4.Рецептураға қатысты қысқа грамматикалық ескертулер
Латын тілінде 5 септеу бар (кестеде көрсетілген).
І және ІІ септеуге көптеген дәрілік заттардың атауы жатады. ІІІ септеу сирек, ал IV мен V септеу аз пайдаланылады.
І септеуге атау септігінің жекеше түрінде «а», ал ілік септігінің жекеше түрінде «ае» жалғауымен аяқталатын (Tinctura, Pilula, Belladonna, Aqua) (f) зат есімдер жатады.
ІІ – септеуге атау септігінің жекеше түрінде «us», “er”, “um”, ал ілік септігінің жекеше түрінде «і» жалғауымен аяқталатын (m,n) зат есімдер жатады. (Hyoscyamus, Numerus), (Oleum, Acidum, Linimentum, Infusum, Opium).
III-септеуге атау септігінің жекеше түрінде жалғауы әртүрлі, ал ілік септігінің жекеше түрінде «is» жалғауымен аяқталатын зат есімдер жатады. Мысалы: Carbo, onis (m); Solutio, onis (f); “os” – Flos, oris (m); “or”-Liquor, oris (m); “is” – Dosis, is (f); Pulfis, eris (m); Adonis, idis (m); “x” –Radix, icis (f); Cortex, icis (m); “n” –Alumen, inis (n); Semen, inis (n); “ur” –Sulfur, s (n).
IV-септеуіне атау септігінің жекеше түрінде «us», “u”, ал ілік септігінің жекеше түрінде “us” жалғауымен аяқталатын зат есімдер жатады.
V- септеуге атау септігінің жекеше түрінде “es” ал ілік септігінің жекеше түрінде «еі» жалғауымен аяқталатын зат есімдер жатады.
Ескерту: m-genus masculinum (ер тегі); f-genus femininum (әйел тегі); n-genus neutrum (орта тегі).
Достарыңызбен бөлісу: |