Сабақтың тақырыбы: «Домбыра-дастан» әдеби-музыкалық композиция.
Сабақтың білімділік мақсаты: Ұлттық музыканың өнер қуаты мен күйдің күштілік қасиетін домбыра арқылы оқушылардың сезіміне жеткізіп,атақты күйші-композиторлардың шығармашылығымен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың өнерге,домбыра аспабына деген қызығушылықтарын арттыру,күй туралы білімдерін толықтыру, байыту, кеңейту.Эстетикалық тәрбие беру арқылы танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты:мәдени сауатты,қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін,құрметтейтін,өресі биік оқушы тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта, «Күмбір күйдің кемеңгерлері» атты слайд, «Домбыра туралы аңыз» атты деректеме,үнтаспа,күйлер жинағы дискілері,домбыра.
Тәрбие сағатының жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Кіріспе сөз.
3. «Күмбір күйдің кемеңгерлері» /Қорқыт,Құрманғазы,Дина,Дәулеткерей,Тәттімбет,Қазанғап туралы қысқаша мәлімет/
4. «Құрманғазының Динамен алғаш кездесуі» көрініс.
Динанаң күйі «Той бастар».
5. Домбыра туралы әндер орындату.
6. Ұрпақ сабақтастығы Әбдімомын Желдібаев «Еркесылқым» күйі.
7. Қорытынды.
Тәрбие сағатының барысы:
Эпигроф Мұрашит Дильназ «Домбыра туралы» тақпақ
I. Бұл күні тұрақты орын алып төрден,
Әр үйдің санасына жарық берген.
Домбыра сырын жайып сан ғасырдың
Зар-мұңын бабалардың алып келген.
Құрметті қонақтар, оқушылар «Домбыра-дастан» әдеби-музыкалық композиция ашық сабағын қош келдініздер!
II. Қай ұлттың болмасын өзінің ұлттық музыкалық аспаптары болады. Музыкалық аспап белгілі бір ұлттың музыкалық өнерін насихаттаушы құрал.
Халық арасында кеңінен тараған аспап – домбыра аспабы.
Ен даладағы қазақтың қай-қайсысы да домбыраның үніне жан тәнімен беріліп, оны өзінің бүкіл асыл ойының қазынасындай сезінеді. «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы – домбыра. Оның смдай тартылған қос ішегінде сан ғасырдың ақыл-ойы, көңіл күйі жатыр.
Домбыра елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көңіл-күйі.» - деген ұлы сөз осыдан қалған.
Домбыра аспабы, бір сөзбен айтқанда, қазақ халқымен бірге жаралған деп айтуға болады.
Қазіргідей ғылым мен техника дамыған заманда, домбыра ұлттық болмысты бейнелейтін символ, ұлттық музыка өнерінің жаршысы болмақ.
III. 5 сынып оқушылары атақты күйшілердің өмірбаянымен таныстырады. Құрманғазы (1823-1896)
Дәулеткерей (1820-1887)
Тәттімбет (1815-1862)
Дина (1861-1955)
Қазанғап (1854-1921)
Қорқыт (IX ғ.)
IV. Құрманғазының Динамен алғашқы кездесу көрінісін назарларынызға ұсынамыз.
Құрманғазы: -Ассаламәлейкум!
Үй иесі: Кіріңіз, жоғары шығыңыз! Шайға келіңіз! Қай жақтан келе жатырсыз, қандай жаңалық бар, елде не көрдіңіз, не білдіңіз?
Құрманғазы: - Мен алыстан ел аралап келе жатырмын. Ел-жұртмыз аман, тыныштық. Мен бүгін сіздерге «құдайы қонақпын». (Бөлмеде Құрманғазы жалғыз қалған соң, домбыраны көріп, оны қолына алып, бір кішкене ойнайды да, содан аоң домбыраны орнына қояды. Үй иесі,
Достарыңызбен бөлісу: |