КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Ең қарапайым желі (network) өзара кабель арқылы қосылған екі компьютерден тұрады. Бұл оларға
деректерді ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Барлық желілер (олардың күрделілігіне қарамастан) осы
қарапайым принципке негізделген.
Компьютерлік желілер деректерді ортақ пайдалану қажеттілігінен туды. Дербес компьютер − құжаттарды
құру, кестелерді даярлау, графикалық деректер мен ақпараттардың басқа түрлерінін өңдеудің таптырмас құралы
бола тұра, сіз өз ақпаратыңызбен басқа адамдармен бөлісе алмайсыз. Желіге дейін барлығы автономды ортада
жұмыс істеген.
Анықтама.
Желі
– деректер алмасуын қамтамасыз ететін арнайы аппаратураның көмегімен қосылған
компьютерлер тобы.
Анықтама. Желінің атқаратын қызметі
– бір фирманың аумағында немесе одан тыс ресурстарды
ортақ пайдалануды және интерактивті байланыс орнатуды қамтамасыз ету.
Желіге қосылған компьтерлер келесілерді ортақ пайдалана алады:
-
деректер;
-
принтерлер;
-
модемдер;
-
басқа құрылғылар.
Деректерді ортақ пайдаланудың жаңа тәсілдерінің пайда болуына байланысты, келтірілген тізім үнемі
толықтырылып отырады.
Анықтама
.
Ресурстар дегеніміз
– деректер, қосымшалар, сыртқы құрылымдар (дискжетек, принтер,
тышқан тетігі, модем және басқалар).
Алғашқыда компьютерлік желілер оншақты компьютерлерді және бір принтерді біріктіретін кішігірім
жүйе болатын.
Анықтама.
Интерактивті байланыс дегеніміз
– нақты уақыт аралығында хабарламалармен алмасу.
Анықтама.
Жергілікті желі
– жоғарғы жылдамдықтағы адаптерлер арқылы желіге қосылған өзара
жақын (бөлме, ғимарат, жақын ғимараттар) орналасқан компьютерлер тобы.
Достарыңызбен бөлісу: |