Кіріспе ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығЫ ҚҰралдарымен дамытудың теориялық негіздері


Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтау және қалыптастыру кезеңдері



бет10/11
Дата07.02.2022
өлшемі50,42 Kb.
#95180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЕРТЕ ЖАС

2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтау және қалыптастыру кезеңдері
Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтау және қалыптастырушы бөлігінде біз тәжірибе барысында оң нәтиже көрсеткен және маманпрактиктердің ұсынысы бойынша мектепке дейінгі ерте жастағы балалардың деңгейін дамытудың қолданыстағы диагностикалық әдісінің элементтеріне сүйендік. Құрастырылған диагностикалық кешенге бастапқы, ортаңғы және бақылау сауалнамасы; сұхбат; үш кесіндіден тұратын педагогикалық бақылаудың нәтижесінің диагностикасы; эксперимент тобын бақылау тобымен (БТ) салыстыру кіреді. Біздің зерттеуіміз үшін алдымен экспериментке балабақшадағы топты немесе ерте дамыту орталықтарындағы топты таңдап алу негізгі мақсат болды. Сол себепті эксперименттің анықтау кезеңінде ата-аналардан осы мақсатта сауалнама алынды. Анықтау экспериментіне балалар мен олардың ата-аналары, педагогтары қатысты. Ата-аналарымен жүргізілген әлеуметтік сауалнама деректері бойынша олардың ерте дамыту орталығын таңдаудағы негізгі себебі: мекеменің жақын орналасуы, балаларды дамытуға қолайлылығы, балаларды арнайы бір уақытқа 103 алып келіп, алып қайтуға ыңғайлы болуы, топтың баланың жасына сай келуі, қызықты білім беру бағдарламасы болып табылды. Енді біз ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығы құралдарымен танымдық белсенділігі дамуының «Сәби танымы» кешенді бағдарламасы ықпалының диагностикасы Мақсаты:ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы негізінде дамыту деңгейін анықтау. Әдістері: педагогикалық бақылау, әңгіме, іс-әрекет, халық мерекелерін өткізу. Нысаны: оқушының техникалық және жеке сипаттамалары: 1. Қазақ халық шығармашылығына қызығушылығын дамыту (ҚХШҒ) 2. Қолдың ұсақ мотрикасы(ҚҰМ) 3. Музыкаға зейін қоюы (МЗ) 0% 10% 20% 30% 40% 50% 60% 70% 80% 90% Бақылау тобы Эксперимент тобы Ерте жастан пайдалану уақытша пайдалану Біздің отбасының қызығушылығы үнемі пайдалану 110 4. Сөйлеуді, жадыны, есте сақтауын дамыту (СЖЕ). 5. Айналасымен қарым-қатынасқа түсуі (АҚТ) 6. Геометриялық өрнектерді және түстерді ажырату (ГӨТ). 7. Үйреніп, жасап көру (ҮЖК). Сурет 13 – Ерте жастағы балалардың жеке көрсеткіштері бойынша сапалық даму деңгейі Тәжірибеде 100%-дық нәтижеге «Қазақ халық шығармашылығына қызығушылығын дамыту» мен «Музыкаға зейін қоюы» жетеді. Бұл алынған сауалнама негізінде баланың биге және қазақ фольклорының қозғалмалы жанрына, сонымен бірге баланың ырғақты сезімдік қабілетін дамытуға арналған тақпақтарға қызығатындығын ата-аналардың көрсеткенінен байқалды. Баланың ерте жастан сурет салуға, мүсінге және басқа да қолөнердің қолданбалы түрлеріне әуестенуі олардың бойында қолданбалы жұмыста жақсы нәтижеге қол жеткізудің қажетті шарты тұрғысынан қарастырылды. Бұл өлшемдердің нәтижелері бірдей, геометриялық өрнектерді және түстерді ажыратуға жақсы бейімделген бала, сурет және мүсінге бірінші дағдылану бойынша да соған барабар көрсеткіште болады. Бала қолының ұсақ моторикасын дамытуға, сөйлеуді жақсартуға, мәтіндерді, олардың қозғалыстарына қатысты берілген тапсырмалармен сәйкестігін есте сақтауға жетелейді. Сондықтан екінші және төртінші өлшемдер бірін-бірі толықтырады, сондай-ақ олардың көрсеткіштері де іс-жүзінде бірбірімен тепе-тең болып келеді. Саусақ жаттығуы ерте жастағы балалар тәрбиесінің тәжірибесінде сирек қолданылады. «Мүсін және сурет салу дағдысы», «Құрақ», «Жапсырма кесте» тиісінше және т.б. таныстыру деңгейінде болады. Бізді, әсіресе, эксперимент топқа қарағанда БТ 2% «коммуникативтілік» көрсеткіші қызықтырды. Балалардың 32%-ы алғашқы жылда ББ-ға баруға үйренбейді. Олардың 10%-ы уақытын ата-анасын күтумен өткізеді (тіпті бір бала ойын бөлмесіне кірмеген), 15%-ға жуық балалар тұйықталып қалған, құрбыларымен ойнаудан бас тартқан. Топтық ойынға, сабаққа, ән айтуға балалардың 15%-ға жуығы қатысқан. Осы уақытта ата-аналарының көзінше бұл балалардың 22%-ы белсенділік танытып, құрбыларымен қарым-қатынас жасаған және ойнаған. Осылайша, біз сенімсіздікті, енжарлықты, тұйықтықты, жағымсыз эмоцияны, агрессивтілікті байқадық. Музыкамен ырғақты қозғалу, дыбысты аспаптарда ойнау, қарапайым өлеңдерді ілесіп айту, биде, хорда, қозғалмалы ойындарда өз қозғалысын үйлестіре білу. Жасқа байланысты талапқа сай заттарды пішіні мен түсіне қарай аттарын атай отырып сұрыптау, сурет салу мен мүсіндеудің, құрақ жапсырудың алғашқы дағдыларын игеру, сызық бойынша бояу, түрлі-түсті қағаздардан жапсырма жасау, бұл жағдайда басты назар тапсырманы тиянақты орындау мен шыдамдылыққа аударылады. Ерте жастағы балаларда ойлаудың бастапқы формалары көрнекі әрекеттік және көрнекі-бейнелік болады, содан кейін олар ауызша-логикалық ойлаумен өзара әрекеттеседі, ол біртіндеп психикалық белсенділіктің басты нысанына айналады. Осы жерде тілдің интеллектуалдық қызметі дамиды. Сол себепті бір нәрсе туралы дәйектілікпен сөйлеу үшін, әңгіме объектісін (тақырыпты, оқиғаны) нақты көрсету, талдай білу, негізгі қасиеттер мен ерекшеліктерді таңдау, заттар мен құбылыстар арасындағы түрлі қатынастарды (себеп-салдарлық, уақыт) белгілеу керек. Сонымен қатар, ойды білдіру үшін ең қолайлы сөздерді таңдауға, қарапайым және күрделі сөйлемдерді құруға және сөйлемдерді ғана емес, сөйлеу бөліктерін де байланыстырудың әртүрлі құралдарын қолдануға қабілетті болу керек. Сондықтан біз балалардың сөйлеу деңгейін анықтау үшін келесі сынақты жиі пайдаланады: бір саусақты, екі саусақты, үшеуін (оны қалай жасау керектігін түсіндіру немесе көрсету арқылы) көрсетуді сұрайды. Саусақ қозғалыстарын басқара алатын балалар көп жағдайда жақсы дамыған сөйлеу қабілетіне ие болады. Осылайша, баламен сөйлеспей-ақ, оның сөйлеуі деңгейінің қаншалықты дамығанын анықтауға болады. Баланың қазақ халық шығармашылығына құштарлығын анықтауда, жаңалық, ерекшелік, күтпеген жағдай, таң қалдыру әдістері қолданылды. Өйткені осы әдістер – танымдық қызығушылықтың ең күшті ынталандырушысы бола отырып, бұл сезімдер эмоциялық және ойлау үдерістерін күшейте түседі, «затқа барынша жақын көзқараспен қарау, түсіндіру, болжау, еске салу, салыстыру, түсіндіруге тырысу, пайда болған жағдаяттан шығу жолын табу». Қызықты тәжірибелер, эксперименттер баланы дербес әрекет ету жолдарын іздеуге, шығармашылық танытуға, танымдық белсенділіктің екі түрін дамытуға: бастамашылық белсенділікке және ересек адамның әрекетінен туған белсенділікке ынталандырады. Осылайша, танымдық қызығушылық пен қазақ халық шығармашылығы құралдарымен ынталандыру сияқты әуестенушілік, бір жағынан, баланың ғылыми шындықтарды түсінуінее (ғылыми білімді қол жетімді етуге), екінші жағынан ойлауды жандандыруға, таным объектісіне эмоционалды қатынасты тереңдетуге ықпал етеді. Балалардың сенсорлық тәрбиесі бойынша дидактикалық ойындардың келесі жүйесі қолданылады, оның құрылысында негізінен ойын іс-әрекетінің сипаты басым: ойын-нұсқаулар; жасырынатын және іздейтін ойындар; жұмбақ және шешуге арналған ойындар; сюжеттік-рөлдік дидактикалық ойындар; жарыс ойындар; түріндегі тыйым салынған немесе ойындар немесе оның ерекшеліктері (мысалы, түс). Ерте жастағы балалардың ойлау ерекшеліктерінде орын алатын нақтылық, бейнелілік, әрекеттілікті басшылыққа алдық. Сондай-ақ мынадай қағидаларға сүйендік:
I.Ойынның орналасуының күрделілігі дәрежесі бойынша принципі: а) дидактикалық тапсырмалар; б) ойын іс-шаралары; в) ойын ережелері.
ІІ. «Ең жақын интеллектуалды даму аймағына» бағдарлау қағидаты, психикалық операциялардың даму деңгейі, суреттер мен ойлаудың нақты қасиеттері, баланың эмоционалдылығы.
ІІІ. Міндеттердің өзгермелілік принципі. Барлық таңдалған ойындар балаларға ойын түрінде қойылған дидактикалық тапсырмалардың сипатына сәйкес үш топқа бөлінді. Бірінші топқа ойын міндеттері бойынша балалардың қызығушылығын тудыратын ойындар кірді. Сонымен, ойын-көріністерде, қуыршақтармен ойындарда, біз балаларға объектілердің негізгі, сипаттамалық ерекшеліктерін анықтауды, салыстыруды және салғастыруды, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуды, объектілердің белгілерін саналы түрде есте сақтауды және еске салуды үйреттік. Бұл ойындар балаларды екінші топтың ойындарына енгізуге негізі болып табылады, оның мақсаты түрлі нысандардағы объектілерді қорыту мүмкіндігін қалыптастыру: түсі, пішіні, көлемі, функционалдық байланысы. Үшінші топқа ауызша ойындар енгізілді, онда балалар өз идеяларымен жұмыс істеуге үйренді. Мектеп жасына дейінгі балалық кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен сезімталдығына негізделген баланың жеке білім беру траекториясын құру. Қазақ халық шығармашылығының педагогикалық жіктемесі. Ерте жастағы баланың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту моделі мақсаттық, технологиялық, ұйымдастырушылық, бағалаушылық төрт бөліктен тұрады. Мақсаттық блок аталған дамуды жүзеге асыруға қоғамның, мемлекеттің талап, сұраныстарын, мақсатын, басшылыққа алатын (құндылық-мотивациялық, жүйелілік, жеке тұлғалық, іс-әрекеттік, жекелік-креативтілік) әдіснамалық тұғырларды және принциптерді қамтиды. Технологиялық – бағдарлама мазмұнын, оны жүзеге асырудағы жұмыс формаларын, әдістерін, құралдарын анықтайды. Ұйымдастырушылық – кезеңдерін (мақсаттық, мазмұндық-іс-әрекеттік, аналитикалық-түзетушілік.), функцияларын (дамытушы, коммуникативтік, әлеуметтік-мәдени тәрбиелеу, оқыту, шығармашылық-қайта өңдеу), педагогикалық экспериментті (анықтаушы, қалыптастырушы, қорытындылау) сипаттайды. Технологиялық және ұйымдастырушылық блок мынадай педагогикалық шарттарды сақтай отырып қалыптастыруды көздейді: мәденитанымдық білім беру ортасын құру; баланың жеке білім беру траекториясын жүзеге асыру; ана мен баланың шығармашылық өзара әрекеттестігі мен өзара байланысы; педагог-ана-баланың шығармашылық өзара әрекеттестігі мен өзара байланысы. Бағалаушылық блокта ерте жастағы баланың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту нәтижесін анықтауға арналған өлшемдер мен көрсеткіштер және деңгейлер көрсетіледі. Жүргізілген зерттеу бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:
1. Ерте жастағы балалардың физиологиялық және психикалық дамуы мен танымдық белсенділікті дамыту үдерісі арақатынасына арналған теориялық тұжырымдар, сипаттамалар осы саладан теориялық білімдерді жүйелі меңгертуге септігін тигізеді. Оларды жоғары оқу оырындарының оқу-тәрбие үдерісіне (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы), мұғалімдер біліктілігін жетілдіретін институттардың және жас ғалымдар мектебінің әдістемелік бағдарламаларына енгізу қажет.
2. Ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығымен танымдық белсенділігін дамытуда мектепке дейінгі ұйымдардың (балаларды ерте дамыту академиясы, орталығы, студиясы, бала бақша және т.б) білім беру мен тәрбие ортасын тиімді пайдалану қажет.
3. Балаларға арналған қазақ халық шығармашылығы туындыларын мектепке дейінгі ұйымдарда ерте жастағы балалар тәрбиесінде, болашақ аналарға Кеңес берушілік орталықтарында пайдалануды практикаға ендірген жөн.
4. Ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығымен танымдық белсенділігін дамыту біздің ұсынып отырған кешенді бағдарлама аясында интербелсенді технологияларды қолдану негізінде жүзеге асырған дұрыс.
5. Ұсынылып отырған кешенді бағдарламаны мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы бойынша мамандар даярлайтын колледждердің, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға болады.
6. Зерттеу проблемасының ауқымы кең болғандықтан толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта ерте жастағы балалардың сенсорлық дамуы, ерте жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-ана мен ерте дамыту орталықтарының шығармашылық іс-әрекеттерінің педагогикалық шарттары, ерте жастағы балаларды тәрбиелеуге болашақ мамандарды даярлау, ерте жастағы балалардың қоршаған ортаға эмоционалдық қатынасын дамыту, ерте жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда әлеуметтік дамыту, ерте жастағы балаларды отбасында тәрбиелеу және т.б. проблемалар арнайы зерттеуді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет