Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны


Бақылау, реферат жұмыстарын орындау жоспары және кезеңдері



Pdf көрінісі
бет36/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар
Қазақ әдебиеті методикасы 4 семинар
Бақылау, реферат жұмыстарын орындау жоспары және кезеңдері. 
Курс, бақылау, 
реферат жұмыстарын жазуға кірісер алдында студент ең алдымен жалпы жұмыс жоспарын жасап 
алуы керек. Жалпы жұмыс жоспары мынадай бөліктерден тұрады:
 
1) Тақырып таңдау; 
2) Таңдаған тақырыпты жан-жақты талдап ашуға қажетті көркем туындыларды іріктеу, әдеби-сын, 
зерттеу еңбектерді іздестіріп, олардың тізбесін жасау; 
3) Іріктелген көркем туындылар мен әдеби-сын, зерттеу еңбектерді оқу, тақырыпқа сай жүйелеу, 
мақсат-міндеттерін айқындау; 
4) Курс жұмысының нақтылы жоспарын жасау; 
5) Курстық, бақылау, реферат жұмыстарын жазу, аяқтау. 
Әрине, қарастырылатын мәселенің, тақырыптың сипатына, мазмұнына қарай жоспардың қай үлгісін 
құруды студенттің өзі шешеді. Жоспар ғылыми жетекшіге тексеруге, бекітуге ұсынылады. Курс, 
бақылау, реферат жұмыстарын жазуға даярлық сатыларынан өткен соң, енді ең жауапты кезең 
жұмысты жазу басталады. Басты талап-тілек-туындыны тақырыптық-идеялық тұтастықта, мазмұн 
мен пішін бірлігі тұрғысынан қарастырып, көркемдік әлемінің құпия сырларына бойлай білу, 
осынау алуан тағдырлы адамдар жаратылысы, өмір-тіршілік күйлері жайлы өзінше толғанып, ойлай 


40 
білу. Егер таңдалған тақырып жеке бір туынды жайында болса, оның авторының шығармашылық 
өмірбаянынан, кітап жазылған кезең, әдеби орта жайлы хабардар болу да артық емес. Тақырыпқа 
қатысты түрлі зерттеу еңбектері, оқулық, әдеби-сын мақалалар бағыт берер, пайдалы ой туғызар 
көмекші құралдар есебінде ғана. Курс, бақылау, реферат жұмыстары шығармашылық еңбек 
болғандықтан, студенттер зерттеу, сын материалдарын, жетекшінің кеңесін басшылыққа ала 
отырып тақырыпты мүмкіндігінше өзінің көркемдік-эстетикалық түсінігі тұрғысынан талдап, 
таразылап, түйген ой-тұжырымдарын ортаға салуы керек. 
Кіріспеде әдетте курс жұмысына (бітіру жұмысына) өзек, тақырып болып отырған мәселенің 
ғылымдағы орны, оның өзектілігі жайлы қысқаша шолу жасала келе,тақырыптың маңыздылығы, 
оны қалай қарастыратыны, яғни студенттің алдына қойған мақсат-міндеті байыпталады. Мұны курс 
жұмысының (бітіру жұмысының) мақсат-міндетін айқындау деп те айтуға болады. Яғни, кіріспеге 
негізінен ғылыми аппарат кіреді. Олар: 
1. Тақырыптың өзектілігі. 
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. 
3. Зерттеу нысаны. 
4. Зерттеудің дереккөздері. 
5. Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. 
6. Жұмыстың құрылымы. 
7. Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. 
8. Зерттеудің әдістері. 
Тақырыптың өзектілігін анықтау үшін тақырыптың қажеттілігі, бұрын қайда және қашан 
зерттелінгені, ненің әлсіз, ненің терең зерттелінгені, таңдалған тақырыптың жас ұрпақты оқытып, 
тәрбиелеудегі қажеттілігін, бұл тақырыптың әдебиет пен мәдениет, қоғам алдындағы маңызын 
ашып көрсету керек. Ғылыми стильде баяндалады. 
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау. Зерттеу жұмысының негізгі тақырыбына қарай оның 
мақсаты анықталады. Мақсат тақырыптың мазмұнын ашып көрсететіндей болу керек, ал міндеттер 
сол мақсатқа жету жолындағы бірнеше кезеңдерден өту бағытын көрсетеді. Зерттеудің мақсаты мен 
міндеттері нақты және дәлелді болу керек. 
Зерттеу нысаны ақын-жазушылар шығармашылығындағы зерттелінетін мәселе. Зерттелініп 
отырған қаламгердің жұмыста қарастырылатын шығармалары нақтылы аталып көрсетілуі қажет. 
Бұл жерде ненің зерттелінетіні туралы сөз болу керек. 
Зерттеудің дереккөздері. Зерттеуге теориялық негіз болған ғылыми еңбектер мен негізгі 
басшылыққа алынған ғалымдар еңбектері, тарихи мәліметтер, архив материалдары, баспасөз 
деректері беріледі. Зерттеуге қатысты басшылыққа алынған ғалымдардың есімдері ретімен аталады. 
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Курстық және диплом жұмыстарында ешкім де ғылыми 
жаңалық ашпайды. Дегенмен ізденіп тақырып айналасында қол жеткен жетістіктер мен ғылыми 
талдаулар нәтижесі айтылады. Сондай-ақ бұған дейін бұл тақырыптың жазылып, сөз болғанын 
ескеріп, одан өзгеше мәселелер қарастырып, басқа ізденістер жүргізгені баяндалады. 
Зерттеудің әдістері. Зерттеу әдістемесі тақырыпқа байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Жұмыс 
барысында зерттеу әдістерін дұрыс таңдап және оны ғылыми тұрғыда ұйымдастыру керек. Әдебиет 
теориясында зерттеу әдістері берілген. Зерттеу әдістерінің нәтижелерін өңдеуден өткізу, соңынан 
талдау жасау, содан соң жұмысты қорытындылау қажет. 
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Курстық және диплом жұмыстарының қазақ 
әдебиеттану ғылымы үшін маңыздылығын атап, қазақ әдебиеті тарихы пәніне қосымша материал 
болатынын ескерту керек. Теориялық жұмыстың құндылығы мен практикалық маңызы айтылады. 
Жұмыстың құрылымы. Жұмыстың кіріспеден, қанша тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер 
тізімінен тұратындығы хабарланады. 
Мысалы, тақырып «М.Әуезов әңгімелеріндегі суреткер шеберлігі» болса, кіріспеде мынадай 
мәселелер қамтылады. 
Қазақ халқының өткен тарихын қозғап, толғағы жеткен мәселелерді көтеріп, ел тұрмысының 
шынайы болмысын баяндап, адамдар тағдырының шындығын суреттеген М.Әуезов туындылары 
қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы тақырыптың өзектілігін 
айқындайды. Зерттеудің негізгі мақсаты &ndash М.Әуезовтің ғұлама жазушылық дарыны мен 
суреткерлік шеберлігін анықтау. Қаламгердің өзіндік даралық қолтаңбасын айқындау. М.Әуезовтің 
20-шы және 30-шы жылдары жазылған әңгімелері зерттеудің негізгі нысаны болып табылады. 
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы мынадай болмақ: М.Әуезовтің шығармашылығы шеберлігінің 
сан қырлы иірім, құпиялары әлі де ашылған жоқ. Сондықтан бұл жұмыста М.Әуезов әңгімелеріндегі 


41 
жазушының суреткерлік шеберлігінің қырларына жан-жақты талдау жасалады. Негізгі тарауда 
кіріспеде тұжырымдалған мақсат-міндетке сәйкес мынадай мәселелер қарастырылады. М.Әуезов 
әңгімелеріндегі пейзаж көріністерін суреттеудегі жазушының шеберлігіне талдау жасалады. 
М.Әуезов пейзаж суретін беруде алдына жан салмайтын қас шебердің өзі екені белгілі. Пейзаж 
суретін әңгіме оқиғасына байланыстырып құрудағы жазушының баяндау тәсіліне жіті көз 
жіберіледі. Оқиға барысымен сабақтас кейіпкер психологиясы мен табиғат құбылысын жазушы 
бірлікте бейнелейді. Демек суреткер әңгімелеріндегі психологиялық параллелизм тәсіліне зерттеу 
жүргізіледі. Әуезов әңгімелеріндегі портрет сомдау мен характер жасаудағы өзіндік қолтаңбасының 
даралық сипаты ажыратылады. Тақырыпта айтылып тұрғандай жазушының суреткерлік шеберлігін 
танытатын басты белгілеріне теориялық талдау жасалынуы керек. Яғни, негізгі зерттелінетін 
мәселенің әдеби теориялық жағына, ғылыми талдау мен зерттеу жұмыстарына баса назар 
аударылады. Негізгі тарауда тақырыптың басты мәселесі ашылуы және зерттелінуі қажет. 
Қорытындыда жұмыстың өн бойында талдау барысында айтылған ойлар, пікірлер жинақталып 
беріледі, яғни тақырып бойынша жалпы жұмыс туралы қорытынды жасалынады. Бұл бөлімде 
зерттеліп отырған мәселеден шығатын қорытындылар тұжырымдалады. Кіріспеде көзделген 
мақсат, міндеттердің орындалуы мен негізгі тарауда сөз болған теориялық ізденістер, әдеби-
ғылыми талдау жұмыстарынан шыққан қорытындылар пайымдалады. Курс, бақылау, реферат 
жұмыстарының соңында сілтеме жасалу ретімен пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі. 
Көп жағдайда курс, бақылау, реферат жұмыстарында төмендегідей олқылықтар (кемшіліктер) орын 
алады: 
1) Тақырыпқа, зерттеу мәселесіне тікелей қатысы жоқ ұзақ-сонар кіріспе жазылады (мәселе 
нақтылы бір туындаға байланысты болса да студенттер қаламгердің өмір жолын, жалпы 
шығармашылығын тізбелейді). Нәтижесінде тақырып та, мәселе де үстірт немесе жеңіл сөз болады, 
әйтпесе ашылмай қалуы да мүмкін. 
2) Көркем туынды жайлы сыни мақалаларда, еңбектерде айтылған пікірлерді көшіруге бейім 
тұрушылық көп кездеседі. Курстық, бақылау, реферат жұмыстары кішігірім шығармашылық 
ғылыми еңбек саналатындықтан, онда студенттердің әдеби сауаттылығын танытатын өзіндік ой, 
мысалдарға, фактілерге негізделген талдау, тұжырымдар болуы керек. Ал, әдеби-сын, 
зерттеулерден пікір-тұжырымдарды ойын бекіту немесе пікір жарыстыру мақсатында оларға тиісті 
сілтемелер жасай отырып орнымен ғана пайдалана білуі жөн. 
3) Жұмыстың ішкі бөлім-бөлшектерінің тақырыптық, мазмұндық тұрғыдан өзара байланыс-бірлігі 
жетпей жатады. Бұл жоспарға да, студенттің мәселені талдай, байыптай білу қабілетіне де 
байланысты болып келеді. 
4) Курс, бақылау, реферат жұмыстарының көпшілігі қарадүрсін тілмен жазылады. Дұрысында 
жұмыстың тілі мәнерлі, көрікті болуы керек. Өйткені бұл шаруашылық есеп емес, өмір-болмыстың 
теңіз толқынындай тынымсыз қозғалыстағы күйлерін, адам жаратылысының ақиқатын сырлы 
суретпен сипаттаған сөз өнері, көркем туынды туралы толғаныс емес пе? Сондықтан бұл жұмыстың 
өн бойынан студенттердің көркемдік әлеміне деген ынта-ықыласы, сөз өнерін сүйе де, түсіне де 
білетіндігі, соған сай сезім-эмоциясы танылып, өзіндік айшықты тілі көрініп тұруы керек. 
5) Курстық жұмыстардың реферат, конспект сияқты жазылып өткізілетін де түрлері де кездеседі. 
Демек, студенттің курс жұмысының байыбына бара алмай, белгілі әдебиеттерден көшіріп алып 
келуі жиі кездеседі. 
Сондықтан осындай кемшіліктерді болдырмау жағын көп қадағалау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет