Кіріспе І. Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде



бет1/4
Дата06.02.2022
өлшемі48,46 Kb.
#80214
  1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-77869
stud.kz-77869

Оқу орны
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар
Орындаған: 0000000000000 000000
Тексерген:00000000000 0000000000

2018 ж
МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде..............................................5
1.1 Мектеп жасына дейіңгі балалардың қабілетін дамытудағы мерекелердің маңызы зор...............................................................................................................9
1.2 Мерекелік ертеңгіліктің бала өміріндегі рөлі...............................................11
II. Мерекелер мен сауықтардың маңызы және оларға қойылатын талаптар................................................................................................................14
2.1. Мерекелердің түрлері....................................................................................15
2.2 Мерекеге әзірлік және оны өткізу...............................................................19
2.3 Сауық кештерінің түрлері..............................................................................19
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................25

КІРІСПЕ
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, мектепке дейіңгі мекемелердің алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыпастыру міндеті болып тұр. Балалар өміріндегі мерекелердің маңызы – адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру құралы, әдеби шығармалар, әндер мен өлеңдер патриоттық сезімдер қалыптастырады, балалар бойында тәртіптілік, мінез-құлық, ұжымшылдық негіздерін, мәдениетін тәрбиелейді.


Мейрам күндері – балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты бір әлемі. Сондықтан да, мейрам күндерін балабақшаның әрбір тәрбиеленушісі асыға күтеді, өз өнерлерін жолдастарына, тәрбиешілеріне және ата-аналарына көрсетуге асығады.
Осы жағынан алғанда, жас жеткіншектерді тәрбиелеп, оларды жан-жақты дамытып, жетілдіруге мерекелік күннің үлесу зор. Жас жеткіншектердің өз қоршаған ортаға дұрыс қалыптастыруға өз Отанына сүйіспеншілігін арттыруға, еңбекке ынтасын күшейтуге, интернационалдық сезімін оятуға үлкен әсер етеді.
Мерекелік ертеңгіліктің барлық түрлері (ән салу, музыка ырғағымен қимылдар жасау, би билеу, музыка аспаптарында ойнау) балаларды музыканы сүйе баулудың ерекше бір түрі. Қатар отырып қуанып, толғану жас жеткіншектерді тату ұжымға топтастырады және ұжымды жауапкершілікке баулиды.
Әрбір мерекеге арналған ертеңгілік сол мерекенің қоғамдық зор мәнін, идеялық мақсаттарын жас жеткіншектердің өз сезіміне лайықтап жеткізіп, сол арқылы бүкіл халықты салтанатқа үлес қосуына мүмкіндік береді.
Балалар ертеңгілін дайындап, өткізуге ересек кісілердің де алатын орны ерекше. Мерекелерге балаларымен қатар отырып қуану үшін ата-аналар да қатысуға тырысады. Өйткені, балалардың көрсеткен өнері, орындаушылық ерекшеліктері көңілді де, мәнді ойын түрлері ата-аналардың да ара-тұра өз өнерлерін ортаға салуы сыйлықтар, әртүрлі естелік кітапшалар беру балалар өміріндегі аса бір қуанышты сәттер болып табылады, мұқият жоспарланады.
Осыған орай, күнтізбелік жоспар жасағанда балалардың өздері тұрған жердегі еңбек адамдарының мерекеге дайындығымен таныстыруға арналған оқу іс-әрекеттері ерекше ойластырылған жөн. Өтетін оқу іс-әрекет жоспары оқылатын әңгімелердің, жатталатын өлеңдердің, көрсетілетін суреттердің жинақталған жүйелерін бұзбай енгізу керек. Ескеретін басты мәселе – олардың балаларға түсінікті болуы. Барлық дайындық жұмыстарын өтетін мереке тақырыбына топтастыру – ең негізгі мақсат десе, бұдан ата-аналарды да шет қалдыруға болмайды. Болғалы жатқан ертеңгілік туралы ата-аналарды хабардар етіп, қажет болса, олардың көмектесуін өтінген жөн. Сол сияқты, тәрбиешілер ата-аналарға мереке күндерін үйде қалай атап өту керектігі жөнінде де кеңес бергені өте орынды болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Балабақшадаға мереке – бұл күн басқа күннен бөлменің безендірілуімен, үлкендер мен балалардың сәнді киімдерін, қонақтарды шақырумен, ерекше ас мәзірін, тосын сый, сыйлықтармен ерекшеленеді.
Балабақшадағы мерекелер мен сауықтар мектепке дейіңгі, мекеме жұмыс істейтін бағдарламаға сәйкес барлық жас ерекшелік топтарындағы балаларымен өткізіледі.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Балабақшадағы мерекелер мен сауықтар балалар өмірінде;
-мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін дамытудағы мерекелерді өткізу және ұйымдастыру;
-Балабақшадағы мерекелер мен сауықтарды өткізу және ұйымдастыру;
Курстық жұмыстың зерттеу объектіс. Балабақшадағы мерекелер мен сауықтарды өткізу және ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе және негізгі бөлім, II бөлім және бөлімшелерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет