Кіріспе ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығЫ ҚҰралдарымен дамытудың теориялық негіздері



бет6/11
Дата07.02.2022
өлшемі50,42 Kb.
#95180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЕРТЕ ЖАС

Зерттеу әдістері: теориялық әдістер - философиялық, филологиялық, өнертанушылық, этнографиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, ғалымдардың еңбектерімен, озық іс-тәжірибелерді жинақтау, саралау, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған бағдарламаларды талдаумен танысу. Эмпирикалық әдістер - сауалнама, бақылау, әңгімелесу, диагностикалық әдістер, педагогикалық эксперимент, жинақтау, қорыту және нәтижелерді статистикалық өңдеу.
Зерттеудің базасы:

1 ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері
Баланы ерте жастан дамыту мәселесі ежелгі грек философтарының еңбектерінен бастау алып күні бүгінге дейін шетелдік және отандық психология, педагогика ғылымында, соның ішінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу саласында өзекті зерттеу мәселесіне айналып отыр. Өйткені адамның тұлғалық дамуының бастауы, соның ішінде танымдық іс-әрекеттерінің негіздері туғаннан үш жасқа дейінгі аралықта қалыптасады. Бұл ойымызға ұсынылып отырған параграфта талдау жасалатын ұлы ойшылдардың, ғалымдардың баланың физиологиялық, психикалық дамуына қатысты айтқан ойтұжырымдары негіз болады. Платон, Аристотель балалық шақтың ерте кезеңіне басым назар аудармағанымен, қоғамда бала тәрбиелеуде осы кезеңді босқа жоғалтқан уақыт деп санайды, олар осы ойларын ерте жастағы балаларды қоғамда тәрбиелеудің жүйесі жоқ екенімен дәлелдейді. Ерте жастағы баланың денесі мен психикасының даму қарқыны жоғары, дегенмен оның барлық ағза мүшелері мен жүйке жүйелерінің құрылысы дамып аяқталған жоқ, сондықтан олардың іс-әрекеті де жетілмеген. Мысалы, жүйке жүйелерінің күші әлсіз, байсалдылығы мен ширақтығы жеткіліксіз, ішкі тежелу үрдістері де жеткілікті қалыптаспаған. Бұл баланың мінез-құлқында көрініс табады. Ол тез шаршап қалады, оның көңіл-күйі тұрақсыз, бұл қыңырлық пен жанжалға себеп болады. Белсенді сергектік ерте жаста бірте-бірте ұзарады. Бұл баланың жүйке жүйесі жетілмегендіктен тез қарқынды даму жағдайында оның шаршап қалуына жол бермейді. Жасы кіші бала тезірек дамиды, жиі әрі көп ұйықтайды.Балалардың жақсы әрі байсалды көңіл-күйі олардың дер кезінде және толыққанды дамуының бірден бір шарты. Балалардың өмірін дұрыс ұйымдастыру, қызықты әсерлер, балалар мен үлкендердің біріккен іс-әрекеті олардың көңіл-күйіне демеу болады.Ерте жаста балалардың даму қарқыны бірдей емес. Бұл салмағы, бойы, отыру мен жүрудегі алғашқы талпыныстары, тістерінің шығуы сияқты дене бітімінің көрсеткіштеріне қатысты. Бұл саладағы медициналық көрсеткіштер әрдайым өзгеріп тұрады. Аталмыш ауытқулар психикалық дамуда да байқалады. Осылайша бір жас тобындағы балалардың бірдей жағдайда тәрбиеленіп жатса да, даму көрсеткіштері жоғары да, төмен де болуы мүмкін.Балалардың дүниеге келген сәтінен бастап бойларында жүйке жүйесінің әр түрлі тұрпаттамалық ерекшеліктері немесе, басқаша айтқанда, темперамент түрлері байқалады, сондықтан бала тәрбиесіне даралық тұрғыдан келген жөн. Кейбір балалар тез елігеді, кейбіреуі баяу, ал енді біреулерінің жүйке үрдістерінің әлсіздігі әр түрлі әсерлерге деген аса сезімталдығымен ұштасады. Көптеген авторлардың зерттеулерін қорытындылай келе, жаңа туған балалардың мінезіндегі алты түрлі басты айырмашылықтарды көрсетуге болады: әртүрлі ынталандыруларға реакциялар диапазоны; жалпы белсенділігінің дәрежесі, қозуы, ұйқы кезіндегі мазасыздануы, барлық жаңалықтарға үйренуі, қолдан алуға ұмтылуы. Мінез-құлықтың бұл белгілері темпераментпен түсіндіріледі. Бұл ерекшеліктер топтамасы ерте жастағы баланың ақыл-ой дамуының тұтастығы мен әрі қарай дамуы үшін негіз ретінде маңыздылығын растайды. Осы кезеңнің сипаттамаларын егжей-тегжейлі қарастыру баланың әлеуетті қабілеттерін барынша толық ашатын болады; оның дамуы мен білімінің жеке траекториясын дұрыс және тиімді түрде қалыптастырады. Ерте дамытудың тамыры – бала өмірінің бірінші жылындағы дене қимылының белсенділігі. Туғанынан бір жасқа дейінгі өмірінде қимылдауға ынталандыру тәсілдеріне үйрету керек. Екінші баланың ой-өрісін кеңейту, тілін дамыту, ал үшінші дәл осы кезде баланы тіпті бәріне:оқуға, жазуға, есепке, шеттілдеріне, шығармашылыққа, музыкаға, гимнастикаға т.б.үйретуге болады екен. Баланың қимылдау белсенділігі оның миының, ойының дамуынан талап етіледі. Бала неғұрлым ертерек еңбектеуді, жүруді, жүгіруді үйренсе, ол ерте оқуды, санауды, ойлауды үйренеді. Соңғы он жылда ғалымдар адам миының жұмыс істеуі туралы көп нәрсе білді. Баланың психикасына ерте әсер ету негізінен балалардың қажеттіліктерін қабылдауды түбегейлі өзгертетіні туралы тұжырым жасалды. А.И.Брусиловский, Т.Н.Овчинникова және басқалар жүргізген зерттеудің нәтижесінде үш маңызды жаңалық ашылды. Біріншіден, ақыл-ой қабілеттерінің дамуы тұқым қуалаушылықтың (генетикалық тұрғыдан анықталған қабілеттердің) және қоршаған ортаның өзара әрекеттестігі арқылы жүреді. Зерттеулер көрсеткендей, гендерде интеллектуалдық қабілеттерін дамытудың күрделі бағдарламасы бар, бірақ ол қалай іске асырылатыны тәрбиелеу (қамқорлық, мадақтау, ынталандыру және оқыту) сияқты сыртқы күш-жігерге байланысты болады. Екіншіден, адамның миы өмірдің алғашқы жылдарында тиісті оқытудан және кез-келген тәжірибеден зор пайда үйренеді. Жақындардың жылы қарымқатынасы мен қамқорлығы баланың биологиялық өмірін сақтап қана қоймай, туындайтын қиындықтарды жеңуге көмектеседі, сондай-ақ адам өміріндегі соңғы стресс пен жарақаттарды сәтті еңсеруге дайындайды. Қамқорлықтың жетіспеушілігі, күтімсіздік, ерте жастағы зорлық-зомбылық болашақта баланың эмоционалдық жағдайына әсер етуі мүмкін.Үшіншіден, алғашқы жылдарда мүмкіндіктер мен тәуекелдер барынша көп болғандықтан, білім алу процесі адамның бүкіл өмірінде жүріп отырады. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту біркелкі болмайды. Адамның өмірлік циклдарын зерттеу барысында, адамның миы оқудың жекелеген түрлеріне өте сезімтал болатын кезеңдер бар екендігі анықталды. Кейбір дағдарыс кезеңдері шығармашылық қабілеттердің қарқынды дамуымен аяқталады. Мысалы, балалар үш жастан он жасқа дейін музыкамен ғана айналысумен әуестенеді. Шет тілін үйренудің ең қолайлы кезеңі туғаннан он жасқа дейін созылады. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту спиральды толқындар ұқсайды. Осылайша, әр жас кезеңінде танымдық белсенділіктің мінез-құлық көріністерінің өзіндік формалары болады және оларды қалыптастырудың ерекше шарттары талап етіледі. Оның көзі нәрестенің жаңа эмоцияларды, әсерлерді алудан туған тілегі болып табылады. Физиологтардың, невропатологтардың, перинатологтардың, неонатологтардың зерттеулері дәм сезімі туа біткен сәттен бастап он төртінші аптадан, ал тыңдау жиырмасыншы аптадан басталатынын көрсетті (Әрине, осы тұста жүктілік кезеңінде де анасы арқылы барлық сезімталдық ағзалар дамитындығын жоққа шығаруға болмайды). Осылайша, өмірдің алғашқы аптасынан бастап бала қоршаған ортадан шыққан әртүрлі әсерлердің (есту, көру, сезу және т.б.) әсерін сезінеді. Жоғарыда айтылғандардың бәрі ерте жастағы баланың жаңа білімге деген қажеттілігінің бар екендігін айқын көрсетеді, Л.И.Божович өз зерттеулерінде осы мәселелерге көңіл бөле отырып, оны «жаңа әсерлерге деген мұқтаждықтың негізінде туындайтын базалық қажеттілік» деп атады. Алайда ересек адамның көмегігінсіз қоршаған ортаның өзі баланың танымдық белсенділігінің қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмайды. Бастапқыда ересек адам бала білімінің ең маңызды «тақырыбы», оның әсерленуінің ең бай көзі: бала мұқият қарайды, дауысты тыңдайды, интонация жасайды, жылуды сезеді, иіс сезеді. Танымдық белсенділіктің мәнін түсіну үшін оны екі тәсілге бөлуге болады. Бірінші тәсіл танымдық белсенділікті іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастыруға негізделген. Танымдық белсенділік іс туындаған сәттегі жеке қозғалысты қалыптастыру, іске асыру, дамыту және өзгерту қызметін қамтамасыз ету ретінде түсіндіріледі. Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін зерттеу жалпы теориялық маңызға ие, өйткені бұл проблема бағдарлық қызметтің жоғарғы түрінің негізгі көзін анықтаумен және «бізге қоршаған ортаға жоғары, шексіз бағдар беретін ғылымды қалыптастыратын» адамның танымдық белсенділігінің бейнесімен байланысты (Павлова Л.П.). Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, атқарған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалықоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп, ата кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген. Туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастырған.Танымдық белсенділік – қандай да бір жаңалықты білу құштарлығы – баланың өмірге табысты бейімделуін қамтамасыз ететін маңызды шарттар. Ерте жастағы балалық кезінде, әсіресе, үш жаста бұл барынша анық байқалады. Сондай-ақ баланың әлемді тануды шешудегі ересектер алдындағы міндеттер де тоқталмайды. Бір жастағы баланың танымдық белсенділігіндегі басты объектісі анасы болады. Ерте жаста негізгі іс-әрекет құралдық-амалдық қызмет болғанда, өзара қарым-қатынас үдеріснде, ересектермен біріккен іс-әрекетте танымдық белсенділік заттық әлемді үйренуге бағытталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет