Кіріспе. Фармакология ғылыми және оқыту пәні ретінде. Жалпы фармакология



бет6/8
Дата10.11.2022
өлшемі0,64 Mb.
#157501
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
фармакология

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ШЫҒАРЫЛУЫ:
ДЗ метаболиттер немесе өзгермеген түрінде организмнен несеп, өт, өкпеден шыққан ауа, сілекей, ана сүті арқылы шығарылады.
ДЗ бүйрек арқылы шығарылуы келесі механизмдермен іске асады:
  • Шумақтық фильтрация.
  • Өзекшелік секреция.
  • Өзекшелік реабсорбция.

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ЭЛИМИНАЦИЯСЫ:
Бұл биотрансформация және ДЗ шығарылуы үрдістерінің жиынтығы.
Элиминация көрсеткіштері:

ФАРМАКОДИНАМИКА
Дәрілік заттардың фармакологиялық әсерлері – организмнің ағзалары мен жүйелерінің қызметінің дәрілік заттардың әсерінен туындаған өзгерістері.
Әсердің орналасуы – дәрілік заттың организмде басымырақ әсер ететін орындары.
Әсер ету механизмі – дәрілік заттардың фармакологиялық әсерлерін туындататын тәсіл (жолы, тетігі).
Дәрілік заттардың әсер етуінің “негізгі нысаналары”:
  • Арнайы рецепторлар
  • Иондық каналдар
  • Ферменттер
  • Тасымалдау жүйелері

Фармакологиялық әсердің дамуында келесі кезеңдерді бөлуге болады:
  • Дәрілік заттың арнайы рецепторларымен байланысуы ( физика-химиялық әсерлесуі кезеңі)
  • пострецепторлық әсерлесу жүйелерінің белсенденуі(биохимиялық өзгерістер кезеңі)
  • Фармакологиялық әсердің дамуы (физиологиялық өзгерістер кезеңі)

Рецептор – белгілі бір химиялық қосылысқа, сонымен қатар дәрілік затқа жоғары сезімталдығы және туыстастығы бар ақуыз немесе гликопротеид
Рецепторлардың түрлері:
  • Иондық каналдардың қызметіне тікелей бақылау жүргізетін рецепторлар (Н-холинорецепторлар, ГАМКА – рецепторлар, глутаматтық рецепторлар)
  • G- ақуыздар арқылы эффектормен кездесетін рецепторлар (М-холинорецепторлар, адренорецепторлар)
  • Эффекторлы ферменттердің қызметін тікелей бақылайтын рецепторлар (инсулиндік рецепторлар, өсу факторлары)
  • ДНК транскрипциясын бақылайтын рецепторлар (еритін цитозольдік немесе ядролық рецепторлар: стероидты гормондар, А және Д витаминдері)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет