінде атмосферадағы су мен көмір қышқыл газынан түзілетін көмірсулар табиғи айналымда болады.
Көмірсулар табиғатта кең тараған заттар, олар барлық өсімдік және жануар ағзаларының құрамына кіреді. Көмірсулар өсімдіктердің құрғақ зат массасына шаққанда 80 %, жануарлар ағзаларының 2 %, ал қанның 0,1 % құрайды.
Дәрістің тақырыбы: Ферменттер
Ферменттер - белоктардың ішіндегі ең үлкен және жоғары мамандандырылған класы. Тіпті гендердің жұмысына дейін ферменттердің қатысуымен орындалады. Ферменттер мыңдаған химиялық реакцияларды катализдейді, осы реакциялардың нәтижесінде клеткадағы алмасу процестері құралады.
Ферменттер табиғаты жағынан каталитикалық қасиеті бар белоктар болғандықтан, оларды биологиялық катализаторлар деп атайды.
Қазіргі кезге дейін екі мыңдай ферменттер анықталып, олардың екі жүздейі кристалл түрінде бөлініп алынған.
Ферменттердің активті орталығы. Ферменттің молекуласы субстраттың молекуласынан өте үлкен болады, соңдықтан ол субстратқа өзінің бүкіл молекуласымен емес, белгілі бір аймағымен ғана әсер етеді.
Ферменттің субстратпен спецификалы әрекеттесетін аймағы активті орталық деп аталады.Фермент конформациясындағы полипептидті тізбектің белгілі топтары ерекше спецификалы орналасып, активті орталық кұрайды. Ферменттің активті, орталық екі аймақтан құралады. Оның бірі - субстратты таниды және байланысады, ол субстраттық аймақ деп аталады, ал екіншісі - химиялық реакцияның сипатын анықтап, катализдік қызмет атқарады.
Активті орталықтың кеңістік құрылымы әрекеттесетін қосылысқа стереохимиялық комплементарлы келеді.
Ферменттердің активті орталығы полипептидті тізбектегі кейбір аминқышқылдардың функционалды топтарынан құралады.
Мысалы:
• серин және треониннің - ОН тобы,
• гистидиннің имидазол сақинасы,
• бос-СООН және -NH2 тобы,
Аллостерикалық орталық. Көптеген ферменттердің активті орталығынан басқа аллостерикалық орталығы болады. Мұндай орталық тек қана бірнеше мономерден тұратын күрделі ферменттерге тән.
Аллостерикалық орталыққа эффекторлар байланысады. Эффекторлар аллостерикалық орталықпен байланысқанда ферменттің конформациясы өзгереді, нәтижесінде активті орталықтың субстратқа сәйкестігі артуы немесе төмендеуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет