3
стандарт құқығына ие болған хаттамалар стегі TCP/IP-ді қолдайтын, заңды желілік түйіндер түрінде қайтып келе
бастады.
Жергілікті және ауқымды желілерге бірдей қатысты тағы бір маңызды тенденция пайда болды. Бұрын
есептеу желілерінде
өңделіп көрмеген дауыс, видеокескіндер, суреттер түріндегі ақпараттар таратылып, өңделе
бастады. Мұның өзі хаттамалар, желілік операциялық жүйелер мен коммуникациялық жабдықтар жұмыстарына
өзгерістер ендіруді талап етті. Мультимедиялық ақпараттарды желі бойынша жіберудің күрделілігі
деректер
пакеттерін жіберу кезіндегі кідірістерге деген желінің сезгіштігіне қатысты. Себебі кідірістер желінің соңғы
түйіндерінде ақпараттардың бұрмалануына соқтырады. Файлдарды тарату электрондық пошта сияқты есептеу
желілерінің дәстүрлі қызметтері кідірістерді аз
сезетін трафик құратындықтан, желінің барлық элементтері
соларға сәйкестендіріліп таңдалған, сондықтан да нақты уақыт трафигінің пайда болуы үлкен
проблемаларға
әкеліп соқтырды.
Бүгінгі таңда бұл проблемалар әртүрлі жолдармен шешілуде, солардың бірі − әртипті трафиктерді жіберуге
негізделген ATM (Asynchronous Transfer Mode) технологиялар. Жергілікті
және ауқымды желілердің
технологияларының қосылуы ғана емес, кез-келген ақпараттық желілердің − есептеу, телефон, телевизиялық
тағы басқа технологиялардың қосылуына жету мақсатында жасалатын істер
әлі алда және проблемалар
жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: