Кіріспе. Биохимия пәні. Биологиялық химия тірі ағзадағы заттардың химиялық табиғатын зерттейтін ғылым



бет5/20
Дата27.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#199696
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Биохимия конспекты лекции

4.Химиялық қасиеттері
Белок ерітіндісін қыздырса немесе оған күшті кышқылмен әсер етсе, ол өзінің табиғи қасиеттерін (ферменттік, гормондық) жояды, кейде ұйып та қалады. Мұндай құбылысты денатурация деп атайды.
Құрамы мен құрылысы күрделі болғандықтан, белоктардың қасиеттері де алуан түрлі. Олардың құрамында әр түрлі химиялық реакцияларға түсетін функционалдық топтар бар.
Белоктар — екідайлы электролиттер. Ортаның белгілі бір рН мәнінде олардың молекулаларындағы оң және теріс зарядтар бірдей (изоэлектрлік нүкте деп аталады) болады.
Белоктардың гидролизі. Сілті немесе қышқыл ерітінділерін қосып қыздырғанда, белоктар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді:
Белоктардыц түсті реакциялары. Белоктарды сапалық анықтау үшін түсті реакциялар қолданылады.
а) Ксантопротеинреакциясымен, ә) Биурет реакциясы. б) құрамында күкірті бар белоктарға қорғасын ацетатын және сілті қосып қыздырғанда, қорғасын сульфидінің қара түнбасы түзіледі.
Көмірсулардың химиясы
1. Көмірсулардың химиясы.
Көмірсулар - химиялық құрамы Сm(H2O)n яғни көмірсутек + су, аты осыдан шыққын) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы. Көмірсулар химиялық құрамына қарай үлкен 3 топқа бөлінеді:
-мономерлік көмірсулар немесе моносахаридтер;
-олигосахаридтер;
-полисахаридтер.
Соңғы екі топтың өкілдері моносахаридтердің конденсация өнімдері болып табылады.
Ашық түрдегі моносахаридтердің типтік формалары: альдоза үшін СН2ОН(СНОН)nСНО; кетоза үшін СН2ОН(СНОН)nСОСН2ОН, мұндағы n>1. Моносахаридтердің көп бөлігінде тармақталмаған көміртектік тізбекпен бір альдегидтік (альдозалық) немесе кетондық (кетозалық) топ болады.
Тізбектегі көміртек атомының санына орай моносахаридтер:
-тетрозаға (С4),
-пентозаға (С5),
-гексозаға (С6), т.б. бөлінеді.
Кейде кетоза атауына "ул" жұрнағы жалғанады (мысалы, пентулоза, гептулоза, нонулоза, т.б.). Моносахаридтерде көміртектің асимметриялық атомдары болады және оптикалық белсенді стереоизомерлер түзіледі. Көмірсулар мысалдарына құрамы (С6Н10О5)n формуласымен өрнектелетін глюкоза немесе жүзім қанты (С6Н12О6), қамыс немесе қызылша канты (С12Н22О11) және крахмал немесе целлюлозаны келтіруге болады. «Көмірсулар» деген атауды 1844 жылы К. Шмидт ұсынған. Бұл атау осы қосылыстар тобының алғашқы белгілі өкілдерін анализдеу негізінде пайда болды. Зерттеу нәтижесінде осы топ заттарының көміртектен, сутектен, оттектен тұратыны және сутек пен оттек атомдарының сандық қатынасы су молекуласындағыдай, яғни сутектің екі атомына оттектің бір атомы келетіні анықталған. Осы айтылғандарға сәйкес көмірсулардың жалпы формуласы: Жақша сыртына n-ді шығарсақ Сm2О)n деген «көмірсулар» атауына дәл келетін формуланы аламыз. Алайда, кейінірек кейбір көмірсулардың құрамындағы сутек пен оттектің сандық қатынасы судағыдай емес екені анықталды, мысалы, рамноза С6Н10О4 мен дезоксирибоза С5Н10О4.
Көмірсулардың физикалық қасиеттері. Моносахаридтер немесе қарапайым қанттар - қатты, суда жақсы еритін, дәмі тәтті, кристалдық заттар. Құрамында бес және алты көміртегі атомдары бар моносахаридтер ерітіндіде тұйық тізбекті (циклді) түрінде кездеседі. Гексозалардың ішіндегі ең маңыздысы глюкоза — С6Н12О6, оны жүзім қанты деп атайды. Ол ақ түсті, дәмі тәтті, суда жақсы еритін кристалдық зат.
Көмірсулардың химиялық қасиеттері. Глюкоза - альдегидті спирт, молекуласының құрылысы:

СН2ОН
Н Н Н Н ОН О

Н



Н

НО


О

Н

ОН





Н
ОН Н
C C C C C C

Н ОН

ОН Н Н ОН Н Н


Глюкоза молекуласының құрамында альдегид тобы болғандықтан, ол күміс оксидінің аммиакты ерітіндісімен «күміс айна» реакциясы және мыс гидроксидімен «Фелинг» реакциясын береді.
Глюкозакөп атомды спирт, сондықтан ол спирттерге тән қасиеттерді көрсетеді: металдармен алкоголяттар: қышқылдармен күрделі эфир түзеді. Глюкоза кристалдық қалпында және ерітіндіде жартылай ацетальды қалыпта болады. Жартылай ацетальдық гидроксил реакциялық қабілетт. Ол спирттермен, карбон қышқылдарымен, фенолдармен реакцияласып, басқа топтармен орын алмаса алады. Жартылай ацетальдық гидроксилге әсер ететін қосылысты агликон деп атайды. Ал реакцияның өнімін гликозид деп атайды.
Фруктоза- глюкозаның изомері, глюкозамен бірге тәтті жемістерде, балдың құрамында болады. Фруктоза - кетонды спирт, оның құрылысы
С
O

H

OH



OH

OH


CH2OH

CH2OH
CcccccCCHCH2OH CH2OH
CH2OH

Н2ОН O
С = CH2OH

OH

H




H
С OH

H
С H OH
С OH H

H
С
H
Фруктоза глюкоза тәрізді алкоголяттар және эфирлер түзеді.
Дисахаридтер- түссіз, суда жақсы еритін, дәмі тәтті кристалды заттар. Олардың құрамында екі молекула моносахаридтер ангидрин байланысы арқылы жалғасқан, жалпы формуласы – С12Р22О11. Дисахаридтерге сахароза, лактоза, мальтоза жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет