II. Мерекелер мен сауықтардың маңызы және оларға қойылатын талаптар
Мектепке дейіңгі ұйымда мерекелер мен сауықтарға дайындық жоспарлар және жүйелі түрде, балалар өмірінің күн тәртібін бұзбастан жүргізіледі. Тәрбиешінің балалардың нені жақсы көретінін, жеке ерекшеліктерін білуі, олардың бақшада болған әр күнін мазмұнын етеді.
Ұйымдастыру және өткізу. Мектепке дейіңгі ұйымда өткізілетін мерекелер мен сауықтардың өзінің ерекшеліктеріне қарай тәрбиелік мақсаты болады, сол мақсат әр балаға жеткізілуі тиіс. Мысалы, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, 16 желтоқсан – Республика күні, 17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні, т.б. Осы мақсат мерекенің бүкіл мазмұнына арқау болуға тиіс, онда орындалатын өлең, музыка, би, қойылым, безендірулерде сәйкестендіріледі.
Тәрбиелік мақсаты мен мазмұны дұрыс алынған мереке балаларға түсінікті болады, олардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктері ескерілсе, ол әрбір баланың зердесіне жеткізіледі. Бұл үшін әрбір жас тобындағы балаларға ұсынылған репертуарды: өлеңдерді, әндерді, билерді т.б. дұрыс таңдап алу, олардың әншілік және бишілік дағдыларының даму дәрежесі, қалауы ескеріледі.
Мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін мерекелердің ұзақтығы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты: сәби және естияр топтардағы балалар мектепке дейінге ересек жастағы балалардан әлдеқайда бұрын шаршайды, сәбилер өлеңді, әндерді, т.б. азырақ қабылдайды, сондықтан олар үшін мерекенің ұзақтығы 20-30 минуттан аспауға тиіс. Мектепке дейінгі ересек балалар мерекесінің ұзақтығы 45-55 минутқа дейін созылады және репертуар күрделірек және алуан түрлі болады.
Мереке бағдарламасы бойынша және жеке орындаулар болғаны және мерекелік іс-шара жоспарын жасауда балалардың тезірек шаршағандығын ескере отырып, көркемдік іс-әрекет түрлерін дұрыс кезектесітіріп отыру қажет.
Балаларға қуаныш әкелетіндіктен мерекеге барлық бала өз шамасына қарай қатысқаны маңызды.
Балалар өздері білетін әндерді, топ болып бірге орындайтын әндерді, билерді бірнеше рет қайталағанды ұнатады, бұларды ерекше ықыласпен және мәнермен орындайды. Сондықтан мереке бағдарламасына осындай материалды міндетті түрде енгізіп, оған кейбір жаңа нөмірлер (нұсқалар, топ болып бірге орындайтын әндер, ойынды басқаша безендіру т.б.) қосу керек.
2.1 Мерекелердің түрлері
Мерекелерді салтанатты түрде мектепке дейінгі ұйымдарда атап өтудің маңызы зор.Мерекелер өзінің идеялық бағыты мен құрылымына қарай үш түрге бөлінеді.
Қоғамдық-саяси мерекелер: 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, 16 желтоқсан - Республика күні, 17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні, 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні, 1 мамыр – халықаралық ынтымақтастық күні, 7 мамыр – Қарулы күштер күні, 9 мамыр – Жеңіс күні.
Тұрмыстық мерекелер - жаңа жыл мерекесі, Наузыр мерекесі, балаларды мектепке шығарып салу, т.б.
Маусымдық мерекелер: қысты шығарып салу, құстар күні, жаз мерекесі.
Балабақшаларда балалар үшін төмендегі дәстүрлі мерекелер өткізіледі:
− Күз мерекесі. Әдетте қазан айында өткізіледі. Бұл жазбен қоштасу мерекесі. Зал сары жапырақтармен, көкөністер мен жемістер бейнелерімен безендірілген. Бұл мереке оқу жылындағы бірінші мереке болғандықтан, балалар сабақтарда негізінен материалды қайталаумен айналысқандықтан, мерекенің негізін ойындар мен ойын-сауықтар құрайды.
− Жаңа жыл. Балалар дәстүрлі Аяз Ата мен Ақшақарға барады. Балалар жасақталған шыршаның айналасында қол ұстасып ән айтып, билейді. Зал түрлі жылтырақтармен, жарқыраған шамдармен, ойыншықтар мен қарлармен безендіріледі. Балалар Аяз Атаға өздерінің өлеңдерін, әндерін, билерін орындайды. Жаңа жыл – барлығы үшін өте қуанышты мереке. Сондықтан, ол өте тамаша және жақсы есте қалады. Педагогтар көптеген ойындар, күтпеген сәттер ойлап табады. Балаларды Жаңа жылмен әртүрлі ертегі кейіпкерлері құттықтап келеді. Мерекенің соңында Аяз Ата балаларға сыйлықтар сыйлайды.
− Сегізінші наурыз. Балалар өздерінің аналарын, әжелерін, педагогтарын, тәрбиешілерін мерекесімен құттықтайды. Бейнелеу әрекеттері сабақтарында балалар аналарына, қыздарға сыйлықтар әзірлейді. Оларды сыйлау, кішіпейіл, ұқыпты болу түсіндіріледі.
− Наурыз мерекесі. Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Мұнда балалар ұлттық тағамдармен танысады, ұлттық ойындар ойнайды. Зал қазақ халқының киіз үйімен, оюларымен, бұйымдарымен, ыдыстарымен безендіріледі.
Қоғамдық саяси мерекелер мектепке дейінгі ұйымда салтанатты түрде өткізіледі. Бұл мерекелер музыка залына балалардың көгілдір жолаушалар, шарлар, гүлдер ұстап, салтанатты шеру жасап кіруінен басталады. Балалар қонақтарға қарап тұрады. Мереке басталады. Салтанатта көңілді сауықтар, ойындар, билер, топ болып қосылып айтылатын әндер мерекені жандандырып, көңілді ететін аттракциондармен алмасып отырады. Бұлар алдында орындауды керек етпейді, балалар ептілік, тапқырлық жөнінде жарысы түседі.
Мерекенің соңына қарай мереке салтанатты мен қуанышын тағы да атап көрсетеді. Ересектердің құттықтаулары болады.
Тұрмыстық және маусымдық мерекелер қоғамдық-саяси мерекелерден тақырбы, балалардың тұрмысы мен өмірі, көркемдік безендірілуі мен құрылымы жағынан өзгеше. Балалар үшін асыға күтетін сүйікті мереке- жаңа жыл. Жаңа жыл мерекесі ертегідегі сияқты сиқырлы ғажайыптарға толы, ол балаларға толып жатқан тосын қызықтар әкеледі.
Оттарымен, ойыншықтарымен жарқыраған шырша – жаңа жыл мерекесінің апталығы. Шырша өзінің әдемілігімен балаларды тартады. Көңілді музыкамен балалар тәрбиешімен бірге залға кіріп мерекелік шыршаны көреді. Шыршаны көңілді әндер айтып, айналып шығып, өздерінің орындарына барып отыралы. Жаңа жыл мерекесіндегі ең басты қызық өздерімен бірге әзіл-қалжың, күлдіргі әңгімілер, ойындар, жұмбақтар, ертегі ғажайыптары және сыйлықтар әкелетін аяз ата мен ақша қардың келуінен басталады.
Шырша залда бірнеше күн тұрады. Балалардың өтініші бойынша әдетте мерекелік бағдарлама кейбір жерлері қайталанады. Әрбір бала өзі ұнатқан рөлді алып тағыда шақырылады, ойын өткізіледі.
Балалар құмарынан шыққан соң шырша аулаға шығарылып, мұздан жасалған ойыншықтар, түрлі-түсті мұздақтардан, қардан жасалған кішкене аңдармен безендіріліп тағы да біраз уақыт тұрады. Балалардың шыршаға қызығушылығы бәсеңдеген кезде оны жинап алады, бірақ шыршаның ағашын балабақша ауласына тастай салуға болмайды. Шырша балалардың есіңде әдемі, жайнаған күйінде сақталып қалуы тиіс.
Мектепке дейінге ұйымдарда жыл мезгілдеріне байланысты маусымдық мерекелер өткізіледі. Олардың тақырыбы балалар өмірі мен іс-әрекетінен алынады. Мысалы, жазғы мереке кезінде балалар өздерінің саяжайда болғанда жаңалықты епті болғанын, қаншама жаңа әндер, өлеңдер үйренгенін т.б. көрсетеді. Мереке аулада немесе орман ішіндегі, алаңда өткізіледі. Мереке өткізілетін орынды безендіруге көбінесе тәрбиешінің және балалардың өз қолдарымен жасалған әшекейлер ілінеді. Бұлар өсімдіктердің көк сабағынан, гүлдерінден өрілген әшекейлі тізбектер, желмен айналып тұратын неше түрлі боялған зырылдауықтар, картоннан жаса, неше түрлі түске бояп жарқырап қойған саңырауқұлақтар, үйлер, т.б. болуы мүмкін.
Концерт түрінде ететін жазғы мереке ертегі қойылымдарымен және Отанымызды дәріптейтін ән шақырумен аяқталады.
Мерекенің басты мақсаты – балалардың бақытты өмірін, олардың дамуындағы жетістіктерді көрстету.
Мерекелер балаларды жан-жақты тәрбиелеудің маңызды құралы, Мерекелердің сәтті өтуі тәрбиешінің шеберлігіне, ақылдылығына, шығармашылығына байланысты.
Мектепке дейінгі ерте жас – бұл баланың түрлі әрекеттерге араласуға мүмкіндік беретін алғашқы неіздері, қабілеттері қалыптасатын кезі. Соңғы жылдары музыкалық педагогика осы кезеңде балалардың музыкаға ерекше сезімтал екенін қарастырған. Бұл баланың музыкаға қабілеттілігін дамытудағы, музыкадағы «музыка» түсінігінің дамуында ерекше қолайлы сезімтал кезең. Музыкант-педагогтардың есептеуінше, баланы ертерек музыканың түрлерімен таныстырса – композиторлардың балаларға арнайы жазған классикалық, халықтық, музыкалық шығармалардың әртүрлі аспаптарда орындалуын, заманға сай стилін, балалардың музыкаға қызығушылығы мен сүйіспеншілігін дамыту кейін оның музыкалық мәдениет негіздерін қалыптастыру мен музыкалық қабілетін дамыту оңайға түседі. Дәл осы ерте жаста баланың кейінгі табысты музыкалық дамуының «мықты іргетасының қалануына» қолайлы жағдайлар жасалған.
Нақ осы ерте жаста жалпы музыкалық қабілеттің төмендегідей негіздері қалыптаса бастайды:
Музыкаға эмоционалдық еліктеушілік;
Музыкалық әрекеттерді меңгеруге қажет музыкалық-сенсорлық қабілеттер.
Заманауи педагогикалық ғылым ерте жастағы кезді – өмірдің алғашқы үш жылында − баланың тілін дамытудағы қолайлы «сенситивті» кезең деп қарастырады. Бұл тілдің дамуы қарқынды өскен кездегі мүмкіндіктердің кезеңі. Дамытуда тіл үйретуді тым кеш бастау қолайлы кезеңдегідей рөл атқармайды. Сондықтан, ерте жастағы балалардың музыкалық және тілдік дамыту мәселесі өзекті болып саналуда. Сөйтіп, мереке өнердің барлық түрлерінің практикалық синтезі болып табылады. Ал олардың құралдарын балалармен жұмыста кеңінен қолдану, көзқарасты кеңейтуге мүмкіндік береді, баланың мінез-құлық ережесін және көзқарасын қалыптастырады, оның шығармашылық қабілетін бұзады. Әртүрлі әрекет түрлерінде бейімділік көрінеді, белгілі білік пен дағды қалыптасады. Мерекеде балалар тек қана айтпайды, билейді,ән салады және сурет салады. Балалар өзінің қимылдарын әуен ырғағына бағындыруды, әуендік қарқынды ажыратуды, оларды сөздерімен қостап қимылдарында бейнелеуді үйренеді. Сауатты жазылған сценарийлер қалай болуы керек? Балалар мерекелері – туған күн, Жаңа жыл және көптеген бұқаралық мерекелер – бұл тағы да және балаға қоршаған ортаның мейрамдары мен алуан түрлілігі туралы айтуға мүкіндік. Сондықтан балалар мерекелеріне тәрбиелік сәттер және танымдық тапсырмалар кіреді. Мысалы, қиялдауды, логикалық ойлау немесе зейінді дамытуға мүмкіндік беретін байқаулар мен жұмбақтар. Балалар мерекелері қайда өтуі мүмкін? Бұлар стадиондар, парктер, мәдениет орталықтары мен сарайлары, алаңдар және т.б, барлығы мерекенің тақырыбына, қашан өтетіндігі жылдың мезгіліне тәуелді. Таңдау алдағы балалар мерекесіне салынған тұжырымға тәуелді. Балалар мерекелерінің түрлері мен нысандары.
2.2 Мерекеге әзірлік және оны өткізу
Мектепке дейінгі ұйымда мереге дайындық жасау және оны өткізу жауапкершілігі бүкіл ұжымға жүктеледі. Музыкалық жетекші тәрбиешімен бірлесе отырып, мерекелік бағдарлама құрастырады, онда мектепке дейінгі ұйым бағдарламасының талаптары ескеріледі, ал педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Педагогикалық кеңесте жұмыстың әрбір бөлігіне: залды безендіруге, костюмдер, әзірлеуге, атрибуттар жасауға т.б. жауапты адамдар, мерекені жүргізуші тағайындалады. Мерекенің ойдағыдай етуі жүргізушіге көп байланысты. Жүргізуші жоғарғы мәдениетті, тапқыр, көңілді балаларды және олардың ерекшеліктерін жақсы білетін, өзін еркін және жайдары ұстайтын педагог болуға тиіс.
Мерекені ата-аналар арасында педагогикалық насихат жүргізу нысаны деп қарау керек. Мерекеге дайындық жұмысына: костюмдер, атрибуттар т.б. дайындауға ата-аналарды қатыстырып, мерекеге шықыру керек.
Педагогикалық кеңесте өткізілген мереке талқыланады, балалардың алған әсерін мерекеден кейінгі күндері жетілдіре түсу жұмыстары белгіленеді. Өткізілген ертеңгілік туралы балалармен әңгіме жүргізіліп, балалардың алған әсері анықталады. Ата-аналарға арналған қалқанға балалардың жауаптарын іліп қойған дұрыс. Топтағы және залдағы мерекелік безендіруі ертеңгіліктен кейін бірнеше күн сақтап, содан соң балаларды қатыстырып жинап қою керек.
Сабақтарда мерекелік материалдар қайталанып, шығармашылық ойындар үшін балаларға кішкене жалаулар, беріктер, орамалдар т.б. беріледі. Бейнелеу сабақтарында балалар «біздің мереке» деген тақырыпта сурет салады, саздан жапсырады, сөйтіп мереке әсері тағы да бастан өткізеді.
2.3 Сауық кештерінің түрлері
Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелік жұмыстың қызықты түрінің бірі саық кештерін өткізу. Сауық кештері әр 10 күнде бір рет күннің екінші жартысында өткізіледі. Балалар мен ересектердің қатысуына қарай үш түрге бөлінеді.
Ересектердің балалар үшін дайындаған сауық кештері.
Балалардың өз күштерімен дайындаған сауық кештері.
Ересектер мен балалар қатысатын аралас сауық кештері.
Ұйымдастыру нысанына қарай сауық кештері бірнеше типке бөлінеді
Ойын- сауық түріндегі кештер;
Концерттер мен тақырыптық кештер;
Балалардың күшімен өткізілетін кештер;
Спорттық сауықтар.
Тәрбиешілердің шығармашылығы ұйымдастырылған сауық кештерінің түрлі нұсқалары өз ерекшелігімен маңызды.
Балаларға таныс ертегілерден қойылым жасау, әңгімелер, өлеңді оқу, ән шырқау, ойын-сауық кештер мазмұнына енгізіледі. Ересек топ балалары өз күшімен қуыршақ қойылымын дайында алады. Қуыршақ қойылымында шымылдықтың тасасында болатындықтан сахнаға шығуға ұялатын жасқаншақ балалардың өзі де ықыласпен қатысады. Мұндай қойылымдарға қатысуда оларда батылдық, өз күшіне сенім пайда болады, балалармен жақсы араласады.
Балалардың музыканы көңіл қойып орындау концерттік кештеріне ұйымдастырылады. Бұлар ересек топтарда өткізіледі. Концерт балаларға таныс 4-5 шығармадан тұратын болуы тиіс. Концертте жаңа шығарма орындалуы мүмкін. Мұндай концерттер жылына 5-6-дан көп болуы мүмкін.
Ертеңгіліктер мен ойын-сауықтардың құрылымы сценари жасақтау ісін ән-саз жетекшісі атқарады. Әр сценари әр мерекенің негізгі мәнін ашады және өзіндік өткізу дәстүрі бар. Мәселен, қоғамдық-саяси мерекелерге арналған мерекелік сценари үш бөлімнен тұруы мүмкін. 1-бөлім: аз уақыт алады(5-7мин.) , яғни балалардық әсем киініп, қолдарына жалауша, гүл, бұтақтар немесе т.б. құралдар ұстап саппен салтанатты кіруі, тақпақтар оқуы,1-2 ән орындауы. 2-бөлім: ұзағырақ. Бұл бөлім балалардың топпен және жеке ән орындауы, ойындар, билер, ән- думандар көріністерден тұрады; концерт түрінде өтуі де мүмкін. Қызықты, тосын сәттер қонақтардың келуімен, қуыршақ театорының көрсетілімімен, сахналаумен әрлене түседі. 3- бөлім: қорытынды. Балалардың назары мерекенің тақырыбына аударылады. Жүргізуші тағы да мерекемен құттықтайды, балалар мереке туралы тақпақты бірге айтуы мүмкін. Балалар жігерлі маршпен шығып кетеді.
Балабақшадағы ойын-сауықтарды төмендегідей түрде топтастыруға болады:
Музыкалық-әдеби концерттер
Кейіпкерлендіру, сахналау, көріністен, театрлар
Спорттық мерекелер
Балалардың көркем өнер концерттер
Сайыстар, байқаулар
Туған күндер.
Ойын-сауықтарды үлкендер ұйымдастырады. Кейбір ойын-сауықтарда балалар белсенді рөл атқарса, екіншісінде үлкендердің өздері ойнайды. Ойын-сауықтарды мазмұнына, уақытына балалардың жас ерекшеліктеріне қарай бір топпен немесе бірнеше топты қосып ойнауға болады. Ойын-сауықтар балаларға қуаныш сыйлай отырып олардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтіп тілін дамытады, шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын ұштайды, жеке тұлға ретінде қабылдауына ықпал етеді, адамгершілікке тәрбиелейді. Ойын-сауықтардың алуан түрлілігіне қарап оларды дайындау және өткізу жұмыстарын ән-саз жетекшісі, тәрбиешілер және балалардың арасында тең бөліп жоспарлауы тиімді. Әр жас ерекшеліктеріне қарай топтарда және балабақша бойынша өтетін ойын-сауықтарды өткізу кестесін жасап алған жөн. Ойын-сауықтарды бағдарлама міндеттерін, ән-саз, бейнелеу, тіл даму сабақтарында өтілген репертуарды, іс-әрекеттерді еске ала отырып әр тоқсанға жоспарлау балабақшаның тәрбие-оқыту жұмысын тереңдетіп, жан-жақты жүргізуге көмектеседі. Ойын-сауықты күннің екінші жартысында, аптаның белгілі бір күнінде өткізген тиімді, себебі бұл күнді балалар асыға, қуана, қызыға күтетін болады. Ойын-сауықтардың көп түрі бары белгілі: ойындар, ойыншықтар, куыршақтар, сурет театрлары, сахналық көріністер, музыкалық ойындар, концерттер, жұмбақтар, көңілді старттар, әзілді ойындар, аттракциондар т.б.
Қызықты ойындарға түрлі дыбыстайтын немесе дыбыссыз ойыншықтармен немесе оларсыз да ойналатын түрлі ойын элементтері жатады. Қызықты ойындар әдетте қысқа мерзімді, соған қарамастан балалардың ынтасын аударуға, ұйымдастыруға, әдеттегі жағдайда өзгеріс еңгізуге, көтеріңкі көңіл күй туғызуға жақсы көмектеседі. Бұлар ән-думандар, аспапты музыкамен ырғақты қимылдаулар болуы мүмкін.
Сахналау(кейіпкерлендіру)- бұл ертегі, ән және басқа да әдеби шығармаларды рөлге бөліп ойнау. Қарапайым әрекет, нақты кейіпкер ісі, қысқаша сюжет, қысқа монологтер мен диалогтер балаларды көптен сахнаға тартуға жол ашады, дарындылықты анықтауға көмектеседі, балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Тәрбиеші сахналауға үйреткенде тым қатаң талап қоймай, еркін ахуал туғыза білсе, жақсы жетістікке жетеді. Кей кезде балалардың дұрыс дауыс, ырғақ табуына көмектесу үшін тәрбиеге де араласу қажет болады. Ойыншықтар, қуыршақтар, суреттер театрын барлық топтарда жасақтауға болады.
Үстел үсті театры көлемді немесе жайпақ кейіпкерлермен үстелде көрініс көрсетеді. Ал қуыршақ театры қолға қуыршақ киіліп ширмада көрсетіледі. Сурет театрына фланелеграф пен көлеңке театры жатады.
Бұл театрларда үлкен емес пьесалар, кейіпкерлендіру (инсценеровка) немесе жеке көріністер көрсетіледі. Олардың мәтіндері көркем, музыкалық көркемдеу мазмұнына сәйкес, орындалуы мәнерлі, ал кейіпкерлерді оброз сипатына сәйкес таңдау шарт. Сахнаны және кейіпкерлердің өздерін безендіру бірыңғай стильде болуы керек.
Концерттер әр түрлі іс-әрекет түрлерін біріктіру болып табылады. Бұлар-жеке немесе топ билер, мәнерлеп оқу, жеке немесе топпен ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау. Концерт- орындалған жеке нөмірлердің кезектесуі. Тақырыптық концерттер де болуы мүмкін.
Түрлі аттрекциондар, әзіл-оспақ, жұмбақ, клоунды қосымша пайдалануға болады. Бұларды кез келген ойын-сауық барысында тақырыпқа сай пайдаланса, жүргізуші рөліндегі тәрбиешілерге балалар үшін көңілді, алаңсыз, шат-шадыман жағдай жасауға көп көмегін тигізері сөзсіз.
Балалардың есінде ұзақ сақталып, жағымды әсер қалдыратын мерекелерді ұйымдастыруда мерекелік безендірудің де маңызы зор. Мерекелік безендіру балаларды адамгершілік- эстетикалық тәрбиелеу ісіне сай болуы тиіс. Көп жағдайда сауатты және әсем безендірілген орында өткізілген мереке бала өмірінде өз ізін қалдырады.
Балабақшадағы мерекелер тәрбие үрдісінің маңызды құрамдас бір бөлігі бола отырып мектеп жасына дейіңгі балалардың шығармашылық қабілетін, дарынын ашуға көмектесіп, педагогикалық іс әрекеттің белгілі бір нәтижесін береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Баланың жанжақты дамуы дегеніміз адам іс-әрекетін жанжақты дамыту және жетілдіру. Әлемде бізді қоршағанның барлығы баланың қоршаған ортаға деген қызығушылығын оятады, мен өз жұмысымда балаларды қоршаған әлемнің керемет болуы үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. Балалар дыбыстарды дұрыс айтып үйренуі, дұрыс сөйлеу білуі, сөйлем құра білуі керек, сонымен бірге көріп тұрғанын дұрыс бейнелеуі үшін ойлай, талқылай білуге үйренуі және дұрыс түсінуі, жағдайды бағалай білуі, өз бетінше шешім қабылдай білуі тиіс. Іс-шаралар әңгімелесулер, ашық сабақтар, ойындар, суреттер байқауы, ертеңгіліктер түрінде жүргізіледі. Біздің мақсатымыз балалардың ой өрісін кеңейту. Қазақстан халықтарының салт-дәстүрімен, ойындарымен таныстыру. Балаларды Отанға, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке, еліміздегі тыныштық пен келісімге, Отанын құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Балабақшада балалардың алған тәрбиесін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде мерекелік жұмыстардың маңызы зор. Мерекелік іс-шаралар балалардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден-бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Мерекелік іс-шаралардың дұрыс ұйымдастырған жағдайда балалар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Балабақшада мерекелік және сауық іс-шаралардың өткізілуі балалардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Мерекелік жиындар оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстары әрі дамыып, жалғастыру мақсатын көздейді. Оны жүзеге асыру жолында тәрбиеші ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білу қажет. Бұл шаралардың бәрі тәрбишіден көп ізденісті күтеді. Қорыта келгенде, мерекелік іс-шараларды жүйелі түрде таңдап алғанда, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлкен үлес қоса алады.
Балалар мерекесі – бала өмірінің жарқын сәттерінің бірі. Мерекелер балаларға шығармашылыққа арналған кеңістікке жол ашады, баланың жан дүниесінде жарқын сезімдер, мәртебелі ұмтылыс туғызады, ұжымда өмір сүре білуді тәрбиелейді, ақылы мен жүрегін рухани байытады. Мұнда мерекені қабылдау қызметтің нысаны есебінде емес, сонымен бірге жеке тұлғасын дамытуға және тәрбиелеуге мүмкіндік беретін мәдени-білімдік құбылыс.
Мерекеде балалар тек қана тақпақ айтпайды, билейді, ән салады және сурет салады. Балалар өзінің қимылдарын әуен ырғағына бағындыруды, әуендік қарқынды ажыратуды, оларды сөздерімен қостап қимылдарында бейнелеуді үйренеді. Сауатты жазылған сценарийлер қалай болуы керек? Балалар мерекелері – туған күн, Жаңа жыл және көптеген бұқаралық мерекелер – бұл балаға қоршаған ортаның мейрамдары мен алуан түрлілігі туралы айтуға мүкіндік береді. Сондықтан балалар мерекелеріне тәрбиелік сәттер және танымдық тапсырмалар кіреді. Мысалы, қиялдауды, логикалық ойлау немесе зейінді дамытуға мүмкіндік беретін байқаулар мен жұмбақтар. Балалар мерекелері қайда өтуі мүмкін? Бұлар стадиондар, парктер, мәдениет орталықтары мен сарайлары, алаңдар және т.б барлығы мерекенің тақырыбына, қашан өтетіндігі жылдың мезгіліне тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |