Қызылорда құрылыс және бизнес колледі
Ибраева Гүлзира
Арнаулы пән оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: Ас үй жиһазын құрастыру технологиясы
Сабақ/ оқу мақсаттары:
Білімділігі: Білім алушыға ас үй жиһазын құрастыру және орнату технологиясын
меңгерту. Жиһаз құрастыру жайлы білімдерін тереңдету
Дамытушылық: Білім алушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін
арттыру,теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру, таңдаған
мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік : Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске,
жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға,
адамгершілікке,шапшаңдыққа тез шешім қабылдауға үйрету
Көрнекі құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, видеороликтер, слайдтар, прейзи
слайды
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі, CLIL технологиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ.Жаңа сабақты баяндау
ІV.Үйге тапсырма
V.Сабақ\оқу қорытындысын жасау, бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
Студенттермен амандасу
Журналға белгі соғу
Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Әрлеудің қандай түрлері бар?
Мөлдір әрлеу дегеніміз не?
Лак жамылғылыры қандай кластарға топтарға бөлінеді?
Мөлдір емес әрлеу қай жерлерде қолданылады?
Жабысқақтық дегеніміз не?
Суға төзімділік дегеніміз?
Лак-лак- lacguer
Әрлеу-отделка-finish
Ағаш-древесина-wood
Жылтырату-полировка-polising
Краска-сыр-paind
Мөлдір әрлеу-прозрачная отделка- transparend
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау
Ас үй жиһазын құрастырмастан бұрын құрастыруға қажетті құрал-саймандарды дыйындап аламыз. Олар: бұрғылауыш (шруповерт), дрель немесе перфератор, угольник және конфирматтар.
Ас үй шкафтарын құрастырып орнатпастан бұрын ток көздерінің орны мен канализация трубалары тесіліп орнатылып тұруы тиіс.
Жиһазды құрастыру барысында қателіктер жібермес үшін конструкциялық нұсқауымен мұқият танысу керек және құрастыру реттілігін бұзбай сақтау керек.
Ас үй жиһазын құрастыру барысында қажетті фурнитуралар
Құрастыру жұмыстарын бастамастан бұрын жиһаздың конструкциялық схемасымен мұқият танысып аламыз
Ас үй шкафтарын құрастырмас бұрын бөлмемізді дайындап аламыз. Содан соң шкафтарды құрастыру жұмыстарын бастаймыз. Шкафтарды төменгі бөліктерінен бастап құрастырамыз. Құрастыру үшін шкафтардың қабырғасын құрастырып алу керек. Қабырғаларын евровинттермен бекітеміз.
Қабырғаға ілінетін шкафтарға ыдыс-аяқ және азық-түлік шкафы, ыдыс кептіретін және сирек пайдаланатын заттар сақталатын антресоль шкафы жатады. Ас үй жабдықтары мен жиһаз жұмыс түріне ғана емес, сонымен бірге әйелдің бойына да сәйкес келуі тиіс. Орта бойлы әйелдер (158—160 ем) үшін жұмыс істейтін тақтаның биіктігі 85 ем, ені 60 ем болғаны қолайлы.
Қабырғаға ілінетін шкафтардың ені 30 см-ден аспауы керек. Жұмыс істеу орны мен қабырғаға ілінетін кез келген элементтің (шкаф, электр шамы) төменгі жағының арасындағы қашықтық 45 см-ден кем болмауы тиіс. Қабырғаға ілінетін шкафтардың үстіңгі сөресін еденнен 190 см-ден биік ілуге болмайды. Ас үй жабдықтарының ең дұрыс биіктігі 210 ем, одан биікке сирек қолданылатын заттар сақталынатын шкафтарды ғана орналастыру керек. Еденге қойылатын биіктігі 85 ем шкаф-столдар азық-түліктер өңдеуге, салқын тағамдар әзірлеуге; шкаф-столдардың төменгі бөлімдері үлкен ыдыстарды, ас үй машиналары мен аппараттарын, асханалық аспаптар мен ассулықтар сақтауға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |