Ас үй жиһазын орналастыру мен құрастыру кезінде үшін ескі жиһаздар мен сантехникалардан бос болуы қажет. Төбенің биіктігі кем дегенде 2м 50см ас үй үшін 2м 38см, 2м25смден кем болмауы қажет
Ас үй жиһазын орналастыру мен құрастыру кезінде үшін ескі жиһаздар мен сантехникалардан бос болуы қажет. Төбенің биіктігі кем дегенде 2м 50см ас үй үшін 2м 38см, 2м25смден кем болмауы қажет.
Шкаф-столдар, жылжымалыпластмассажәшіктерімен, бөлгіш тақтайлармен, алмалы- салмалы сөрелермен; бұрышқа қойылатын шкаф-столдар айналмалы сөрелермен жабдықталған. Отырып жұмыс істеу үшін шкаф-столдардың еденнен биіктігі 65 ем суырмалы тақтайы болады. Ыдыс жуғыш та сыртынан шкафпен қаралады; мұндай шкафтың төменгі бөлігіне, есігінің ішкі жағынан қалдықтарға арналған қақпағы автоматты түрде ашылып-жабылатын контейнер орнатуға болады. Шкафтың ауа бүйір қабырғаларына ыдыс тазалауға және ыдыс жууға арналған заттар қойылатын сымнан жасалынған ілгіштер бекітіледі. Биіктігі 210 немесе 240 см шкаф-колонка консервіленген және бөлме температурасында сақталынатын құрғақ азық-түлік және ас үй машиналары мен аппараттарын сақтауға арналған. Бұл шкафтың үстіңгі бөлігі алмалы-салмалы сөрелермен, астыңғы бөлігі жылжымалы тор жәшіктермен жабдықталған.Тоңазытқышастына қойылатын шкаф көкөністер мен жеміс-жидектер сақтауға арналған; оның да жылжымалы тор жәшіктері болады. Еденге қойылатын шкафтар мықты да төзімді болуы керек және жылжытуға ыңғайлы болуы үшін артқы аяқтарына дөңгелек орнатылады.
Қабырғаға ілінетін шкафтар құрғақ азық-түлік салынатың ыдыстар мен дәмдеуіш қоспалар сақталатын алмалы-салмалы сөрелермен жабдықталған. Ыдыс жуғыштың үстіне ілінетін қабырға шкафы ыдыс келтіруге арналған. Оның да сөрелері, пластикаланған сымнан жасалынған тұғырлары, табақша қойылатын ұялары бар. Ас үй мебелінің құрамына (сатып алушының қалауы бойынша) ыдыс жуғыш, ауа тазартқыш, белгілі бір жұмыс орнына жарық беруге арналған, қабырғаға орнатылатынэлектр шамы. электромеханикалық сағат, таймер және қалдықтар салынатын контейнер енгізіледі. Ауа тазартқыш көбінесе қабырғаға ілінетін шкафпен бірге құрастырылады да, газ немесе электр плиткасының үстіне бекітіледі.
Шкафтарды құрастырып болған соң орнату жұмыстарын жасаймыз
Сергіту сәті. (мына жерде берілген жиһаздардың ағылшынша атауын кестеден табыңыз).
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Бұрандалы шегелерді қандай аспаппен бекітеміз?
Жиһаз қабырғаларын немен бекітеміз?
Шегені немен қағамыз?
Құрастыру жұмысы аяқталған соң, қандай жұмыс жүргізіледі?
V. Үйге тапсырма Ас үй жиһазы тақырыбында реферат жазу
VI. Сабақ қорытындысын жасау, бағалау