1.4
Компьютерде есепті шешудің негізгі кезеңдері
.
Программалық
жабдықты құрастыру келесі кезеңдерден тұрады [1]:
- берілген тапсырманың мақсатын және оған қойылатын талаптарды
анықтау арқылы шешілуге тиіс есепті тұжырымдау;
- тұжырымдалған есептің математикалық моделін құрастыру;
- математикалық модельдің негізінде математикалық есепті қою;
- математикалық есептің шешу әдісі мен есептеу схемасын таңдау;
- есептің шешу алгоритмін құрастыру;
- компьютерлік программаның мәтінін дайындау;
- программаны қалыптау және тестілеу;
- программалық жабдықты компьютерде орындау және болашақта іс
жүзінде пайдалану;
- программаның орындалуының нәтижелерін талдау және есептің
шешімі бойынша қорытынды жасау.
1.5 Алгоритмдердің қарапайым түрлері мен сипаттау әдістері
.
Көпшілік мамандардың тұжырымы бойынша [1-8], осы келтірілген жұмыс
кезеңдерінің ішінде алгоритм құрастыру ең маңызды кезең әрі болашақта
құрастырылатын программалық жабдықтың сапасына әсері ерекше деп
саналады. Мұндай тұжырымды алгоритмнің анықтамасынан көруге болады:
«Алгоритм дегеніміз берілген есепті орындауға арналған нұсқаулар жиыны»
[4, 18-бет]. Ғылым саласымен немесе әртүрлі жобалау жұмыстарымен
айналысатын мамандар үшін, әсіресе программашылар үшін, алгоритмдерді
жақсы түсіну алдарына қойылған есептерді шешуде табысты болуының кепілі.
Алгоритмді дұрыс пайдалана білуі үшін маман шешілуге тиіс есепті дұрыс
қоятын болуы керек. Джон Дьюи (John Dewey) айтқандай: «Дұрыс қойылған
есеп дегеніміз жартылай шешілген есеп» [5, 19-бет].
Алгоритмдерді құрастыру, күрделілігі мен сапасын талдау, олардың
негізінде берілген есептерді шешуге арналған программалық жабдықтар
құрастырудың
өзектілігінің
дәлелі ретінде кейінгі жылдары осы мәселелерге
арналған оқулықтар мен оқу құралдарының көптеп пайда болуын келтіруге
болады. Мұнда алгоритмді сипаттау әдістері, олардың күрделілігі мен талдау
тәсілдерінің маңыздылығын атауға болады.
Ең қарапайым алгоритмдерді үш түрге бөледі:
- сызықтық;
--циклдық (қайталанатын);
- тармақталған.
Практикалық есептердің алгоритмдері көбінесе өте күрделі болады;
олардың құрамында аталынған қарапайым алгоритмдердің көптеген түрлері
мен комбинациялары кездеседі.