Кіріспе Бұл оқу­­­­­­­­–әдістемелік құралы «Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесін ұйымдастыру»



бет15/17
Дата10.12.2021
өлшемі0,75 Mb.
#78831
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің жүйесін ұйымдастыру (Автосохраненный) (Восстановлен)

Ультрадыбыстық әдіс ультрадыбыстыңметалда таратып, ақаулы аймақтан шағылуықабілетіне негізделген (акустикалық кедергі).

Ультрадыбыстық кемшіліктерді анықтау үш тәсілмен жүзеге асырылады: көлеңке, резонанс және жаңғырық бақылау.



Көлеңкелі әдіс ультрадыбыс, сәулелендіргіш мен қабылдауыш құрылғы арасында орналасқан бөлшектiң ақаудан өткен кезде «дыбыс көлеңкесінің» пайда болуына негізделген. Бұл әдіс ерекшелігі метал құрылымында ақаулық болған жағдайда, ақаулықтан шағылған ультрадыбыстық сәуле бөліктің қарсы шегіне жетпейді, және қабылдағыш құрылғыға кірмейді. Сонымен қатар жазу құрылғысы ешқандай жазба жасамайды.Бұл ақау көрсеткіші.

Резонанс әдісі бақыланатын бөлшектiң материалындағы тұрақты толқындардың пайда болуына негізделеді, егер сыртқы сәулелендіргіш тербелістердің жиілігі, бөліктің жеке жиілігіне сәйкес болса. Резонанс әдісі коррозиялық қуыстарды анықтауға, қабатталуды және басқа да құрылымдық ақауларды анықтауға қолданылады.

Жаңғырық әдісі бақыланатын бөлшектiң материалына ультрадыбыстық тербелістерді жіберу және толқындардың шағылуын қабылдау принципіне негізделеді және бір іздеу басында жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, ультрадыбыстық импульстің сәулелендіргішi және қарама-қарсы шекарасынан шыққан ультрадыбыстық толқындардың қабылдағышыбір іздеу басында біріктіріледі. Сонымен қатар, құрылғының экранында кіріс және төменгі сигнал арасында, ақаулықтаншағылған сигнал тіркеленедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет