67
Бұл кезеңде қазақтың химиялық номенклатурасының негізі қаланды.
Олардың көпшілігі осы
кезеңге дейін пайдаланылады. Алайда бұл кезде химиялық терминдер саны жағынан аз,
мектеп
көлеміндегі материалдарды ғана қамтыды.
Екінші кезеңде, яғни 1933-1949 жылдарда қазақ тіліндегі химиялық терминдердің молаюы және әрі
қарай жетілуі жүзеге асты, оларға әсер еткен жағдайлар мыналар болды:
1) Әдеби тілдегі ғылыми терминологияның орнын, маңызын, жасалу
принциптерін және даму перспективаларын анықтау мақсатымен республика көлемінде бірсыпыра
шаралар іске асты. Мемлекеттік терминология комиссиясы құрылды. 1935 жылы мәдени құрылыс
қайраткерлерінің бірінші съезінде қазақ тілі және оның терминологиясы
жөнінде арнайы мәселе
қаралды. Съезд қарсаңында Мемлекеттік терминология комиссиясының төрт бюллетені жарық
көрді. Бұларда және бұдан кейін жарияланған тіл мамандарының мақалаларында термин сөздердің
ерекшелігі, оларды жасаудың және орыс тілінен аударудың принциптері талданды.
2) Терминологияның теориялық мәселелерімен бірге іс жүзінде қажет
екі тілді сөздіктер құрастыру қолға алынды.
3) Химия терминдерін жасау – химия мамандарының ісі.
Сөз болып
отырған кезеңде химиядан ғылыми дәрежесі және жоғары білімі бар мамандар шықты.
4) Қазақ тілінде химияның тұрақты оқу құралдары жазылды.
Үшінші кезеңде, яғни 1950-1964 жылдарда химиялық терминдер саны
молайып, жоғары мектеп көлемін және химия ғылымын толық қамтитын дәрежеге жетті [21, 6-9 б.].
Қазақ тіліндегі медициналық терминдерді қарастырған К.Г. Аяпбергенова олардың қалыптасуын
төңкеріске дейін және төңкерістен кейін деп үлкен екі салаға бөле отырып, оны үш кезең арқылы
көрсетеді. Төңкеріске дейінгі медициналық терминдердің дамуына халықтық медициналық атаулар,
сондай-ақ сол мерзімдегі баспасөз беттерінде (“Түркістан уәлаятының газеті”, “Дала уәлаятының
газеті”, “Айқап”, “Қазақ” т.т.) жарияланған материалдар қызмет етті. Әсіресе бұрыннан келе жатқан
халықтық медицина атаулары (Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: