Зертханалық жұмыс №1
PYTHON ТІЛІНДЕГІ АЙНЫМАЛЫЛАР МЕН ҚАРАПАЙЫМ
ДЕРЕКТЕР
Жұмыстың мақсаты:
Программа құрастыруға қажетті құралдармен,
олардың мүмкіндіктерімен және жұмыс істеу тәртіптерімен танысу.
Осыған
байланысты программа құрастыру мен компьютерде есептеу жұмыстарын
орындауға машықтануға қажетті қарапайым амалдарды орындауды үйрену.
Әдістемелік материалдар мен жаттығулар
.
Компьютердің көмегімен
берілген есепті шешу үшін арнайы программалық
жабдықтың болуы қажет
екені белгілі. Программа құрастыру үшін көпшілік жағдайда алгоритмдік тіл
қолданылады.
Бұл пәнді оқытуда қазіргі кезде кең тараған әрі өзінің программа
құрастыруға ыңғайлы екендігін көрсеткен Python тілі ұсынылған.
Алғашқы жаттығулар.
Python тілінде құрастырылған программа
интерпретатордың көмегімен құрастырылып, орындау мүмкіндігі бар.
Интерпретатордың жұмыс істеу тәртібімен танысу үшін
келесі
амалдарды
орындаңыз:
1
0
.
Интерпретаторды шақыру
үшін
python
командасын қолданыңыз.
Осыдан кейін компьютердің экранында келесі шақыру белгісі >>> мен пайда
болған хабарламамен танысыңыз.
2
0
.
Алғашқы амалдар
ретінде қарапайым арифметикалық амалдарды
орындап, интерпретатордың жұмысын тексеруге болады.
Алдымен келесі есептеуді қарастырып көріңіз:
>>> 5+8
Содан кейін мынадай “Men AUES studentimin” деген мәтінді енгізіңіз. Экранға
шығарылған деректермен танысыңыз.
3
0
.
Аттарды таңдау және айнымалыларды пайдалану
. Программалауда
айнымалыларды пайдаланғанда, оларға ат бергенде белгілі бір ере
желерді сақтау қажет. Себебі кез келген ереженің бұзылуы қатеге
келтіреді. Мысалы, жоғарыда келтірілген мәтінді тырнақшасыз енгізіп көріңіз:
Men AUES studentimin
Экранға жіберілген қате туралы хабарлама шығады.
Осыған байланысты
келесі ережелерді еске сақтаңыз:
- Айнымалылардың аттары тек әріптерден, цифрлардан және астын сызу
белгісінен тұрады. Олардың бірінші белгісі әріп немесе астын сызу белгісі
болуы тиіс.
- Айнымалылардың аттарында ашық жер (пробел) болмауы тиіс.
- Алгоритмдік тілдің арнайы функцияларының аттары мен кілттік
сөздерін айнымалы аты ретінде пайдалануға болмайды. Ол
функциялар
туралы кейінірек мәліметтер беріледі.
- Айнымалы аты қысқа әрі түсінікті болуы тиіс.
- Клавиатурадағы ноль 0 мен i әріпін пайдаланғанда мұқият болу керек,
себебі оларды бірмен 1 және O әріпімен шатастырып алу мүмкіндігі бар.
4
0
.
Жолдар туралы мәліметтер
.
Жол
дегеніміз таңбалардың тізбегі.
Python тілінде жол деп тырнақшаға алынған таңбалардың тізбегін атайды.
Мысалы, “ Myna jol – jachsy jol” немесе ' Myna jol – jachsy jol'.
Жиі қолданылатын операциялардың бірі – таңбалардың клавиатурадағы
регистрін ауыстыру. Келесі фрагментті қарастырыңыз:
# name.py
name="machmut"
print(name.title())
Қандай жауап шығарылғанына көңіл бөліңіз; мұндағы
print(name.title())
және
title()
қандай роль атқарғанын анықтаңыз.
5
0
.
Жолдағы айнымалылардың мәндерін
кейбір жағдайларда пайдалану
керек болады. Мысалы, адамның аты мен фамилиясы әртүрлі айнымалыда
сақталынған болсын. Келесі фрагментті орындаңыз:
first_name = "Bolat"
last_name = "Murat"
full_name = f"{first_name} {last_name}"
print(full_name)
Нәтижесін талдаңыз; қандай амалдар орындалды?
6
0
.
Нәтижені белгілі бір ыңғайлы түрде шығаруды
форматталған
деп
атайды; ол нәтижені көрнекті түрде, оқуға ыңғайлы түрде болуын қамтамасыз
етеді. Мұндағы келтірілген белгілеулердің қызметін келесі түрде сипаттауға
болады:
- %3d
деген белгілеу
бүтін типке жататын сан, ені үш таңбаның орнына
тең сол жақтан ашық жер қалдыру немесе шегеру,
d
белгісі бүтін сан типін
көрсетеді;
-
%0.2f
белгісі нақты сан типіне жататынын көрсетеді;
0.2
белгісі нақты
санның бөлшек бөлігінде сақталынатын таңбалар санын көрсетеді.
Келесі мысалды орындап, нәтижесімен танысыңыз:
s=1000
rate=0.05
nyears=5
year=1
while year<=nyears:
s=s*(1+rate)
print (format(year,"3d"), “ “, format (s,"0.2f"))
year+=1
7
0
.
Константалар
. Кейде белгілі бір шаманың мәні программаның
орындалу процесінде тұрақты мәнін өзгертпейтін болады. Ондай шаманы
константа
деп атайды. Оған ат беріледі, оның аты бас әріптермен жазылады:
Мысалы
MAX_SALMAH
= 300
8
0
.
Комментарийлер
. Программадағы
орындалып жатқан амалдарды
түсінуге жеңіл болуы үшін түсініктемелер (
комментарийлер
) қолданған
ыңғайлы болады. Комментарийді белгілеу үшін келесі таңба қолданылады
#
.
Мысалы:
𝐜𝐨𝐦𝐦𝐞𝐧𝐭. 𝐩𝐲
# Say hello to everyone.
𝑝𝑟𝑖𝑛𝑡("
Salem student!
)
Осы фрагменттің нәтижесі қандай?
9
0
.