Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны



Pdf көрінісі
бет34/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар
Қазақ әдебиеті методикасы 4 семинар
3.Эссе
 француз 
тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық 
сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. 
Эссе
 философияның, эстетиканың, 
әдеби 
сынның, публицистиканың, көркем 
әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі 
дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. 
Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай 
қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық 
сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе 
табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға 
құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, 
аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-
түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл 
болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, 
көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән. 
Эссе түрлері 
1.
Салыстырмалы эссе 
2.
Пайымдық эссе 
3.
Көркем-әдеби эссе 
Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір 
мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені 
қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең 
беретін сөзді және философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сын, ғылыми-
көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін. 
Эссе тақырыбы эссенің мақсатын, эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын, қандай мәселені 
қозғайтындығын көрсетеді. 
1.
Кіріспе - берілген тақырыптың мәнін ашатын бөлім. Бұл бөлімде қандай сұрақтарға жауап 
іздейтіндігіміз анықталады. 
2.
Неізігі бөлім - негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер жинақталған бөлім. Негізгі 
бөлімде дәлелдер, дәйектемелерді, түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды 
қолданып тақырыпты ашады, көтерілген мәселені айқындап, оның туу себептерін 
көрсетеді. 
3.
Қорытынды - тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей, дәлелдемелер 
бойынша түйін шығарады, шешу жолдарын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет