Дәрілік заттардың таралуы сипаты анықталады:
- ерігіштігімен (суда, майда);
- қан сарысуының ақуыздарымен байланысуы дәрежесімен;
- аймақтық қанайналымның қарқындылығымен;
- биологиялық тосқауылдардың жағдайымен
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ТАРАЛУЫ:
ДЗ қанмен жақсы қамтамасыз етілетін ағзалар мен тіндерге (жүрек, бауыр, бүйрек) тез түседі.
ДЗ бұлшықет, шырышты қабаттар, тері, май тініне өтуі баяу жүреді, себебі олардағы қан жылжу жылдамдығы төменірек.
БИОЛОГИЯЛЫҚ ТОСҚАУЫЛДАР:
- Капилляярлар мембранасы
- Жасушалардың қабырғасы
- Гематоэнцефалды тосқауыл
- Плаценталық тосқауыл
- Гематотестикулярлы тосқауыл
- Гематоофтальмикалық тосқауыл
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ҚОРҒА ЖИНАЛУЫ:
ДЗ физика-химиялық сипаттамасына байланысты:
- липофилді заттар май тіндерінде, мида, аз мөлшерде бұлшықет тінінде қорға жиналады, біркелкі емес жинақталады;
- гидрофилді заттар, жиі қан сарысуының ақуыздарымен байланысып, жасушадан тыс қорға жиналады (жасушааралық сұйықтықта, бүйректерде), біркелкі жинақталады.
- Көптеген ДЗ арнайы әсер ету орындарында таңдамалы түрде жинақталу қасиетіне ие болады. Мысалы, йод – қалқанша безде, жүрек гликозидтері – жүрек бұлшықетінде, аналық жыныс гормондары -жатырда.
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БИОТРАНСФОРМАЦИЯСЫ:
– организмнің ферменттерінің әсерінен дәрілік заттардың химиялық құрылымы мен физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруі.
Биотрансформация келесі жүйелердің қатысуымен жүреді:
- бауырдың монооксигеназалық жүйесі немесе микросомалық тотығу жүйесінің (НАДФН2, цитохром Р450)
- микросомалық емес ферменттік жүйелер (цитозолді ферменттер, митохондриялық ферменттер).
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БИОТРАНСФОРМАЦИЯСЫ:
Синтетикалық емес-метаболиттік трансформация
Синтетикалық - коньюгация
- Тотығу
- Тотықсыздану
- Гидролиз
- Сульфаттану
- Глюкурондалу
- Ацетилдену
- Глутатионмен коньюгация
- Алкилдену
Достарыңызбен бөлісу: |