Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Адамның дене мүшелері мен ағзалары



бет20/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Адамның дене мүшелері мен ағзалары.

Адам денесінен өсіп шығатын және одан бөлінетін заттардың атаулары.

Адам биологиялық жанды организм болғандықтан оған физиологиялық

тұрақты алмасу процестері тән. Осыған байланысты адам денесінен және оның әртүрлі дене мүшелері мен ағзаларынан физиологиялық, психологиялық, моральдық себептерге байланысты әр алуан органикалық заттар (қою, қоймалжың, сұйық, құрғақ, иіс, жел түрінде) ұдайы денесінен бөлініп отырады.

Бұл заттардың барлығы тілімізге өзіндік атаулары бар, өздеріне қатысты көптеген ұғымдарға байланысты кең түрде қолданылады. Тек кейбіреулері ғана (боқ, сідік, тоңғақ, былазық, былшық) қалыптасқан әдептілік нормасына байланысты кез келген жерде ашық айтыла бермейді. Алайда, қажетті жағдайларда ондай сөздер мен оларға қатысты процесс атаулары (тышу,сию, құсу) тіліміздегі басқаша айтылатын эвфемистік, перифразалық баламалары (дәрет сындыру, үлкен дәрет, кіші дәрет, түзге отыру, іш өту) арқылы берілетіні белгілі.



Айлық. Етеккір, қонақ.

Бауыр. Адам организміндегі көлемді безді ағза болып табылады. Бұл атау ағзаны кем дегенде алты ғасырдан бері осылай бейнелеп келеді. Бұл сөдің төркінін дәл пйымдау әзірше мүмкін емес, оны табиғи ұлттық сөзжасам негізінде пайда болған киелі сөз өрнегі деп қабылдау лазым. Мүмкін адамға бауыр ең қажетті өмірлік ағза болған соң осылай аталып, қазақтардың өз туыстарын «бауырым» деуі де осыдан шығар. [10;22]

Безеу. Әртүрлі себептерге байланысты адамның бетіне іріңдеп шығатын уақ бөртпелер. Безеу бет. Беті безеу-безеу болып кеткен жас. Бетін безеу басу [қаптау]. Бетіне безеу шығу, безеу қаптап кету.

Боқ. Нәжіс, адамның үлкен дәреті. Адам – бір боқ көтерген боқтың қабы, Боқтан сасық боласың өлсең тағы (Абай). Адам – биологиялық организмдердің бірі, өлсе – бұзылып, іріп, шіріп кетеді. Боғауыз. Әдепсіз, былапыт, бейпіл сөз. Боғымен жасты. Тым жас. Боғын боталы түйе ету. Түкке тұрмайтын затын әлдеқандай етіп көрсету, пұлдау. Боғы ботқа, сідігі сірке. Адам шыдап болмайтын лас, кір, былғаныш. Боғын бытқырту. Бір істің мәнісін түсінбей, әбден шатастыру, бас-аяғын араластырып, былықтыру. Боғын пышақтау. Қатты ашулану, ыза болу. Боғы сұйылу. Басы дұрыс болғанмен аяғы қожырап кету, берекесі кету. Боқ басу. Адасу, жаңылу. Әдепсіз аяқ боқ басады. Көзіне қарамаған аяқ боқ басады деген мағынада. Боқ басында. Берекесіз іске бола, береке таптырмайтын, абырой бермейтін істің үстінде. Боқ жеме. Аузыңа келгенін айтып көкіме. Даудың басы «боқ жемеден» басталады. Бәлендей бір зілді, ауыр сөз болмаса да, ерегес кейде «боқ жеме!» деген жай ескертпеден де шығып кететін жайттарды аңғартып тұр. Боқ көру. Менсінбеу, жек көру. Өзінің боғын көрмей, біреудің шоғын көріпті. Өз басының үлкен кемшілігін көрмей, басқаның болар-болмас кемшілігін сөз етуге байланысты айтылады. Боққа тұрмайды. Түкке тұрмайды, елеусіз. Боқ қыштау. Ұлы дәретке барғысы келу. Боранды күні боқ қыштайды. 1. Далада боран соққан кезде қасарысқандай адамның сыртқа шығып, түзге отырғысы келетін әдеті бар. 2. Жауапты іске кіріскенде, қасақана, екінші бір болмашы істің көлденең тұруы. Боқмұрын. Түкті де түсінбейтін жас бала. Боқтан өзгенің бәрін сөз ету. Көп сөйлеу, бос сөйлеу, мыжу, мылжыңдау. Боқтасу. Бір-біріне боқтық сөз айту, балағаттау. Жығылғаным қыздың боғы болсын! Бұл бойдақ салтын құрып жүрген жігіттің тайып жығылып жатқанда «жығылсам да, арман еткен қызымның нәжісіне жығылсам игі еді!» деп, өз көңілін өзі жұбатқаны. Болар бала боғынан. Болатын бала жастайынан-ақ белгілі болады деген мағынада. Білген боғын жей берсін. Боқтай берсін, балағаттай берсін. Біреудің боғын ақтару. Былығын шығару, кемшіліктерін көрсету. Деспе, дескен соң боқ жеспе. О баста бір істі бастаймыз, өйтеміз, бүйтеміз деп өзара келіспе, ал келіскен екенсің, анау-мынау сылтау айтып, уәдеден тайма. Дүние –боқ. Дүние – тіршілілікте ғана дүние, өлсең, оның түкке де керегі болмай қалады. Есекті отқа айдасаң, боққа қашады. Ақымаққа жақсылық ойласаң, кері шегінеді. Жау кеткен соң қылышыңды боққа шап. Болары болған соң, босқа әуре болғанның қажеті жоқ. Қарғамен құда болсаң, жегенің боқ. Кіммен жақындасып, жолдас болсаң, соның істегенін сен де істейсің демекші. Құйысқанға қыстырылған боққа ұқсау. Реті келсе де, келмесе де әр іске килігіп, араласа беру. Мұрынбоқ. Әлі өсіп жетілмеген, түкті де түсінбейтін бала деген мағынада. Хан жарлығынан да боқ жарлығы жаман. Хан жарлығы мен табиғи қажеттілік (дәретке отыру) салыстырыла келіп, алдымен орындалатыны – табиғи қажеттілік деген ой айтылған.

Бөртпе. Адамның бет-аузына, денесіне бүршіктеніп, бөртіп, қызарып шығатын, сыздап, не қышып, адамның мазасын алатын аурулардың бір түрі. Бөртпені кейде қазақтар қышыма, қотыр, есекжем сияқты індет аурулардың бірі деп қарап, оған қарсы неше түрлі ем-дом қолданылады. Кейде бөртпенің кішігірім түрін бөртік деп те атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет