Дәріс №1.
КІРІСПЕ
.
ЕСЕПТІ КОМПЬЮТЕРДЕ ШЕШУ ТӘРТІБІ
Мазмұны
. Алгоритм және олардың түрлері. Программа – алгоритмді жүзеге
асырушы құрал. Программа құрастыруға қажетті
жабдықтар мен олардың
мүмкіндіктері. Компьютерде есепті шешудің негізгі кезеңдері. Алгоритмдердің
қарапайым түрлері мен сипаттау әдістері.
«
Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері»
пәнінің негізгі
мақсаты
-
мамандық бойынша іс жүзінде кездесетін
есептерді компьютердің көмегімен
шешуде қажет болатын әдістер бойынша алгоритмдер құрастыру мен олардың
негізінде компьютерлік программалар құрастырудың негізгі тәсілдерін
студенттерге үйрету. Студенттер дәрісте берілген теориялық материалдар мен
осы пәнге байланысты оқу құралдарын пайдалану арқылы алған білімдерін
бекіту үшін зертханалық жұмыстарды орындаулары тиіс.
Пәнде қарастырылатын негізгі
мәселелер
– мамандық бойынша жоғары
курстарда оқытылатын пәндерде кездесетін әртүрлі
есептеулерді, олардың
алгоритмдерін игеру және оларды компьютерлік программалар құрастыру
арқылы жүзеге асыру, алгоритмдер мен олардың негізінде құрастырылатын
программаларды алгоритмдік тілде құрастыруға машықтану.
1.1 Программалық жабдық.
Пәнді оқу
нәтижесінде студент типтік
есептерді шешуге арналған алгоритмдерді құрастырудың принциптерін,
бағдарламалаудың негізгі тәсілдерін, оларды компьютерде қалыптауға және
орындауға машықтануы тиіс. Зертханалық жұмыстарды орындау үшін
студенттің компьютерінде программа құрастыру ортасы дайын болуы керек.
Ол үшін Python алгоритмдік тілінде программа
құрастыруға қажетті
программалық жабдықтың болуы міндетті. Келесі адрестен кейбір қажетті
ақпараттарды алуға болады:
https:// nostarch.com/pythoncrashcourse2e.
Осы пән бойынша студенттерге 15 зертханалық жұмысты орындау
ұсынылады. Оларды орындаудың негізгі
тәртібі
:
- зертханалық жұмыстың тақырыбы бойынша теориялық және
әдістемелік
материалдарды оқып, үйрену; зертханалық жұмысты орындауға
дайын болу;
- әдістемелік нұсқауларда келтірілген сұрақтарға жауап беру және
жаттығуларды орындау;
- оқытушы берген жеке тапсырманы мұқият зерделеп,
есептің
шарттарымен толық түрде танысу;
- оқытушы берген тапсырмадағы есептің алгоритмін құрастыру;
- алгоритм бойынша алгоритмдік тілде программа құрастыру;
- программаны және оған қажетті ақпараттарды (деректерді) компьютер
жадына енгізу;
- программада жіберілген қателерді түзетіп, қалыпқа келтірілген
программаны компьютерде орындау;
- орындалған программаның нәтижесін талдау және зертханалық жұмыс
бойынша есеп дайындау және оны қорғау.
Зертханалық жұмыс бойынша орындалған есеп университетте
қабылданған стандарт бойынша құрастырылып, Word-файл түрінде порталға
орналастырылуы керек.
Ескерту
. Әрбір студенттің компьютерінде
зертханалық жұмыстарды
орындауға қажетті программалық жабдықтың болуы міндетті. Сонымен бірге,
программа құрастыру үшін Python тілінен басқа тілді де пайдалануға болады.
Компьютердің көмегімен берілген есепті шешу үшін арнайы
программалық жабдықтың болуы қажет екені белгілі. Программа құрастыру
үшін көпшілік жағдайда алгоритмдік тіл қолданылады. Әрбір алгоритмдік тіл
үшін оның программалық жабдықтары компьютерде болуы тиіс. Сондықтан
компьютерде жұмыс істеу үшін алдымен алгоритмдік тілді таңдап, осыдан
кейін оның программалық жабдығын өзіңіздің компьютеріңізге енгізуіңіз
керек.
Бұл пәнді оқытуда қазіргі кезде кең тараған
әрі өзінің программа
құрастыруға ыңғайлы екендігін көрсеткен Python тілі ұсынылған. Осыған
байланысты программа құрастыру мен компьютерде есептеу жұмыстарын
орындауға машықтанудан бұрын, алдымен қарапайым амалдарды орындауды
үйренген жөн.