Пәндік шара Тақырыбы: «Үздік топ» сайысы Мектепалды дайындық тобының «Топ үздігі»



Дата07.07.2018
өлшемі15,74 Kb.
Пәндік шара

Тақырыбы: «Үздік топ» сайысы
Мектепалды дайындық тобының «Топ үздігі» сайысына қош келдіңіздер.
Сайысымыздың мақсаты: Балалардың үйреніп жатқан білімдерінің нәтижесін көрсету.
Уа халайық,
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Шабыт тасып шалқысын
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шешу шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ есеп бәрі бар
Ал сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.
Сайыс V – бөлімнен тұрады.
1. «Таныстыру» (топтар өз-өзін таныстырады)
2. «Сұрақ-жауап» ауызша сұрақтарға жауап береді.
3. «Көңілді есептер»
4. «Полиглот» жұмбақ шешу
5. «Мың бір мақал»

Осы бөлімдер бойынша балаларға әділ баға беруші әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.


1.________________________________________
2.________________________________________
3.________________________________________

Тәрбиеші:


Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Математика сырына
Қадамдарың оң болсын
Сәт сапар енді тілеймін
Сайысымыздың 1- бөлімі «Таныстыру» топтар өздерін таныстырады.
Ортаға «Зерек» тобын шақырамыз.
Енді екінші топ «Алғыр» тобын ортаға шақырамыз.
«Зерек» пен «Алғыр» топтары үшін қол соғып қошемет көрсетейік.
Сайысымыздың II – бөлімі «Сұрақ-жауап»
Ауызша сұрақтарға жауап беріледі.
1. Апта күндерін ата? (Зерек тобы)
2. Жыл мезгілдерін ата? (Алғыр тобы)

3.Жабайы аңдарды ата? қазақша-орысша (Зерек тобы)


4.Үй жануарларын ата? қазақша-орысша (Алғыр тобы) 5.Жемістерді ата? қазақша-орысша (Зерек тобы)
7. 1-10 ға дейін сана Қазақша-орысша-ағылшын тілінде (Алғыр тобы)

8. 1-10 ға дейін сана Қазақша-орысша-ағылшын тілінде (Зерек тобы)


9. Көкөністерді ата? қазақша-орысша (Алғыр тобы)
10.Құстарды ата? (Зерек тобы)

11.Бағдаршам түстерін ата,қызыл көзі жанса не істейсің? (Алғыр тобы)

12.Дыбыстар нешеге бөлінеді? (Зерек тобы)

13.Дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? (Алғыр тобы)


14.Дыбыс дегеніміз не? (Зерек тобы)

15.Әріп дегеніміз не? (Алғыр тобы)

16.А дыбысы қандай дыбыс? (Зерек тобы)

17.Т дыбысы қандай дыбыс? (Алғыр тобы)

Тәрбиеші:
Ұшақтан да ұшқырмыз
Желден озған жүйрікпіз
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз
Дей - келе келесі сайысымыздың III бөлімі «Көңілді есептер» Сайысымыздың IV бөлімі «Полиглот» жұмбақ жасыру.
Тәрбиеші: Қандай жұмбақ болса да шешпей оны қоймайық деп жұмбақ жасырайын.
1. Қабат-қабат қаттама
Ақылын болса аттама / кітап/

2. Аяғы біреу, қолы жоқ


Шиыр-шиыр жолы көп
Өзі сөйлей білмейді
Салған ізі сөйлейді / қалам/

3. Қалқиып екі құлағы


Елеңдеп қорқып тұрады. / қоян/

4. Аппақ аппақ ақ мамыр


Жерде жатыр тапталып /қар/

5. Екі аяқпен кезек-кезек тебеді


Ол тынымсыз домалап
Зыр жүгіре береді /доп/

6. Лағымның құлағы


Селтиіп тұрады
Қозы көрсе болғаны

Оны тұра қуады. /ит/




Сайысымыздың V бөлімі «Мың бір мақал» мақал айтып жарысу

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, апайлар осымен МАД тобының дайындаған «Үздік топ» сайысы өз мәресіне жетті. Балалардың еңбегін бағалайтын әділ қазылар алқасына сөз кезегін берейік.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет