Мектепке дейінгі оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру, оқу-тәрбие жұмысын басқарудың ең маңызды бөлімі – жоспарлау. Жоспар түрлері, оның ерекшеліктері, құрылымы, мазмұны мен құрастырудың тиімді жолдары. Жылдық, айлық, күнделікті жоспар, тәрбиеші-педагогтардың календарлық, тақырыптық, күнделікті жоспарлары. Пікір сайыс - әлдебір даулы да өзекті мәселені ашық талқылау. Қатысушылардың алдын-ала даярлығы. Пікір сайысты өткізу әдістемесі, оған басшылық. Қатысушылардың құқығы, оған қойылатын талаптар, ережелер. Дөңгелек үстелдің мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылаудағы маңызы. Өткізу әдістемесі мен қойылатын талаптар. Іскерлік ойынның тиімділігі, құрылымы. Ойынға қатысушылардың қарым-қатынас ерекшелігі және оған қойылатын талаптар. Іскерлік ойындардың мазмұны мен өткізу әдістемесі. Семинар – тәрбиеші педагогтардың білім дәрежесін және ғылыми теориялық деңгейін көтеру үшін ұйымдастырылуы. Әдіскердің семинарға дайындығы және ұйымдастыру әдістемесі. Семинарды өткізуде қолданылатын әдістер мен тәсілдер. Семинарлар түрлері. Әдіскердің және педагогикалық ұжымның даярлығы Педагогикалық кеңес – мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі бағыттағы сұрақтарын талдап шешеді. Педагогикалық кеңеске даярлық. Педагогикалық кеңесті өткізуге қолданылатын тиімді әдістер
Мектепке дейінгі оқу-тәрбие бағдарламасы. Бағдарлама – мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеудің мақсат, міндеттерін және мазмұнын айқындайтын құжат. Мектепке дейінгі балаларға білім беру стандарты және тұжырымдамасы. Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасының қалыптасу тарихы. Балаларды мектепалды даярлау бағдарламасы. Бағдарлама құрылымы, ерекшелігі
Достарыңызбен бөлісу: |