ҚОРЫТЫНДЫ
Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты-білімнің жаңа үлгісін жасап,белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту,оқу материалын қаншалықты меңгергенін бақылаудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру ,жаңа техналогияларды сабақта тиімді пайдалана білу.
Сабақты әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес. Оқыту әдісі –дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі.
Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы әдістеменің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырлуына байланысты. Ол мұғаліммен оқушының жұптаса жұмыс атқаруы. Оқу әдістері мәселесі теоретикалық әрі іс-тәжірибелік тұрғыдан өзекті мәселе болып қала береді . Оқу үдерісінің өзі, ұстаз бен оқушының қызметі ,осыған сәйкес ,оқу нәтижесі де оның шешіміне тәуелді.
Әр мұғалім мектептегі білім сапасын арттыру үшін:
Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану.
Әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру.
Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу уақыт талабы. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса,ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға, еркін ойлаушы азамат екендігіне мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
Дүниетанымы қабілеті жоғары .
Дарынды өнерпаз.
Ізденпаз ,талапты.
Ойы ұшқыр.
Еркін ойлай отырып,ойын еркін жеткізе алатын.
Өз алдына мақсат қоя білетін оқушы болып қалыптасуы қажет.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың бірнеше бағыттары көрсетілген. Олардың ішінде оқу үрдісінде келесі негізгі төртеуінің қажеттілігі басым:
- Компьютерді білімді бақылау құралы ретінде пайдалану;
- Жаңа материалды түсіндіруде иллюстративті құрал ретінде мультимедиа- технологиялар;
- Компьютерлік модельдеуді қолдану арқылы зертханалық практикумдар жүргізу;
- Өз бетімен білім жетілдіруде дербес компьютерді қолдану.
Оқытушы жұмысында білімді бақылау үшін тақырыптық тесттер қолданылады. Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдаланудың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негіздері даму үстінде. Ғылыми негізделіп, дұрыс құрастырылған тестік тапсырмаларды жүйелі пайдалану оқыту сапасын жақсартуға, оқушының бойында уақытты үнемдей білу, тез ойлау, жинақты болу және ұтымды шешім қабылдау, ойын дұрыс тиянақтау, өз бетінше жұмыс істей білу қасиеттерін қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Әрине, тест арқылы бақылауды мамандық және пәннің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес басқа да дәстүрлі (ауызша, жазбаша, т.б.) бақылау жұмыстарымен үйлестіре (ұштастыра) жүргізу қажет болады. Сонда ғана тестілеу әдісінің оқытудағы тиімділігі арта түседі. Пән, нақты тарау және тақырып ерекшеліктеріне және оқушылардың бүгінгі білім деңгейіне сәйкес тестілеудің әртүрлі формаларын пайдаланылатын болсақ, соғұрлым оның оқыту және білім алу сапасына тигізетін оң нәтижелерінің қомақтылығы көріне бастайды. Сонда ғана тестілеудің артықшылықтары, тиімді мүмкіндіктері ашыла түсетін болады, бақылау және бағалаудың обьективтілігі міндетті түрде қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде оқыту және білім алу сапасының деңгейі едәуір жақсара түсетіндігі сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |