Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Дәрілік мал өнімдері мен хайуанаттар ағзасы



бет15/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Дәрілік мал өнімдері мен хайуанаттар ағзасы.

Алакүлік||Күлік. Қоңыздың бүкіл денесі дәрі болады, дәрілерге қосылады.

Ара балы. Асқазан, жеңіл күйік, қан қысымы жоғарылау, улы жәндіктер шағу, іш қату, сыздауыққа пайдасы бар.

Ара ұясы. Қол-аяқтың жансыздануы, таз ауруы, тері қышымасы.

Айран. Қаназдыққа, әлсіздікке, қан қысымы ауруына, ұйқы қашса.

Алақоңыз. Малдың қанын сорып қоректенетін бүрге тәрізді жәндік. Бел, аяқ қақсағанда, бітеу жараның аузын ашу үшін, зиянды жәндіктер шағып ісінгенде.

Аю еті. Кекіру, асқазанның қыжылдауы, жұмыршақ ауруына бір кесек аю етін ұсақтап турап, өз майына қуырады. Үстіне су құйып пісіреді.

Аю майы. Аюды атып алғаннан кейін, іш майын ерітіп, ыдысқа құйып алады. Буын ауруы, жұмыршаққа жел байлану.

Аю өті. Балалардың шошымасы, балалардың жөтелі, сандырақтау, шиқан.

Балық. Мешел балаға сылайды, жалатады, іш өтуде балықтың сорпасын ішкізеді.

Бауыр. Кешке көзі көрмейтін аурулар, тіс қақсағанда, судан қорқатын адамдарға (иттің бауырын жегізсе), ұстамалы талма ауру (есектің бауырын жесе).

Мәйек. Жаңа төлдеген үй жануарларының жұмыршағынан алынатын уыз сүт. Мұрыннан қан тоқтамау, талма ауруы, улы жәндіктер шағу, іш сүзегіне ішеді.

Сүлік. Сүліктің барлық денесін дәріге пайдаланады. Қан ұю, сыртқы жараның қанауы.

Бие. Жылқының құлындайтын ұрғашысы. Ұрып-соғудан бас-аяғы жарақаттанып ұзақ қасірет шеккен науқасты ту биені сойып жіберіп, ыстық терісіне ораса, тез айығады.

Борсықтың еті. Нәрестенің желден іші кебу, көкжөтел, іш кірнесі.

Бөкеннің мүйізі. Бас ауруы, талмадан қол-аяқтың сіресіп тартылуы.

Бұғының жас мүйізі. Белсіздік, қаназдық.

Бұғының қу мүйізі. Бұғының түлеп түскен, кепкен мүйізі. Көкбауыр ауруы. Мүйізін күйдіріп, күлін ұнтақтап ішеді.

Бұғының шыбығы. Әйелдердің бел-аяғы қақсау, бала көтермеу.

Бұғы тұяғы. Бұғы аяғының тұяғын тазалап алады. Сыртқы жараның қанауына үгітіп күлін себеді.

Дала кептерінің қаны. Көкжөтелге кептерді ұстап алып қанын ыстықтай ішкізеді.

Ешкі мүйізі. Бала шошымасына ешкінің мүйізін өртеп, күлін баланың денесіне жағады.

Жарғанат. Құлағы, еті, миы, құмалағы дәрі болады. Безгек, көздің ағы, қуық тұтылу, сал ауруы, жөтел.

Жауынқұрт. Жоғары қан қысымы, құлақтан қан аралас ірің ағу.

Жолбарыс. Ірі жыртқыш хайуандардың бірі бола тұрса да, қазақтың халық емшілері оның көптеген дене мүшелері мен ағзаларынан дәрі-дәрмек жасап, көптеген ауру-сырқаудың түрлерін емдеуге пайдаланып келген. Жүрек айнып, құсу, күйік, талма ауруы, тізе буынның ісіп ауыруы.

Жылан қабығы. Қабығы, терісі емге қолданылады. Есекжем, тілі шықпау, тұтығу.

Жылқы. Жылқы өнімдерінің барлығы дерлік емдік шипалық қуаты бар. Қиюласпаған сүйектерді бітістіру, сырылдақ демікпе, ұмытшақтық, шашты қарайту.

Орман кептері. Ақтаңлақ ауруы, көп ықылықтау, қол-бастың қалтылдауы.

Жұпар кіндігі. Маралға ұқсайтын жануар. Кіндігінде жұпар қалтасы бар. Естен тану, тіл күрмелу, тіс қақсау, іштегі өлі баланы түсіру.

Кезқұйрық. Құс. Тұяғы емге саналады. Бас айналып, көз қарауытуға.

Кесіртке. Талма ауруына кесірткені ұстап, отқа қақтап кептіріп, талқандап жегізеді.

Күбір||Майқоңыз. Қоңызды ұстап алып кептіреді. Жараға, теңгеқотырға жараның аузына талқандалған қоңыздан себеді.

Кірпінің терісі. Жүрек айну, мақау ауруы, таз жарасы.

Қарақұмырсқа. Улы болады. Улы жәндіктер шаққанда.

Қарашегіртке. Белсіздік, шыжың.

Қойдың ені. Бүйректің қызметін жақсартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет