Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Халықтық медицинада қолданылған әдіс-тәсілдер



бет17/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

1.2.2. Халықтық медицинада қолданылған әдіс-тәсілдер
Даму жолдары сан ғасырлық көне Қытай мен Үндістан, Тибет халықтары медицинасы жеткен жетістіктерге жетпегенмен де, қазақтың халық медицинасының өзіндік сара жолы бар. Жалпы, медицина деген ұғымнан, бүгінгі ғылыми медицина жетістігінен хабарсыз қазақ емшілері аурулардың барлық түрлерімен емдеу әрекеттерін «Қара емдер» деген бір ғана ұғымға жатқызған.

Бел тарту. Босана алмай қиналған әйелге көрсететін пайдалы көмектің бірі. Ол үшін босанатын әйелдің ту сыртынан қапсыра құшақтап, арам шеміршектен төмен қарай сылай тартып, баланың тууын тездететін. Бұл көмек балаға зақым келмейтіндей еппен орындалатын. Ал баланың басы қисық жатса, тәжірибелі кіндік шешелер әйелдің ішін қойдың құйрық майымен сылай отырып, сыртынан түзейтін.

Қол салу. Бел тарту әдісі көмектеспеген жағдайда жатырға «қол салу» арқылы баланың сыртқа шығуына көмектесетін босандыру тәсілі.

Үшкіру. Кейде «дем салу» дейді. Үшкіруші немесе дем салушы науқастың жанына отырып, оның жағдайын байқағаннан кейін белгілі бір аятты сыбырлап айта, аурудың бетіне үрлейді. Мысал: Сапарғалидың тамырын ұстап, үшкіріп дем салды (Бектұрғанов).

Ұшықтау. Мұны ыстығы көтеріліп, басы сырқырап ауырып жатқандарға қолданады. Кешке, күн бата бастағанда немесе таңертең, күн шыға бастағанда жүргізеді. Емші ештеңеге көңіл бөлмей, жайбарақат отырған науқастың бетіне сумен кенеттен қатты бүркіп жібереді. Ұшықтаудың бірнеше түрлері бар: жалғызұшық сумен ұшықтау, қазанұшық, жерұшық. Жерұшық немесе аптау қорыққан адамның төсін алақанмен ұрып, жерге алақанын соғып «Мен көтере алмасам, қара жер, сен көтер» деп үш мәрте қайталайды. Жығылған адамның бір жері қатты ауырып қалса, сол жерге «кет, пәлекет, кет, ұшық-ұшық» деп ұшықтайды. Ұшықтаушы адам кесеге дайындалған тұз, күл араластырылған суық суды аузына ұрттап алып, аурудың бетіне қарсы үпіреді. Бұл жалғызұшық немесе сумен ұшықтау емі деп аталады. Қазанұшық тәсілінде отта қызып тұрған қазанға емдеуші адам ауруға байқатпай су бүркіп, шыжылдаған дауысы ауруға әсер етеді дейді. Бұл емнің «ұшықтау» деп аталатын себебі: халық емшілерінің түсінігінше, «ұшық тию» деген ауру бар. Дұрыс сақталмаған, қалай болса солай ішілген ас ұшық тигізеді деп түсіндіреді. Ұшық шыққаннан кейін сырқат тәуір бола бастайды. Осы себептен ыстығы көтеріліп, сүйек–сүйегі, басы сырқырап ауырып жатқан адамды тезірек айықтыру үшін ұшықтайды. Мысал: Үйіне әкеп, ұшықтап кіргізіп, төсекке жатқызды (С.Мұқанов).

Қақтыру. Бұл ем «қағынды» деген ауруды емдеу үшін қолданылады. Ертеде «қағынды» деп ұзаққа созыла бастаған, әрдайым ыстығы көтеріліп, әлсіреуге жеткен, шамасы мүшкілдей бастаған науқастардың ауруын атаған. Сырқаттың «қағынды» делінуі бұған ұшыраған адамды жын-шайтандардың соғуынан шығады деп түсінуден. Ауру адамды тоқылған шимен қоршайды. Ешкіні бауыздап, оның терісін де сыдырмай, өкпесін тез алып, қаны сорғалаған күйі сырқатты қоршап қойған шиге: « Ем бол, ем бол, шипа бол! » - деп бес немесе жеті рет қаққылайды. Өкпені шиге қаққылап болғаннан кейін, аурудың үстіне көрпе, камзол, шапан, орамал, қол орамал жабады. Малдың өкпесі қарайып, науқас терлей бастаса, ол емнің қонғаны деп есептеледі.

Көшіру. Бұл ем сырқаттың бойындағы ауруды басқа жаққа ауыстыруға бағытталған. Әдетте, не қара қой, не сары ала ешкіні сойып, оның сүйектерінен етін сылып алып, пісіріп, халыққа таратады (ауру адам мен бақсы бұл еттен жемейді). Ал басқа сүйектерді теріге орап алып, ауруды далаға апарып, ошақ қазып, екі үңгір жасап одан ауруды ары-бері өткізіп, үйіне алып қайтады. Теріге оралған сүйектерді сол жерге тастап кетеді. Емнен кейін ауру адамның киімін бақсыға береді. Бұл жөнінде Ш.Уәлиханов: “... все шаманские обряды, понятия, легенды, столь тесно соединенные с бытом кочевым, сохранились у киргиз в совершенной целости и представляют богатый материал для исследования среднеазиатских древностей” деп жазған [26;244].

Науқас адам түйенің жілігін кеудесіне қысып, салқын суға үш рет сүңгиді. Үшінші рет сүңгігенде, науқас сүйекті түбінде қалдырып кетуі тиіс. Сонда ауру түйенің жілігіне көшіп, су астында қалады-мыс. Аурудан құтылудың тағы бір әдісінде науқас адам қара сиырдың жатқан жеріне аунауы немесе қой арасына жатып ұйықтауы тиіс. Сонда ауру оның бойынан малға көшеді-міс. Науқас адам малдың қу басын қызыл бояумен бояп алып, жолға шығып, алдынан біреу кезігіп қалса, басты тастай салып қашады, сонда ол ауру баспен бірге қалады.

Күләпсан, (қотыр) көшер болсаң, қалаға көш!

Қаланың іші толған шанаға көш!

Таппасаң онан жайлау мен айтайын

Қалада көзі шегір балаға көш!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет