Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны

Pdf көрінісі
бет35/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар
Қазақ әдебиеті методикасы 4 семинар
4.Реферат
(латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, 
ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір 
тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат 
ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар 
ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары 
оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. 
Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында 

38 
жасалатын 
баяндамалар 
да, ғылым 
кандидаты немесе 
докторанты 
дәрежесін 
алу 
үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады. 
Ғылыми мақала жазу тек сауатты жаза білумен шектелмейді, ең әуелі ол ойлау дағдысын, сондай-
ақ жазу барысындағы біліктілікті игеруден көрінеді және жазудан кейінгі атқарылатын жұмыстарды 
да жетік меңгеру қажет. Осылай еткенде ғана ғылыми мақала жазуды ұйымдастырудың басты 
тетіктері мейлінше кең көрініс таппақ, үйрету әдістемесі де неғұрлым толыққанды болмақ. 
Сондықтан ғылыми мақала жазудың басты әдістерін үш мәселе төңірегінде қарастырамыз. Біздің 
ойымызша, осы үш нәрсе бойынша студенттер қажетті дағдыларды қалыптастыра алса, ғылыми 
мақала жазу барысында ілгерілеушілікке ие болады. Олар:
1) Жазуға дейінгі дағдылар;
2) Жазу кезіндегі дағдылар;
3) Жазудан кейінгі дағдылар.
Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
1. Жазуға дейінгі дағдылар Жазуға дейінгі дағдылар ойлау, есте сақтау, тақырыпты логикалық 
бөліктерге ажырата алу және ауызша жеткізе білу тәрізді әрекеттермен байланысты. Сондықтан 
практикалық бағытта орындалатын тапсырмалар осы мәселелердің айналасында іске асуы тиіс, 
солар бойынша дағдылар қалыптастыруды көздейді. Жазылымның сөйлеу әрекеттерінің басқа 
түрлеріне қарағанда (сөйлесім, оқылым, тыңдалым) әлдеқайда күрделі және содан кейін, осы 
әрекеттердің негізінде жүзеге асатынын ескерсек, аталған дағдыны студенттің бойында 
қалыптастыру аса маңызды болып табылады. Ол студенттің белгілі бір тақырып бойынша оның 
логикалық сызбасын нақты көз алдына елестетіп, түсіне алуға, өз ойында ойша жинақтап алуға 
көмектеседі. Бұл дағды – нақты жазуға апарар жол болмақ, осы жолда шыңдалмаған үйренуші жазу 
барысында да кейбір қателіктерге ұрынуы әбден мүмкін. Жазу кезіндегі дағдылар жазбаша ғылыми 
қарым-қатынас барысында қолданылатын әртүрлі мағыналық құрылымдарды үйретуге арналады. 
Құрылымдық-мағыналық топтарды функционалдық аспектіні негізге ала отырып, деңгей бойынша 
және негізгі, аралық, шеткері аймақтарда қолданылатын тілдік құралдарды ажыратып оқытқан 
дұрыс. Сонымен бірге ғылыми және ғылыми-көпшілік мәтіннің баяндалу типтерін де назардан тыс 
қалдырмаған дұрыс. Өйткені тәжірибе барысында таза ғылыми мәтіндермен қатар ғылыми-әдеби 
(көркем), ғылыми-публицистикалық, ғылыми-құжаттық мәтіндердің кездесіп отыруы заңды, осы 
орайда біздің міндетіміз – осылардың барлығына ортақ, оқыту өлшемдеріне лайық, типтік 
мәтіндерді дұрыс іріктей алуымызда болса керек. Бұған қоса әрбір тілдің ерекшелігі болатыны 
тәрізді, қазақ тілінің де ұлттық ойлау жүйесіне тән ерекшеліктердің тілдегі көріністерін және мұның 
ғылыми-көпшілік мәтіндерге де тән болып келетіндігін ескереміз. Әрине, бір баяндаманың 
көлемінде осының бәрін кең көрсету мүмкін емес, сондықтан біз аталған мәселелердің кейбіріне 
ғана тоқталамыз. Ғылыми-көпшілік мәтіндердегі баяндау типтері: сипаттау, хабарлау, талқылау 
болып келетіні белгілі, сондықтан олардың мазмұндық және тілдік ерекшелігін дәріс алушы өзінің 
санасына сіңіру керек, белгілі бір дәрежеде білім болуы шарт. Мағыналық қатынастар қазақ тілінде 
көп, айталық, бағалауыштық, себеп-салдарлық қатынас, салыстыру, дәлелдеу, сілтеме, түсіндіру 
(санамалау), қорытындылау т.б. Соның ішінде, себеп-салдарлық қатынасқа тоқталып көрелік. 
Себеп-салдарлық қатынас – ғылым, ғылыми-көпшілік тілде қолданылатын негізге мағыналардың 
бірі. Олай болатын себебі ғылымда себепсіз ешнәрсе жасалмайды, ешқандай салдар болмайды. 
Салдардың көрінуіне негіз болатын себеп те жасалу тәсілі жағынан, мағыналық реңкі жағынан 
әртүрлі болып келеді. Себеп-салдарлық қатынас себеп пен салдардың ара жігі айқын көрінетін 
құрмалас сөйлемдер арқылы ғана емес, жай сөйлемдердің де мағынасынан нақты көрініп тұрады. 
Мысалы: Өсімдіктерде күрделі химиялық реакциялар болады деген сөйлемді алалық. Сөйлемде 
салдар (нәтиже) берілген, ал оның себебін мамандар жақсы біледі: Күн энергиясының әсерінен 
өсімдіктерде күрделі химиялық реакциялар болады. Осы орайда себеп зат сапасынан, қасиетінен 
туындайтын қорытынды себеп ретінде танылады. Тақырыпқа орай үлгі ретінде мынадай 
жаттығуларды ұсынуға болады: 1. Төменде салдар берілген, себебін өзіңіз жазып көріңіз. Күн мен 
түннің алмасуы болады... ... тірі организмде ауру пайда болады. ... дене өзінің формасын өзгертеді. 
Өнім шығару ұлғайды... Техника адам болмысын билеп алды... 2. Себептіліктің қандай салдарға 
әкелетінін жалғастырып жазыңыз. Ғылым мен бизнестің берік байланысы нәтижесінде ... Біз ата-
аналарға мүмкіндігінше жазалаудан аулақ болуды ұсынамыз ... Білім ошақтарындағы дұрыс 
оқытудың нәтижесіне байланысты ... Бесіктегі баланың денесі құрғақ болғандықтан ... Алғашқы 
көшірме аппараттары кең қолданысқа ие бола алмады, ... Ғылыми, ғылыми-көпшілік мақала жазу 
барысында осындай құрылымдарды пайдаланбау мүмкін емес, сондықтан олардың әрқайсысын 
жазу барысында тыңғылықты үйрену қажет. Жазу кезіндегі үйренуге тиіс мәселелердің бірі – 

39 
ғылыми және ғылымикөпшілік жұмыстардың құрылымы. Барлығымызға белгілі, ғылыми бағытта 
жазылатын жұмыстар кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады, алайда бір қарағанда, белгілі 
болып көрінетін осы жайт нақты тәжірибе барысында едәуір қиындықтар туғызып жатады. Дәріс 
алушы аталған құрылымдық бөліктердің тілдік, мазмұндық ерекшеліктерін білмейді, сол 
білмегендіктен жазған жұмыс өзінің коммуникативтік мақсат-міндетін дұрыс орындамайды. 
Жоғарыда сөз болған мағыналық бірліктердің осындай құрылымға қатысы бар екендігін айта кеткен 
жөн, әрбір бөлім өзіндік тілдік және коммуникативтік ерекшеліктен тұратынын ескерген жөн. 
Мәселен, бағалауыштық тілдік құрылымдарды алалық. Бұған қоса әрбір тілдің ерекшелігі болатыны 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет