8 Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған құрылғылар мен құралдар.
Кішігірім жөндеу жұмыстарыныңкөбісi - үйкеліс жұбының тығыздауыш бетін қалпына келтiру. Тығыздауыш беттерді жөндеу темір шеберінің құралы көмегімен, сондай-ақ үйкелісу және тегістеу операцияларымен жүзеге асырылады.Осы операциялардың арқасында үйкеліс беттерінің аяқтау өңдеу әдісінiң тазалық пен сапаның жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі.
Далалық жағдайларда кішігірім жөндеу жұмыстары үшін, жылжымалы немесе тасымалданатын жабдықтар пайдаланылады. Мысалы, ысырманы және клапандарды СТ-4 портативті құрылғы арқылы құбырдан шығармай жөндеуге болады (8.1-сурет). СT-4 құрылғыларының барлық модельдері стационарлық жағдайда клапанды жөндеуге де жарайды.
Құрылғыларды қолдану диапазоны Ду 50 ... 1000 мм.Сондай-ақ, цех жағдайда СT-3 және СT-3А құбырларының арматурасының тығыздауыш беттерін тегістеу және үйкелісу үшін арналған, арнайы стационарлық тегістеу білдектер пайдаланылады (8.2-сурет, 8.3-сурет). Бiлдектер қашықтан басқару панелімен модификациялауға ие, бұл тегіс старт,айналым сатысыз реттеу басқаруды және бөлшек бетінің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.Беттiң кедiр-бұдырлығы - 0,05 мкм дейін.
Өңделген беттің жазықтығы – 1 мкм дейін.Бөлшектердің тозу дәрежесі өлшеу құралдарымен анықталады Өлшенетін бөліктің дәлдігіне байланысты өлшеу құралдарын дұрыс таңдау өте маңызды. Өлшеу құралдарының шектік қателіктері бақыланатын бөліктің рұқсат етілуінен аз болуы тиіс.
Осылайша, 0,015–0,05 мм рұқсат етілгенде микрометрлер қолданылады,0,05–0,2 мм рұқсат етілгенде, 0,02 мм санау мен штангенциркуль қолданылуы керек, 0,2–0,5 мм рұқсат етілгенде, 0,1 мм санау мен штангенциркуль қолданылуы керек.Барлық брак белгілердің ішінен ең қиын – жасырын кемшіліктерді анықтау (кішкентай жарықтар, ішкі қуыстар және т.б.). Осындай ақаулықтарды анықтау құралы, бұзбайтын сынау әдістерін қамтиды.
8.1-сурет–СТ-4, құбырдан шығармай ысырма корпусының тығыздауыш беттерін жөндейтін портативті бiлдек
1 – пневматикалық жетек; 2 – жетек білігі; 3 – тегістеу дискісі;
4 – дроссель корпусы
8.2-сурет–СТ-3 тегістеу және үйкелісу үшін арналған портативті бiлдек
1 – электр қозғалтқышы; 2 – жетек білігі; 3 – тегістеу дискісі; 4 – клапанның ерi; 5 – бiлдек негізі
8.3-сурет–СТ-3А тегістеу және үйкелісу үшін арналған портативті тегістеу бiлде
Магниттік әдіс. Бөліктің ақаулы жерлеріннен магниттік ағын өткенде, магниттік өткізгіштігі күрт өзгередi, және магнит өрісінiң шашырауы пайда болады.Бұл өрісті табу үшін трансформатор майынан (40 %), керосиннен (60 %) және магнитті ұнтақтан (1 литрлік қоспаға 50 г.) дайындалған ферромагниттік суспензия қолданылады.Магнит өрісі - электромагнитпен, соленоидпен, бөлшектiң тесікке орнатылған мыс біліктен немесе бөлшектен жоғары қуатты айнымалы немесе тұрақты тоқ өткізу арқылы құрылады. Ақауларды анықтағаннан кейін, бөлшекмагнитсіздендірiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |