3
0
.
Аттарды таңдау және айнымалыларды пайдалану
. Программалауда
айнымалыларды
пайдаланғанда, оларға ат бергенде белгілі бір ережелерді
сақтау қажет. Себебі кез келген ереженің бұзылуы қатеге келтіреді. Мысалы,
жоғарыда келтірілген мәтінді тырнақшасыз енгізіп көріңіз.
Men AUES
studentimin
SyntaxError: invalid syntax. Perhaps you forgot a comma?
Интерпретатор бірден синтаксистік қате жіберілгені туралы экранға
хабарлама шығарды. Басқа түрлі қателер де жиі кездеседі.
Сондықтан келесі
ережелерді
сақтау қажет:
-
Айнымалылардың аттары тек әріптерден, цифрлардан және астын сызу
белгісінен тұрады. Олардың бірінші белгісі әріп
немесе астын сызу белгісі
болуы тиіс.
- Айнымалылардың аттарында ашық жер (пробел) болмауы тиіс.
- Алгоритмдік тілдің арнайы функцияларының аттары мен кілттік
сөздерін айнымалы аты ретінде пайдалануға болмайды. Ол
функциялар
туралы кейінірек мәліметтер беріледі.
- Айнымалы аты қысқа әрі түсінікті болуы тиіс.
- Клавиатурадағы ноль 0 мен i әріпін пайдаланғанда мұқият болу керек,
себебі оларды бірмен 1 және O әріпімен шатастырып алу мүмкіндігі бар.
Тағы бір мысал қарастырылсын:
chabar ="ura, emtichanda 100% aldym!"
print(chabar)
ura, emtichanda 100% aldym!
Енді осы фрагментте арнайы қате жіберіп көрейік:
chabar "ura, emtichanda 100% aldym!
SyntaxError: unterminated string literal (detected at line 1)
Экрандағы өздеріңіз енгізген жазуларды алып тастаңыз. Келесі
қарапайым программа енгізу үшін керек болады.
Достарыңызбен бөлісу: