Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны



Pdf көрінісі
бет56/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар
Қазақ әдебиеті методикасы 4 семинар
безгек, шаншу, тұмау, бас ауру, жөтел, көк жөтел, 
шешек, қызылша, безеу, теріскен, талақ, ақыл тіс, шел, қышыма 
т.б.) медициналық 
терминологияның шығуының қайнар көзі болды. 
Төңкерістен кейінгі кезеңді аталған зерттеуші іштей екіге жіктейді: 1) 1926-1950 жылдар; 2) 1950 
жылдан қазірге дейін [22]. 
Сала терминдерінің қалыптасуын кезеңдестіру қоғамдық ғылымдарға да тән. 
Сөйтіп, сала терминдерінің қалыптасуын кезеңдестіру 60-80-жылдардағы, сондай-ақ кейінгі көп 
зерттеушілерге де тән болды. Бұлай болуы бір жағынан, заңды да. Өйткені термин сөздердің тілде 
тұрақты қалыптасуы сол саланың дамуы мен таралуына, қанат жаюына тәуелді, сонымен тығыз 
байланысты. 
60-80-жылдардағы терминологиялық зерттеулер А. Тәжімұратовтің [23], Р.А. Өрекенованың [24], 
М.Р. Насырованың [25], Ж.М. Молдажаровтың [26], Ш.Б. Бәйтікованың [27] т.б. ғалымдардың 
еңбектерімен толыққаны мәлім. 
Қазақ терминологиясында сол мерзімдегі ең үлкен ғылыми жаңалық болып табылған еңбек 
академик Ө. Айтбаевтың «Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы» атты (1988) 
монографиясы. Бұл еңбек кезінде зерттеушілеріміз тарапынан жоғары бағасын алды. Тәуелсіздіктен 
сәл бұрынырақ жарық көрген бұл кітап қазіргі зерттеушілеріміз әлі күнге пайдаланып келе жатқан 
құнды зерттеу болып табылады. Қазақ терминологиясының жасалу көздері, терминология мен 
аударманың байланысы, термин жасаудың негізгі деген амал-тәсілдері, терминнің практикалық 
мәселелері (Терминком жұмысы т.т.) басқа да көптеген мәселелер аталған монографияда тиянақты 
қарастырылады. Біз осы орайда осы еңбекке тұрақты түрде сілтеме жасап отыратынымызды ескере 
отырып, оған жан-жақты тоқталмаймыз. 
Сөйтіп, 60-80-жылдарда салалық терминдердің зерттелуіндегі, сондай-ақ терминнің басқа да 
мәселелерін көтерудегі академиялық сипат осындай еңбектерден бастау алады. Бұл мерзім 
Тәуелсіздіктен кейінгі термин мәселелерінің қауырт зерттелуіне іштей дайындық мерзімі болды 
десе болады. Ғылыми тілдің – ғылыми стиль қалыптасуы 
Аннотация. Ғылыми тілдің, ғылыми стильдің қалыптасуын жалпы терминология мәселесінің 
аясында зерттеушілер тарапынан (тілші ғалымдар, сала мамандары) едәуір қарастырылып жүр. 
Аталған мәселенің жалпы ғылыми тілдің әлеуетін көтеруге, оның нормалары мен жазылу дәстүрін 
жетілдіруге, ғылыми немесе оқуғылыми, ғылыми-көпшілік мәтіндердің мазмұнын, сапалық 
белгілерін қалыптастыруға байланысты маңызын ескере отырып, оларға шолу жасалынады. 
Зерттеушілердің айтқанына сүйенсек, қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік стиль ХІХ ғасырдың ІІ 
жартысында пайда болған. Сол тұста сауаты бар көпшілікке арналып, жалпы ғылыми-білімнен де, 


68 
кейбір ғылым салаларынан да мәлімет беретін, баяндайтын, түсіндіретін, насихаттайтын 
сипаттағы әдебиет жанры пайда болады. 
Б. Әбілқасымов ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы ғылыми-көпшілік әдебиет үлгісіне мыналарды 
жатқызады: 
1.
Ильминский Н.И. Самоучитель русской грамоты для киргизов. –Қазан, 1861; 
2.
1897 жылға қазақ үшін шығарған календарь. – Орынбор, 1868; 
3.
Балықшы мен балық қақында. – Қазан, 1899; 
4.
Арақ у яки арақдың зарары яки арақ ажал. 
– Қазан: «Сабах» баспаханасы, 1888; 
1.
Глазная болезнь трахома, ее заразительность причины распространения среди сельского 
населения и способы предохранения. На киргизском языке. – Казань, 1898; 
2.
Мерзімді баспасөз беттеріндегі («Түркістан уәлаятының газеті», «Дала уәлаятының 
газеттері») медицина, тарих, әдебиет және тіл мәселелеріне арналған мақалалар. 
Бұл пікірді кейінгі ғалымдар да қолдайды. Ж.Д. Құрмамбаева осы тұжырымдарды негізге ала 
отырып, былай деп қорытады: «Демек, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында басқа стильдермен қатар 
ғылыми стильдің де бой көтергенін көреміз». 
Сөз болып отырған дәуірдегі ғылыми мазмұндағы мәтіндердің баяндалу ерекшелігі жөнінде 
Р. Сыздықова нақтырақ көрсетеді. Ғалым «Бұл әдебиеттің алдында хат танитындар арқылы қалың 
көпшілікке білім-ғылымның әр саласынан хабар беру және оны сол кездегі жұрттың сауаттылығы, 
білім дәрежесімен санасып, түсінікті, жеңіл, «жалпақ» тілмен білдіру мақсаты» тұрғанын айта 
келіп, оның (мақсатының) сол шығармалардың «тілі мен стиліне мейлінше әсер еткенін» жазады: 
«... мұнда баяндаумен қатар, түсіндіру сипаты кең орын алады. Мұны осы үлгідегі әдебиеттің 
стильдік белгісінің бірі деп тануға болады». Сонымен бірге ғалым сол тұстағы ғылыми стильге тән 
ерекшеліктер ретінде мыналарды атайды: 
1.
Жартылай ғылыми мазмұнды болғандықтан, мұнда алғашқы ғылыми-техникалық 
терминдер қолданыла бастайды; 
2.
Ғылыми-техникалық ұғымдардың бірқатары жеке сөз – терминмен (не кірме, не қолтума) 
аталмай, суреттеме (яғни аналитикалық) жолмен беріледі; 
3.
Ғылыми-көпшілік стилі әуелден-ақ кірме сөздердің ішінде орыс тілінен алынатындарына 
жол берген; 
4.Терминдердің тұрақталу, нормалану процесі өте әлсіз: көпшілігі екі-үш вариантта келеді; 
1.
Бұл стильде орыс сөздері, олардың ішінде терминдік мәні жоқтары да едәуір мол 
қолданыла бастайды; 
2.
Жартылай ғылыми-көпшілік әдебиет үлгілердің бірқатары орыс графикасымен 
жарияланды; 
3.
Грамматикалық тұлға-тәсілдердің бұл стильдегі көрінісі ... таза қазақ тілінікі екендігі, 
мұнда «түркілік» элементтер кемде-кем. 
Р. Сыздықова ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы ғылыми-көпшілік стильге тән осындай белгілерді 
айта келіп, біздің жұмысымыз үшін басты болып табылатын мына мәселені айтады, ол бұл 
мәтіндердің синтаксисіне байланысты жасаған тұжырымы: «синтаксис саласында бұл стиль 
қазақша жазба проза тілінің қазіргі нормаларының бастамасын көрсететіндігі». Сонымен бірге 
«Ғылыми-көпшілік әдебиеттер тілі бірден қалыптаса қалған жоқ, сондықтан оларда сол кезеңдегі 
көне түркі әдеби тіл дәстүрі – кітаби тілдің де, тіпті сөйлеу тілі элементтерінің де қолданылуы 
заңды құбылыс». 
Ең бастысы, бұл кезеңде «қазақ тіліндегі жартылай ғылыми-көпшілік әдебиет өзге жазба 
стильдерге (публицистикаға, ресми-қатынас қағаздарына, эпистолярлық әдебиетке) қарағанда 
бірден «қазақы» сипат ала дамыды деуге болады, яғни оның лексика-грамматикалық құрылымы 
қазақ тіліне негізделді» . 
Әдеби тілді айқындаудың бір шарты оның нормалану процесі болса, осы орайда қазақтың ұлы 
ақыны Абайдың орны ерекше тұратыны бүгінде бәріміз білеміз. Кезінде Қ. Жұбанов Абайдың 
қазақтың жаңа сипаттағы әдеби тілін жасаудағы қызметіне тезис түрінде болса да оқушы назарын 
аударта кеткен екен. Ғалым Абайдың қазақ әдеби тілінде бұрын болмағын стильдерді (Қ. 
Жұбановша – жанрларды) қалыптастырудағы рөлін жоғары бағалаған. 
Қазақ тіліндегі функционалдық стильді дамытудағы Абайдың орнын ғалым Р. Сыздықова өзінің 
«Абайдың сөз өрнегі» атты белгілі еңбегінде одан әрі аша түседі. Зерттеуші М. Әуезовтің Абай 
шығармаларының тілі жөніндегі пікірін негізге ала отырып, оны төмендегідей кең етіп таратады: 
«Әр сөзіне мән беріп жазатын Мұхаңның бұл жерде қара сөздердің өзі демей, «тілі» деуінде, біздің 


69 
байқауымызша, айрықша астар бар: мұндағы «тілі» деп отырғанының өзі көрсеткеннен басқа және 
бір сыры қазақта әдебиеттің бұрын жоқ жанрының сөйлеу мәнері (стилі) дегеннің пайда болып, оны 
ұлы сөз зергерінің қалай алып кеткенін меңзегенінде болар дейміз. Абайтанушы ғалым бұл тұста 
қазақтың ұлттық әдеби тілінің тағы бір функционалдық стилі пайда болды, оған Абай қаламының 
ұшы тиді деп отыр. Демек, Абайдың прозалық туындыларының өзі де қазақ тілі үшін соны әдебиет 
үлгілері болса, оның сөз өрнегі де өз алдына әңгіме етерлік объект болып шықпақ». 
Сөйтіп, бұл сөз болған жайттар қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік стильдің ХІХ ғасырдың ІІ 
жартысындағы жай-күйін толық таныта алады. Қазақ тіліндегі функционалды стильді дамыту 
Абайдан кейін Шәкәрім еңбектерінде жалғасын тапқаны белгілі. Әсіресе, «Үш анық» шығармасы 
қазақ тіліндегі функционалдық стильдің қалыптасу барысын көрсету барысында зерттеушілердің 
қызығушылығын тудырары хақ. 
Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегі – таза философиялық туынды. Мұнда Шәкәрім түрлі 
философиялық мәселелерге арнайы тоқталады. Оның бұл шығармасында қазақ дүниетанымында 
кездесетін насихаттаушылық сипат жоқ, таза жүйелі зерттеу бар. Біз Шәкәрімнің дүниетанымын 
философиялық тұрғыдан бағалаудан аулақпыз, біздің мақсатымыз аталған шығарманың жазылу 
стилін анықтау, сонымен бірге сөздердің терминдену барысына тоқталу. Біздің ойымызша, «Үш 
анық» өзінің жазылу стилі жағынан ғылыми стильге жақын. Бұлайша бағалауымызға еңбектің 
стилистикалық, синтаксистік құрылысы, баяндау тәсілдері себеп. Атап айтқанда, олардың 
негізгілері мыналар: 
1.
Еңбекте ғылыми шығармаға тән түрлі көзқарастар жүйесін бір арнаға салып жинақтау, 
қорыту, талдау бар. Мәселен, автордың “барлық” жайлы алуан пікірлерді, дәлелдерді 
қорытатын жолдары: Жоғары айтылған барлықтың бәрі өздігінен жаралып жатыр, былай 
қылайын деп біліп жатқан ие жоқ деген жол әлдеқашан айтылып келе жатса да, әсіресе 
1718-19-жүз жылдардың аяқ шеніне шейін Европа ішіне көбірек жайылды. Автор бұдан әрі 
осы көзқарастардың сүйенген дәлелдерін тұжырымдар түріндеп береді. 
2.
Ғылыми тілге тән интернационалистік сипат, шет тілдік терминдер бұл еңбектің тіліне жат 
емес. Мысалы: атом, мадда, (атом сөзінің арабшасы), физика, метафизика, философия, 
психология және т.б. 
3.
Еңбекте ғылыми шығарманың тіліне тән абстрактілік, логикалылық, сөздердің 
дерексіздену сипаты басым. Бұл әсіресе Шәкәрімнің жан, дене, тіршілік, ұждан туралы 
ойларында, оларды дара ұғым ретінде ғылыми көзқараспен зерделеу барысында 
байқалады. 
4.
Еңбекте ғылыми баяндау, дәлелдеу, салыстыру, салғастыру әдістері кеңінен қолданылады. 
Ғылыми баяндау: Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі 
себебі бұрыннан бар қуатты дене (сила вещества) атом. 
Дәлелдеу: Екі өмірге де керекті іс ұждан. Ұждан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім. Мен жан да бар, 
адамның өз жанының қуаты да бар деймін. Дәлелім: 
1.
Шақырмаған жан келіп, кейде өзі пәленшенің жаны екеніне нанарлық сөз айтатыны. 
2.
Шақырмаған кісіге бақсылық дуаналық, фахризм, жындылық кез болатыны. 
3.
Ұйқыда кезу, лунатизм, магнитизммен біреудің еркін билеу, түсі дәл келу бұл үш түрлі үш 
бөлек иесі болуға лайық. Оның бәрін түрлі іздеу қате деймін. 
Салыстыру, салғастыру: Жаралыс жолы физика жолымен табылмайтын, сыры білінбеген (физика) 
нәрселер туралы Еуропа білімділерінің сөздері мынау... Англия спириттері оны теріс дейді. Егер 
Дарвин мен Маиенің сөзі дұрыс болса, ол өсімдіктерді де бірінен-бірі туып өзгерген болып 
табылады. 
Бұл еңбекті жазу барысында пайдаланылған ғылыми әдебиеттер, олардың авторлары аталынып 
отырады. Яғни, ғылыми-анықтамалық аппарат трактаттың құрылысында бар. Ол жайт “бұл 
философ Литерие сөзі”, “Герман Шефлер деген білімді айтады”, “Ж.Дольн айтады”, “бұрынғы 
Демокрит сөзі” сияқты сілтемелермен берілген. Әрине, қазақ тіліндегі ғылымның сол кезде кең 
қанат жаймауы немесе ғылыми стильдің айқындалмауы салдарынан Шәкәрімнің еңбегінде кейбір 
олқылықтар, ерекшеліктер болары сөзсіз. “Көріп біліп тұрмыз”, “таңқаламын”, “ындыны”, “дым 
көп”, “шатақ сөз” тәрізді ауызекі сөйлеу тілі және өзге стиль ұшырасуы оған дәлел. Қазіргі ғылыми 
контексте “мен” есімдігі “біз”, “біздіңше” болып ауысып қолданылса, Шәкәрімде өзгермеген 
қалпында жұмсалады: Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таң қаламын . 
Алайда бұл айтылғандар Шәкәрімнің қазақ тіліндегі ғылыми стильді немесе сала терминдерін 
қалыптастырудағы рөлін жоққа шығара алмайды. Демек, ғылыми стильде жазылған “Үш анық” 


70 
шығармасының қазақ тіліндегі ғылыми терминнің қалыптасуына тигізген ықпалы да, енгізген 
жаңалығы да күшті болмақ. 
Енді бірер сөз сала терминдерінің қалыптасуы турасында. Мына бір нәрсені айта кеткен жөн. Көп 
зерттеушілер салалық терминдерді ғылыми немесе ғылыми мазмұндағы мәтіндермен бірлікте 
алып қарастырмайды, оларды оқшау күйінде қарастырады. Біздің ойымызша, ғылыми мәтін мен 
терминдер ажырамас бірлікте, терминдердің қолданылатын орны ғылыми мәтін арқылы 
анықталады, сол арқылы ғылым-білім кеңістігіне жолдама алады. Сонда термин ұғымының 
терминологиялық мәртебесі ғылыми мәтіндер негізінде жүзеге асады. 
Қазіргі кезде зерттеушілер салалық терминология терминін көп қолданып жүр. Салалық 
терминология дегеніміз – ғылым мен техникада, өндіріс пен шаруашылықта және т.б. түрлі 
салаларда қолданылатын терминдер мен ұғымдар, солардың жиынтығы. 
Қазақ тілінде сала терминдерін қалыптастырудың алғашқы тәжірибелері ғылыми-көпшілік стильдің 
пайда болуына орай Қазан төңкерісіне дейін де болған. Бұл пікірді барлық зерттеушілер растайды. 
Алғашқы қазақ газеттерінің тілін зерттеуші Б. Әбілқасымов: “Газет бетінде әр түрлі ғылыми, 
публицистикалық материалдардың көп басылуымен байланысты ғылымның белгілі тарауларына 
қатысты терминдік мағынадағы орыс сөздерінің ұғымын халыққа жеткізу қажеттігі туа 
бастады. Газеттегі ғылыми мақалалар көбінесе Орта Азияға шыққан ғылыми экспедициялардың 
есебі не солар туралы информациялық хабарлар болып келеді. Бұлардан басқа тарих, этнография, 
әдебиет, тіл ғылымдарына қатысты мақалалар да басылып тұрған. Бұл жағдайда газет редакциясы 
көбіне оны қазақ ұғымында бұрыннан бар сөздер арқылы түсіндірме жолымен аударып беруге 
тырысқан, кей кездерде сол терминдік мағынадағы орыс сөздерінің өзін қалдырып та отырған”. 
Газет тіліндегі термин жасаудың осындай тәжірибелерін айта келе, ғалым қазақ тіліндегі “ғылыми 
түсініктердің жарық көре бастаған дәуірі де сол кезеңдерден басталады” деген қорытындыға келеді. 
Осындай мазмұндағы пікірді кезінде Ғ. Мұсабаев та айтқан: “Ғылыми терминологияның 
элементтері Октябрь революциясына дейін болғаны да сөзсіз... Орыс мәдениетінің белгілі 
ұғымдарын қазақ тіліне қазақтың ХІХ ғасырдағы ағартушылары біраз енгізген болатын”. Қазақ 
тілінде терминологиялық сөздіктер құрастыру ісінде, термин қалыптастыру тәжірибесінде өзіндік 
ой-пікір қалдырған зерттеуші А. Әбдірахманов салалық терминдерді зерттеуде мынадай ой айтады: 
“Қазақ терминологиясының жасалуын, дамуын және қалыптасуын зерттеуді, біздіңше, Октябрь 
революциясынан бұрынғы кезеңнен бастау керек. Бұл кезеңде мал шаруашылығы, халық 
медицинасы, жер бедері, өсімдіктер дүниесі т.б. салалардан жасалған халықтық кәсіби сөздер, 
атаулар болды, бұлар революциядан кейінгі дәуірде ғылыми терминологияға үлкен бір сала болып 
енгенін айқындау қажет”. Ө. Айтбаев қазақ баспасөзінің термин жасаудағы қызметін ерекше атап 
көрсетеді. Ғалым былай деп жазады: “Баспасөз материалдарына қарап отырсаңыз термин түзудің әр 
алуан амалдарын байқайсыз. Бірде ана тілінің өз мүмкіндігі іске жаратылып жатса, екінші бір тұста 
өзге тіл үлгілері сол қалпы, не аздаған өзгеріспен қабылданады (залог, дознание, доверенность
приговор, квитанция т.б.), ал үшіншіден көптеген терминдер қазақ тілінен баламасын тауып 
аударылады, немесе аударма қатарында түпнұсқа да бірге жүреді (Мәселен, заң сөзінің 
орнына низам, мен закон сөзі қатар қолданылған)” . 
Қазақ терминологиясын кезең-кезеңге бөліп баяндаудағы соны көзқарасты Ш. Құрманбайұлының 
еңбегінен табамыз. Зерттеуші қазақ тілі лексикасының терминденуін төрт кезеңге бөліп 
қарастырады: 1) ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың 10-жылдарына дейінгі – І кезең; 
2) 1910 жылдан 1930 жылға дейінгі – ІІ кезең; 3) 1930 жылдар мен 1990 жылдарға дейінгі 
аралықты қамтитын – ІІІ кезең; 4) 1990 жылдан бергі – ІV кезең. Автор аталған кезеңдердің 
әрқайсысының ерекшеліктеріне тоқталады. 
Қазақ тіліндегі ғылыми тілдің бастауы болып табылатын бұл игі әрекеттер кейінгі кезеңдерде өз 
жалғасын тапты. 
Қазақ тілі функционалдық стильдерінің соның ішінде, ғылыми стильдің де қалыптасуында ХХ 
ғасырдың басы елеулі кезең болғаны хақ. Бұл уақытта мәдени аренаға озық ойлы қазақ 
зиялыларының шығуы, олардың түрлі салада жазған еңбектері қазақ әдеби тілінің қолданылу аясы 
мен қызметін барынша арттырды. Сондай-ақ қазақ тілінің сөздік қорында да жүйелену, сөздердің 
стильдік белгілеріне қарай сұрыпталу процесі ерекше қарқынмен жандана бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет