Кіріспе бөлім. ҚАрым-қатынастың ҚҰрылымы мен психологиялық функциялары



бет6/7
Дата28.01.2018
өлшемі1,69 Mb.
#34252
1   2   3   4   5   6   7

4 жаттығу «Қолды есте сақта»

Топпен қатынас ойындары ұйымдастырылады. Бөлмеде барлығы емін-ерккін жүріп, кездескендер бір-бірінің қолын алып амандасады, амандасу кезінде бір-біріне жылы сөздер айтады, айтылған сөздерді есте сақтайды. Одан кейін барлығы шеңбер бойымен тұрады да, ортаға бір адам шығып, көзін жұмып, қолды алға керіп тұрып өзінің қолын «тыңдайды». Одан кейін бұл адамға кім қандай сөзбен сезімін білдіргенін есіне түсіріп, қолын сипаған адам кім екендігін анықтап, оған сипаттама береді.



5 жаттығу «Қолды тыңдаймын»

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады.

Барлығы қол ұстасып, көздерін жұмып тұрады (тыныш ойналады) жүргізуші: «Тыңдаңыздар» Сіздер ұстап тұрған көршілеріңіздің қолдарына, оң қолыңыздағы қолға назар аударыңыздар. Ол қандай? (кішкентай және нәзік, батыл немесе суық және т.б.) Бұл саусақтар қандай ақпаратты сізге беретіндігін «Тыңдаңыздар». Енді назарды сол қолға айдарып, оны тыңдаңыздар. Енді көздеріңізді ашып өздеріңіздің сезімдеріңіз туралы айтыңыздар, қолдарыңыз бір-біріне тигенде не сездіңіздер?

6 жаттығу «Сыйлық сыйла»

Барлығы шеңбер бойымен бөлмеде тұрады (әсем ән ойналады). Жүргізуші ортаға шығады. Ол көзін жұмып тұрып, сіздің кіммен тұрғаныныңызды көрсетеді. Сізді кімде кім жақсы көреді және ол Сізге қандай сыйлықтар ұсынады. Осыны көзіңізге елестетіңіз. Сізге қандай сыйлықтар сыйлағанды қалар едіңіз, оның себебі қандай? Басқа қатысушылар қатарымен көздерін жұмып тұрады. Барлығы өздерінің ойын қиялымен бейнелейді. Сонан соң барлығы көздерін ашады.

Тапсырма: бір-біріңізге назар салып қараңыздар. Бір-біріңізден қандай да бір сыйлықты алғанды қалар едіңіз. Енді шеңбер бойынша бір-біріңізге сыйлықтар сыйлаңыздар, ол қиялдағы сый (сөзсіз, тілдеспестен, ыммен). Сыйды қабыл алу керек, оны қалай көрсетесіз, түсіндіресіз (сөзсіз, әрекетпен) және жаныңызда келесі кім сый сыйлайды. Ойын сол сияқты жалғастырылады.

7 жаттығу «Көпір».

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диагонал бойынша бормен сызық сызып, ойынның мәнін былай түсіндіреді: "Бұл сызық - тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір. Төменде желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол. Одан тек бір адам ғана өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетуге жол жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі адам - екі ұлттың өкілі. Олар бір-бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жүру керек. Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі".

Талқылау:

- Тапсырма ненің көмегімен орындалады?

- Қатысушылар бір-біріне көмектесті ме?

- Осы жағдайда қарым-қатынастың қандай құралдары (вербалды немесе вербалды емес) маңызды?

- Қай ұлттың вербалды емес қарым-қатынасы Сізге жақын және түсінікті көрінді?

8 жаттығу «Мен – кіммін?»

Мен - концепция. Бұл жаттығуды бірнеше кезеңде жүргізуге болады. Бірінші кезеңде әр адам өзін бір көріністе ұсынады. Мысалы: «Мен –планета», «Мен –идеалды және реалды», «Мен-символ», «Мен–гүл», «Мен-ай», «Мен-космос», «Мен эмоиональды қызу қарым қатынас мүшесі» т.б.

Әрбір қатысушылар қағаз бетінде «Мен?» атты тапсырмада сурет салады және онда планетаның немесе адамдардың қызу қарым–қатынас жасауын бейнелейді. Сурет салағанда өзін символ ретінде немесе шынайы бейнесінде және т . б. Түрінде түсіреді.

Одан кейін жұптармен жұмыс басталады. Әрқайқысы бір-біріне өзінің салған суреттерін түсіндіріп айтып береді (суреттерін бір-бірімен ауыстырып алуға болады, әрқайсысы не салғысы келгенін түсіндіріп беруіне болады).

Келесі кезеңде шеңбер бойынша жұптарының салған сүреттерін талқылағаннан кейін әрқайсысы өзінің басқаларға деген байқағанын сезімін, қатынасын басқаларға айтып береді.

9 жаттығу «Музыканы тыңдап, сурет саламын»

«Жалғыз қойшы», «Космостық опера», «Скрипка мен дауысқа арналған концерт» т.б. музыкалық шығармалар ұсынылады. Осы әуендерді тыңдағанда өзін билеген көңіл-күйін, сезімін тыңдап, оның суретін салады.



10 жаттығу «Арман аралында»

«Үш арман», «Армандар аралы», «Менің дұшпаным», «Менің арманым», «Иделады серіктес», «Менің жақсылығым және жамандығым», «Әйел және еркек» және басқа да тақырыптарда сурет салады.

Суреттерді еденге жайып қойып, оларды кім салғанын айтып береді (суретке автордың аты жазылмайды). Суретті талдағанда әрбір қатысушы суреттің мазмұнын шеңбер бойында тұрған адамдарға жеткізгенде автордың сезімін, арманын қалай түсінгенін көрсетеді. Сурет салған адам басқаларға өзінің арманын өзінің суреті арқылы айтып жеткізуге мүмкіншілігі болады. Басқалар оны жақсы түсіне алғаны топтағылар арасында бір-бірін түсінгендігі және жылы сезімдік қатынастың орналасқанын білдіреді.


  1. жаттығу «Бұзылған телефон»

Бұл жаттыңуды жүргізудің көптеген нұқалары бар.

А – варианты. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші өзінің сол жағындағы отырғанның құлағына бір сөз айтады, ол сөзді шеңбер бойымен бір-біріне сыбырлап айтады. Бұл сөз шеңбер бойын жағалап жүргізушінің құлағына қайта оралып айтылғанда қандай болып келгені айтылады. Егер айтылған сөз өзгерген болса, қатысушылардың әрбірі кері ретпен не естігенін айтады. «Телефонның» тетігі қай жерде бұзылғанын тауып алып, «бұзушыға» «жаза» қолданылады. Жаза ретінде қызықта тапсырмалар беріледі. Оны дұрыс орындаудан бұрын басқаларға күлкілі етіп орындщағаны қызық болады.

Б– варианты. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші өзінің сол жағындағы отырғанның құлағына бір сөз айтады, ол сөзді шеңбер бойымен бір-біріне сыбырлап айтақанда мағнасын өзгерту керек. Бұл сөз шеңбер бойын жағалап жүргізуші құлағына келгенде мағнасы қандай болғанын, ол сөз шеңбер бойы қандай ассоциациялар туғызғанын әрқайсысының естіген сөздерін талдау арқылы талданады.

12 жаттығу «Бұл кішкене доп емес»

Шеңберге кішкене доп белгілеп, басқалары басқа затты ұсынып, оның іс әрекетін атап көрсетеді. Мысалы: бұл кішкене доп емес, бұл мысықты сипау сияқты.

13 жаттығу. «Телеграф»

Шеңбер бойынша барлық қатысушылар бір-бірінің қолдарын алып тұрады. Ортаға жүргізуші шығып «біз Исаға досының жіберген жолдауын жеткіземіз»-дейді де сол жағында тұрған адамның қолын қатты қысады. Ол алған «мәліметін» келесі адамның қолын қысып, «телеграф»ты одан әрі жалғастыруы керек. Барлығы қол қысуды жалғастыру арқылы осы хабар Исаға жеткізіледі. Жүргізуші барлығының қимылын байқап тұрады. Егер қол қысу тоқталып қалса, жүргізуші оны «үзілген сымтетікті» жөндеуді талап етеді. Қате жіберуші шеңбер бойынша телеграф жұмысын қайта жүргізіп жібереді.

14 жаттығу. «Мафия»

Топта 1-12 одан да көп болады. Ойынның шарты: кеспе қағазы таратылып беріледі. Ол қағазда кімнің кім екенінің таңба белгілері бар (мұндағы М-мафия, (3 кеспе қағаз) К-полиция комиссары, ешқандай белгісі жоқ кеспе қағаздар - бейбіт тұрғындар.

Ешкім көршісінің кеспе қағазындағы белгіні көрмеуі керек, әркім тек өзінінің қағазындағы белгі бойынша ролін орындауға дайындалады. (Бұл жиналмалы қағаз болуы мүмкін. Сондықтан кеспе қағазды жинап алып, қатысушылардан тығып қоюға болады).

Жүргізуші ойын ережесімен таныстырады. Қатысушылардың барлығы кіші қалада тұрады. Олардың ішінде мафия, полиция комиссары және бейбіт тұрғындар бар. Мафия бейбіт тұрғындардың барлығын құртып, қаланы жаулап алуға ұмытылады. Бейбіт тұрғындардың мақсаты – тезірек мафия қойып отырған талаптармен келіп, тыныштық өмірге оралу.

Бұл жаттығу келесі ретпенен ұйымдастырылады.


  1. Қатысушылардың барлығы көздерін жұмады. Сөз жүргізушіге беріледі. Ол мафия мүшелерін шақырады. Мафия көзін ашып, 30 секунд ішінде өздері жасайтын і- әрекеттерінің жоспарымен танысып алады. Сонан соң көздерін жұмып қатарға тұрады.

  2. Полиция комиссары көздерін ашады. Комиссар» сөзсіз» жүргізушіден кім мафия екендігін сұрайды. Жүргізуші бұл сұраққа, «ешнәрсе білмеймін» деп жауап береді.

  3. Қатысушылардың барлығы көздерін ашып, кім мафия екендігін талқылайды.

  4. «Мафиоздар» деп өздері бұл ролге кандидатурасын анықтайды. Оларға деген оқталған сөздерін айтады.

  5. Көпшіліктің шешімі бойынша мафия деп табылғандар қатысушылар анықтаған жазаға бұйырылады.

  6. «Жазалану» алдында қатысушы ол қандай адам екендігін және ол кімді мафия деп қуаіптеніп жүрген екендігін басқаларға айтып, сақ болуды тапсырады.

  7. Ойын жалғасады. Түн. Жұртттың барлығы ұйықтағанада тек мафия ұйықтамайды, олар қаланы жаулап алу үшін қастандық шаралар ойлап жүреді де бейбіт тұрғындарды ұйықтап жатқан жерінде өлтіру бір-бірімен келіседі. Жүргізуші барлық қатысушыларды шеңбер бойымен есепке алады. Егер мафия мүшелері бір-бірімен келіспестен жүргізуші есебін бастағанда дауыс бере алмаса («мафия» мүшелерінің барлығы бірдей оң қолының сұқ саусағын жоғары көтеруі керек), онда қала тұрғындарының барлығы аман қалады. Мафия мүшелері бір мәрте ғана дауыс беруге құқығы бар. Барлығы бірдей дауыс беріп үлгерсе онда мафия қаланы жаулап алғаны. Егер осы құқықты пайдалана алмаса олар «мафия» атағынан айырылады.

  8. Комиссар уақыты. Таң атып, тұрғындардың барлығы оянады. Түнімен мафия әрекеттенген болса комиссар өз жұмысына кіріседі.

Ойын аяқталғаннан соң қайтадан талқылау жүргізіледі. Мафия кім екендігі анықталмаса 7 пункті қайталанады. Әлі мафия жеңілмейді. Екінші қайталау қажет болса бейбіт тұрғындарға жүргізуші мафия кім екенін ашық жариялауды, «отқа май құйғандай». Кейде қорқыныш билеуі мүмкін.

15 жаттығу «Бос емес кресло».

Бір қатысушы креслода отырады, басқалары оның арқасында тұрады. Бір орын бос, бірақ оның қасында жүргізуші тұрады. Ол орындарынан түрегеп тұрғандадың біреуіне көзімен креслоға көпсетіп немесе бас изеп, креслоға отыруға шақырады. Ол адамның алдында тұрғандар шақырылған адамды жеңіп, бос креслоға өзі отырып алуға ұмтылады. Басқалар оған көмектеседі. Егер қарсылық едеуір болса жолын бөгеттеушілер оны жібере салады. Ойынға қатысушылардың барлығы екінші бос креслоға жүгіреді. Ол креслоғада талас басталады (ойын көңілді өтуі тиіс).



16 жаттығу «Шатақтар».

Барлығы көзін жұмып бөлме ішіне тарап кетеді де өзінің құшағын ашып алдындағы адамды ұстап алады. Бұл жаттығуды ән ойнағанда бірдей көздерін жұмып бастайды. Ұстаған адамына оң қолын береді, одан кейін сол қолымен басқа адамның қолын іздейді. Біртіндеп қатысушылардың барлығы шатасқан тізбек құруы керек. Ән тоқтаған кезде әркім өзінің оң қолымен ұстаған қол кімнің қолы екендігін тауып айтады. Кім екенін көзді ашпай анықтау керек.



17 жаттығы «Шағын топта жұпты таңдау».

Топтағылар жұптарға бөлінуі керек. Әр қатысушы өз жұбын ойын барысында іздеп тауып алуы келесі жолмен жүргізіледі.



  1. Қатысушылардың біреуі кіммен қалағысы келетіні бойынша тілегін ашық айтады.

  2. Барлығы шеңбер бойымен көздерін жұмып тұрады. Бастадық, деген бұйрық бойынша барлығы шеңберден шағып, бөлме ішінде емін-еркін жүреді. «Бір, екі, үш» деген шотта барлығы тоқтай қалып көздерін ашады. Көзін ашқан кезде алдындағы адам өзінің қалауына сәйкес келген жұп ортаға шығады, олар келесі жаттығуды осы серігімен бір жұпта болып жалғастырады. Қалғандары көздерін жұмып, жаттығуды басынан бастап, өздері таңдаған адамдарымен қарама-қарсы тұрып кездесуді іздеуді жалғастырады.

  3. Жұптасқандар бұлақ басына серуенге шығу, аялдамада көлік күтіп тұру, серіктерімен саябақта серуендеу жағдайындағы көріністерді ойнайды.

  4. Жұмулы көзімен жұбын тауып алудың көптеген басқа нұсқасын ойлап табуға болады. Олар: «Басшыны таңдау», қатысушылардың өздері кезекпен өздерінің командасына басшыны таңдайды; жұптар келесі ойынды екі жұп арасындағы сайыс ретінде өткізу үшін өздеріне қарсы команда ретінде өнер көрсететін жұпты таңдайды; топтағылардың ішінен өмір бойы қатынас жасап тұратын ең жақын адамын таңдайды; керісінше «алыс» емес адамдар арасынан ең «алысын» таңдайды және онымен жақындасу жолдарын іздейді.

5. Кіші топты біріктіруге арналған басқа да жаттығуларды орындау:

А) саусақтардың санын бірдей етіп бір уақытта ашып тастайды. Алдын ала келіп алуға болмайды.

Б) Барлығы қатарласып шеңбер бойынша отырғанда екінші, үшінші, бесінші адамдардың тұруы талап етіледі. Олар бір қызықты тапсырманы орындайды. «Ауа шарында ұшу», «Адам тұрмайтын құрлықтағы өмір», «Қара және қызыл», «Су астындағы қайық», «Қайнар бұлақ» сияқты ойындар ойналады. Әрбірі ойын әртүрлі мақсатты көздейді (топқа жіктелу, жаттығудың комплекстілігін қамтамасыз еру, дене шынықтыру, артық жиналған эмоцияны шығару, тынығуға арналған).

Психокоррекциялық ойындар нәтижесінде балалардың қарым-қатынаста бір-біріне деген көзқарасы, тілтабысуға деген құштарлығы жоғарылағаны байқалды. Бұл жұмыстардан соң жүргізілген шығыс диагностикасы диагностикалау тестерінің варианттарымен жүргізілді. Бұл зерттеу жағдайдың аз да болса оңға бет бұрғанын байқатты. Сондықтан коррекциялық іс-шаралар оқушылармен жүргізетін жұмыста өз орнын табу керек екендігі дәлелденді.

Мектеп тәжірибесінде ең қажетті және кеңінен пайдаланылатын тренингтер - өз-өзін реттеу тренингтері болғандықтан оларды оқушыларға психологиялық қызмет көрсету барысында кеңінен пайдалану қажет екендігін анықтадық. Өйткені педагогтар барлық уақытта балалармен белсенді қарым-қатынас үстінде болып, осы қатынас барысында олардың іс-әрекеттерін бағалау және өзінің сезімі арқылы олардың жетістігін бағалау қатынасында болу олардан өз-өзін барлық уақытта өте жоғары қадағалауды талап етеді. Бұл шаралар педагогтардың психологиялық сауаттылығын жоғарылатуымен қатар педагогтардың кәсіби қызметінде өте қажетті эмоционалдық жағынан жағымды болу қасиеттерін қалыптастырады.

ҚОРЫТЫНДЫ
«Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары» тақырыбында жүргізген дипломдық зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.

1. Қарым-қатынас әлеуметтік ортада мәлімет алмасудың және барлық іс-әрекеттерді үйренудің негізгі құралы. Сондықтан психологияда қарым-қатынас проблемаларын зерттеуге үлкен мән беріледі. Қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін зерттегендер Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Л.И.Божович, А.Б.Добрович, Я.Л.Коломинский, И.С.Кон, Т.Н.Мальковская, Л.А.Петровская, В.В.Столин, Н.И.Шеврандин т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап оны түзету жолдарын ұсынғандар Э.Берн, Дж.Морено, Д.Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген. Қарым-қатынасты зерттеген ғалымдар Н.И. Козлов, И.С.Кон т.б. ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып қарым-қатынас мәдениетіне келесі анықтама бердік: Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз-адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табу. Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасу деңгейін, оның сапасын өлшеп көрсету өте қиын. Өйткені тек қана іскерлік, қолданбалы, тәжиребелік мәселелердің тиімді шешлгені қарым-қатынастың барлық қатынасқан субъектілері үшін оң жағдайда жүргенін көрсетуі мүмкін. Сондықтан іс-шаралар нәтижесі гуманистік, адамгершілікті сақтау негізінде, басқаларға психологиялық қысым, зорлық көрсетпей жүргізуге байланысты болғанда ғана қарым-қатынас мәдениеті сақталғаны анық байқалады.

2. Қарым-қатынас ерекшеліктеріне үлкен әсерін тигізетін факторлардың бірі – стереотипизация екені анықталды. Стереотипизацияның жиі кездесетін түрі - этникалык стереотиптер. Әр халық өкілдері көңіл аударарлықтай сырт келбеті, мінез ерекшеліктерімен сипатталады. Мысалы, ұлт өкілдері туралы сөз болғанда ағылшындардың тәкаппарлығы, француздардың жеңіл мінезділігі, итальяндықтардың таңғажайыптылығы, немістердің тәртіптілігі жайлы стереотиптер елестетіледі. Қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты үлкендерді сыйлау, олардың сөздерін екі етпеу, әңгімелескенде сөз кезегін беріп отыру, басқалардың пікіріне зейін салу. Өз тобының стереотиптерін меңгерген адам ол ортада өзін ыңғайлы сезінеді және бұл стереотиптер ұлт өкілін өздерін басқа этникалық топта қабылдау процесін жеңілдету және ықшамдау қызметін орындайды. Стереотиптер адамға психологиялық ресурстарды «үнемдеуге» мүмкіндік беретін және «дөрекі түрде жөнге салу» қүралы болып табылады. Олар әлеуметтік қолданылудың «рүқсат етілген» өрістерге ие. Мысалы, стереотиптер адамның топтық, ұлттық немесе кәсіптік тиістілігін бағалауда белсенді қолданылады.

Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін мектепте арнайы жасалған бағдарлама бойынша психологиялық қызмет көрсетудің мәні өте үлкен. Осы мәселені шешу барысында жағымжы қарым-қатынас жасау стереотиптерін қалыптастыру қажет. Қарым-қатынас мәдениетін зерттеуге және қажет кезінде түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған әдіс-тәсілдер бар. Ол әдістемелерді мектеп жасындағы балаларды зерттеуге қолданғанда зерттеуді сынып үжымымен жүргізудің көптеген ұтымды жерлері бар. Мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін бағалап, қажетті болған кезде коррекциялау, тәрбиелік мәні бар қосымша іс-шаралар ұйымдастыру үшін сынып ұжымы өте ыңғайлы әлеуметтік топқа жатады.

3. Сыныптағы ұжымішілік қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге негіз болатын бағдарлама жасау психологтің міндеттерінің бірі. Бағдарлама бойынша жүргізілген зерттеу алдын ала анықталған ретпен жүргізіледі. Оқушылардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған көптеген әдістемелер қалыптасқан. Оның ішінде жеке қасиеттерді бағалау тестері, социометриялық талдау жүргізу балардың сыныптағы статусын анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде өте сирек пайдаланылатын әдістемелердің бірі трансактілік талдау. Трансактілік талдау нәтижесінде балалардың қатынас барысында өзін және өзгелерді оң және теріс қабылдауы, оларға жасаған ескертулерді өзінің тұлға ретінде бағалау ретінде қабылдауы немен байланысты екенін анықтауға мүмкіндік туады. Балалардың қарым-қатынасқа икемділігі коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу тесті, басқаларға әсерлілікті, тіл табыса білуді зерттеу тестері пайдаланылды. Нәтижесінде жеткіншек жасындағы оқушыларының басым көпшілігінің қарым-қатынас мәдениетінің көрсеткіштері орта және төмен болып шықты.

4. Зерттеу барысында жеткіншек жасындағы оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті, қатынас барысындағы ынтымақтастығы және барлық анықталған қарым-қатынас мәдениетінің көрсеткіштері төмен болған балалармен ойын коррекцияларын жүргіздік. Коррекциялық топ жұмысына қатынасуға сынып оқушылары түгел үлкен қызығушылық білдірді. Тренинг барысында және одан кейін балалардың бір-біріне деген көзқарасы өзгеріп, қарым-қатынасы мәдениетті деңгейде жүретін болды.



5. Дипломдық зерттеу барысында жинақталған материалдарды білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастыру барысында және психолог мамандарын даярлауға кеңінен қолдануға болады.

Әдебиеттер тізімі.


  1. Выготоский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. М., 1982.

  2. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. Избранные психологические труды в 2-х томах. М., 1980.

  3. Головака Е.И. Психологические механизмы мотивации общения. М., 1988.

  4. Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигене общения: Книга для учителя и родителей. М., 1987.

  5. Бодалев А.А. Личность и общение – М., 1995.

  6. Кон И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. М., 1989.

  7. Петровская Л.А. Компетентность в общении: Социально-психологический тренинг. М., 1989.

  8. Семья в психологической консультации. Под ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина.- М.: 1999.

  9. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995.

  10. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 2002.

  11. Айдарбеков Қ.А. Развитие диалогическии сруктуры самосознания у подростков в системе внутрисемейных взаимодействии. Алматы, 2003.

  12. Шалгинбаев Т.М Особенности личностных свойств и межличностных отношений подростков с дезадаптивным поведением и их учет в реабилитационной работе. А, 2004.

  13. Фромм Э. Мінез типтері: Өнімсіз бағдарланулар. Психология. «Адамзат ақыл-ойының қазынасы». 10 томдық. 8 т. Алматы, 2006.

  14. Морено Я. Психодрама. В кн. А.А.Осипова. Введение в практическую психокоррекцию. - М.: 2000.

  15. Карнеги Д.

  16. Мелибруда Е.Я. Я – Ты – Мы. Психологические возможности улучшения общения. М., 1986.

  17. Осипова А.А. Введение в практическую психокоррекцию. М., 2000.

  18. Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общения. М., 1986.

  19. Кле М. Психология подростка. М., 1991.

  20. Драгунова Т.В. Подростковый возраст. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. А.В.Петровского. М., 1973.

  21. Кон И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. М., 1989.

  22. Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. Киев, 1989.

  23. Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигене общения: Книга для учителя и родителей. М., 1987.

  24. Козлов Н.И. Как относиться к себе и людям, или Практическая психология на каждый день. М., 1998.

  25. Яров В.А. Психология взросления. М., 1999.

  26. Бодалев А.А. Личность и общение. Избранные труды. М., 1983.

  27. Гозман Л.Я. Психология эмоциональных отношений. М., 1987.

  28. Мелибурда Е.Я. Ты-Мы. Психологические возможности улучшения общения. М., 1986.

  29. Гозман Л.Я., Ажгихина Н.И. Психология симпатий. М., 1988.

  30. Кон И.С. Дружба. М., 1987.

  31. Лутошкин А.Н. Эмоциональные потенциалы коллектива. М., 1988.

  32. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  33. Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987.

  34. Бодалев А.А. Воспритие и понимание человека человеком. М., 1982.

  35. Фромм Э. Искусство любить. М., 1988.

  36. Коломинский Я.Л. Психология детского коллектива. Система личностных взаимоотношений. Минск, 1989.

  37. Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. М., 1996.

  38. Гильбух Ю.З. Организация школьной психологической службы. М., 1982.

  39. Битянова М.Р. Практическая психология. М., 1997.

  40. Берн Э. Игры, в которые играют люди.. М., 1991.

  41. Андреева Г.М. Социальная психология. М., 1998.

  42. Берн Э. Игры, в которые играют люди.. М., 1991.

  43. Немов Р.С. Психология. В 3-х томах. Т.2. М., 1996.

  44. Головаха Е.И., Панина Н.В. Психология человеческого взаимопонимания. Киев, 1989.

  45. Морено Я. Психодрама. В кн. А.А.Осипова. Введение в практическую психокоррекцию. - М.: 2000.

  46. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1970.

  47. Кон И.С. Дружба. М., 1987.

  48. Золотнякова А.С. Проблемы психологии общения (социальный и личностные типы общения, их профессиональные, познавательные и генетические аспекты). Ростов-на-Дону, 1976.

  49. Бернштейн К.А. Очерки по физиологии движений и физиологии активности. М., 1966.

  50. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М., 1981.

  51. Бизақова Ф. Жеке тұлғалық жетілу. Тараз, 2005.

  52. Нұрмұхамбетова Т.Р., Тәжірибелік психология. 1, 2 кітап. Шымкент, 2006, 2007.

  53. Спиваковская А.С. Игра – это серьезно. М., 1987. М., 1988.

  54. Выготский Л.С. Өтпелі кезеңдегі жоғары психикалық функциялардың дамуы. Психология. Адамзат ақыл-ой қазынасы. 10 томдық 1 том. Алматы, 2005.

  55. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики – М., 1972.

  56. Эльконин Д.Б. Пихология игры.1990.

  57. Осипова А.А. Введение в практическую психокоррекцию. М., 2000.

  58. Штерн Э. Психическая структура подростка. М., 1962.

  59. Фрейд З. Введение в психоанализ – М., 1991.

  60. Левин К. Т-группы. В кн. А.А.Осипова. Введение в практическую психокоррекцию. - М.: 2000.

  61. Выготский Л.С. Өтпелі кезеңдегі жоғары психикалық функциялардың дамуы. Психология. Адамзат ақыл-ой қазынасы. 10 томдық 1 том. Алматы, 2005.

  62. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.

  63. Драгунова Т.В. Проблема конфликта в подростковом возрасте. Ж. «Вопросы психологии», 1972, № 2.

  64. Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. Питер, 2001.

  65. Коломинский Я.Л. Психология взаимоотношений в малых группах. Общие и возрастные особенности. Минск, 1976.

  66. Матейчик З. Родители и дети. Книга для учителя. М., 1992.

  67. Кроник А., Кроник Е. В главных ролях: вы, мы, он, ты, я – М., 1989.

  68. Нұрмұхамбетова Т.Р., Тәжірибелік психология. 1, 2 кітап. Шымкент, 2006, 2007.

  69. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет. Под ред. И.В.Дубровиной, Б.С.Кругловой. М., 1998.

  70. Овчарова Р.В. Семейная академия: Вопросы и ответы. М., 1996.

  71. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психологический словарь. М., 1990.

  72. Петровская Л.А. Теоретические и методологические проблемы социально-психологического тренинга. М., 1982.

  73. Попова Л.В., Дьяконов Г.В. Идентификация как механизм общения и развития личности: Методические рекомендации. М., 1988.

  74. Популярная психология для родителей. Под ред. А.С.Спиваковской. С-Пб., 1997.

  75. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, 1987.

  76. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. М., 1996.

  77. Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология. М., 1990.

  78. Римский С., Римская Р. Практическая психология. М., 1999.

  79. Семья в психологической консультации. Под ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина. М., 1999.

  80. Снайдер Д. Практическая психология для подростков. М., 1999.

  81. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993.

  82. Учителям и родителям о психологии подростка. Под ред. Г.Г.Аракелова. М., 1990.

  83. Херсонский Б.Г., Дворяк С.В. Психология и психопрофилактика семейных конфликтов. Киев, 1991.

  84. Хоменстаускас Г.Т. Семья глазами ребенка. М., 1989.

  85. Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Психология саморазвития. М., 1995.

  86. Щербаков А.И. Проблемы возрастной психологии. М., 1987.

  87. Чернявская А.П. Психологическое консультирование. М., 2004.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет